1.6 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау.
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4.
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті.
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Достарыңызбен бөлісу: |