Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.
Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын
зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы
мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
5. Педагогика ғылымы мен практиканың өзара қатынас мəселесі, олардың өзара байланысы — педагогиканың ең жалпы, ғаламдық мəселесі. Ол мəселенің шешілуі педагогика ғылымының дамуы мен педагогикалық инновациялардың сапасына, сондай-ақ білім беруді қайта құрудың жетістігіне (табысы), ең соңында білім беру жүйесінің тиімділігіне де байланысты болып келеді.
Білім берудің əлеуметтік қызметі іске асып жатқан педагогикалық практика ғылыми негізделген болуы керек, осы практикаға байланысты теориялық жұмыс бұдан əрі дамытылуы тиіс. Біздің уақытымызда оқыту мен тəрбиенің осы жəне басқа түрлерінің, əдістерінің, құралдарының мүмкін бо- латын тиімділігін «көзбен мөлшерлеп» анықтауға болмайды. Педагогика ғылымы оқу үрдісіне ендірілетін жаңа əдістерді, оқу материалдарын жəне т.б. нəтижелерін алдын ала көріп білу тəсілдері туралы білімді береді. Ал практикалық қызметкерлердің əрекетіне нақты ғылыми негіз қажет.
Педагогтар арасында əрбір педагогикалық зерттеу оқытушының барлық жұмыстарының нақты қиындықтарын ескеріп, əрбір оның қадамын «тəптіштеп» жазып көрсетуге бағытталу керек деген пікір бар. Бұл көзқарасқа сəйкес кез келген дидактикалық немесе əдістемелік зерттеу университеттегі тікелей жұмыс үшін жасалымдар, ұсыныстар белгілеуі қажет, ал оқытушының міндеті осы ұсыныстарды дəл орындауға тірелуі керек . Мұндай жасалымдар оқытушының белсенділігі мен шығармашылығын шектейді, ал ғылым болса, педагогикалық үрдістің мəні жəне бала психикасының даму заңдылықтары туралы білім беруі керек, ал оқытушы болса, бұл білімді қалай қолдану керектігін біліп алады, өйткені оның шеберлігіне бəрі байланысты болып табылады.
Орындаған: Бегімбек Аигүл Қуатжанқызы
Достарыңызбен бөлісу: |