Семинар сабақтар 5 сағ. ОжсөЖ 15 сағ. Емтихан сем. Барлығы 30 сағ. Орал, 2010 жыл


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



бет37/37
Дата12.09.2020
өлшемі403 Kb.
#63727
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра: қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы

Тьютор: Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы

(аты-жөні)

Пән: Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

(пән атауы)

Кредит саны: 1






Әдебиет атауы

Барлығы

Ескерту

Кітап-ханада

Кафе-драда

Магитранттардың қамтылу пайызы

%


Элек-тронды түрі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Алкебаева Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы. Ф.ғ.д. дисс. автореф. А., 2005.

1














2.

Айғабылұлы А.

Қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1995


10













3.

Аханов К.

Грамматика теориясының негіздері: Оқулық. Алматы, 1996



40













4.

Ахметова М. Суреттеу мәтінінің құрылымы: автореф. А., 2002



3











5.

Балақаев М., Серғалиев М.

Қазіргі қазақ тілі. Алматы: 1996



10













6.

Балақаев М

Современный казахский язык: Синтаксис простого предложения: Учеб. Алматы: Ана тілі, 1992



50













7.

Балақаев М., Қордабаев Т.

Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы: Оқулық. Алматы, 1961



34













8.

Балақаев М., Жанпейісов Е., Манасбаев М., Томанов М.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.


50














9.

Бүркіт О. Қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі. – А., 2001.

20














10.

Қалиұлы Ғ., Болғанбайұлы Ә.

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы Алматы: Санат, 1997



6













11.

Қазақ грамматикасы - Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис Астана, 2002

10













12.

Қазақ тілі энциклопедия. А., 1998.


5













13

Николина Н.А. Филологический анализ текста. М., 2003.

10














14.

Оразбаева Ф.Ш Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – А., 2000.

12













15.

Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г, Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ т.б. Қазіргі қазақ тілі. – А., 2005.

4














16

Пленкин Н.А. Изложение с языковым разбором текста. М., 1988.

4














17.

Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. А., 2002.

2














18.

Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. –А., 1970.




5











19

Сыздықова Р., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. А., 1989.


14














20.

Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

10














21.

Шанский. Лингвистический анализ художественного текста. М., 1990

10















3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі






Жұмыс түрі


Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

8 апта


11 апта

15 апта


2 (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама, мәтін

2

МОӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 8 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

МОӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

2


Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Емтихан

Білімді кешенді тексеру










Тест



4. ГЛОССАРИЙ

КМЛТ пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)
Абзац (нем. Absatz шегініс) – 1) баспа не қолжазба мәтіннің алғашқы жолындағы шегініс, азат жол. 2) Автор ұстанымы тұрғысынан, графикалық түрде айқын бөлшектеніп тұратын мәтіннің композициялық-стилистикалық бөлігі.

Адресант (нем. Adressant –жіберуші) ор. адресант1. Сөйлеуші, бір тілде қарым-қатынас жасау кезіндегі екінші бір жақ 2. Қарым-қатынас кезіндегі компоненттің бірі 3. Хабарды, айтылымды т.б. тудыратын, жіберуші жақ, хабарлаудың және эмотивті, донативті іс-әрекеттің субъектісі.

Адресат (нем. Adressat –қабылдаушы) ор. адресат1. Тыңдаушы, сондай-ақ бір тілде қарым-қатынас жасау кезіндегі аудитория 2. Қарым-қатынас кезіндегі компоненттің бірі 3. Хабарлау, эмотивті, донативті іс-әрекет бағытталатын жақ.

Айналмалы тұтасымдар (ор.кольцевые, рамочные) күрделі фразалық тұтасымның басқы және соңғы сөйлемдерінің немесе лексикалық бірліктердің қайталанып қолданылуы.

Анафора (грек. anaphora ana – кейін, қайтадан + phoros алып жүруші, нем. anapher – бірыңғай басталуы) – 1. Қайталау арқылы жасалатын стилистикалық сөйлеу айшығы. Мәтіндегі әр жол немесе әр тармақ бірыңғай тілдік бірліктерден басталып отырады (дыбыс, сөз, морфема, сөйлем т.б.). 2. Бұрын және алдында айтылған ойға сілтеме жасайтын түрлі амал-тәсілдер (есімдік, қайталау, перифраз т.б.)

Әңгімелеу (ор. повествавание)композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Әңгімелеуде мезгілдегі оқиғаның дамуы, құбылыстардың бірін-бірі ауыстыруы баяндалады.

Байласым – күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдермен ұйымдасуы, мәтіндегі бірліктердің байланысы.

Дейксис (грек. deixis –сілтеме) тілдік құралдармен берілетін сілтеме, орнына жұмсалып отырған тілдік бірліктің мағынасына немесе қызметіне нұсқайды (есімдіктер, үстеулер, есімдік пен шылау, есімдік пен мекендік, мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер).

Дискурс (фр.сөйлеу) ор. речь, выступление1.Қатысымның табысты жүзеге асуына тән тілден тысқары (әлеуметтік, мәдени, психологиялық) фактілерді ескере отырып, жан-жақты, толықтай қарастырылатын сөйлеу, нақты мәтін 2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т.б. белгілерге сәйкес ұйымдасуы.

Жарыспалы байланыс – тұтасым құрамына енетін сөйлемдердің синтаксистік құрылысының, предикат мүшелердің, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің бір-бірімен сәйкес келіп қайталануы арқылы жүзеге асады. Сөйлемдердің бірі екіншісіне бағынбай, өзара тең дәрежеде байланысуы.

Композициялық-сөйлеу формалары (компазиционно-речевые формы) - екі жақты құрылым, біріншіден, ойлаудың бір түрі, яғни ойлау әрекетін жүзеге асырады, екіншіден, сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады. Композициялық-сөйлеу формалары - әңгімелеу, суреттеу (сипаттау), пайымдау (ойталқы).

Көлемдік-прагматикалық мүшелену – бөліктердің көлемін, оқырманның назар аударуын ескере отырып мәтінді бөлшектеу: том, кітап, бөлім, тарау, тарауша (араб сандарымен көрсетіледі), бөлектеу (бірнеше жол қалдырылып барып жазылады), абзац, күрделі фразалық тұтасым.

Көркем мәтін – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасаудың, оны танып білудің эстетикалық құралы. Оның өзге стильдегі мәтіндерден өзгешелігі – қарым-қатынастың көркем тілдік құралдардың молынан қолданылу арқылы жүзеге асуы.

Күрделі фразалық тұтасым - бір тақырыпқа негізделіп, мағыналық тұтастыққа бірігетін дербес сөйлемдердің тізбегі.

Мәтін (текст) - латынша «textus» байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналық байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі.

Мәтін лингвистикасы – мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан қарастырады, мәтінді зерттеудің әдіс-тәсілдерін, негізгі категорияларын (белгілерін), мәтін бірліктерін, мәтін типтерін, олардың ерекшеліктерін т.б.сипаттайтын тіл білімінің саласы.

Мәтіннің тұлға-бірлігі – бірнеше сөйлемдерден тұратын тұтасым, күрделі синтаксистік тұтастық, синтаксистік күрделі бірлік, күрделі фразалық тұтасым, прозалық шумақ, фразадан үстем тұтастық т.б.

Мүшелену – мәтін белгілерінің бірі әрі қатысымның жүзеге асуының бірден-бір шарты. Мәтіннің мүшеленуінің түрлері бар: 1) көлемдік-прагматикалық; 2) контекстік-вариативтік.

Пайымдау (ойталқы) (ор. рассуждение) – композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол ой-пікірдің, бір мәселе төңірегіндегі көзқарастың динамикалы түрде өрістетіле дамуын бейнелейді.

Субститут (орынбасар) - бір сөздің де, сөйлемнің де не сөйлемдер тізбегінің де орнына қолданылып, зат, мекен, мезгіл т.б. атаулардың мағынасында қолданылады.

Суреттеу ( сипаттау) (ор. описание) композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол көркем болмыстағы заттар мен құбылыстардың қандай да болмасын бір белгісін не белгілерін бейнелейтін мазмұндық сипатқа ие.

Тақырып (ат) - Шығарма тақырыбы мағыналық тұтастықты ұйымдастыруда ерекше қызмет атқарады.

Транспозиция (лат. transpositio алмастыру, ауыстырып қою) – парадигмалық қатардағы бір тілдік бірліктің қарама-қарсы екінші бір тілдік бірліктің орнында қолданылуы.

Тұтасым (ор. Когерентность, интеграция) мәтін бөліктерінің бір тақырыпқа, шығарманың түпкі мазмұнына, ортақ ойға бірігуі.

Тізбекті байланыс – сөйлеуде ойдың бір сөйлемнен екінші бір сөйлемге үздіксіз қозғалысы нәтижесінде алдыңғы сөйлемде екпін түскен сөздің келесі сөйлемде қайталанып, өрістетілуі арқылы жүзеге асады.

Шегендеуіш (ор. Скреп)қыстырма сөздер (мәселен, әсіресе), жалғаулықты шылаулар (сондықтан, өйткені т.б.) атқарады.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Бағдарламада қарастырылмаған.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.

№1 Көркем мәтінді лингвистикалық талдау курсына кіріспе

№2 Көркем мәтінді лингвистикалық талдау курсына кріспе (жалғасы)

№3 Көркем мәтін, оның басқа мәтіндерден айырмашылығы

№4 Көркем мәтін, оның басқа пәндерден айырмашылығы

№5 Көркем мәтін, оның басқа пәндерден айырмашылығы

№6 КМЛТ курсы, нысаны, мазмұны, мақсаты, міндеті

№7 Тілдік құралдардың мәтінді ұйымдастырудағы қызметі

№8 Мәтіннің лексикалық құрамына талдау

№9 Мәтіннің лексикалық құрамына талдау

№10 Көп мағыналы сөздер. Оларға этималогиялық түсінік беру

№11 Мәтіндегі эмоциялық-экспресивті сөздер. Оларға сипаттама. (әзіл-сықақ, ирония, қарапайым, тұрпайы сөздер немесе көтеріңкі мәнде жұмсалатын сөздер).

№12 Мәтіннің фонетикалық ерекшелігін, оның мәтінді мәнерлеп оқуға қатыстылығына қарай талдау.

№13 Мәтіндегі сөздерді сөзжасамдық сипатына қарай талдау.

№14 Мәтін прагматикасы. Мәтінді қабылдау.

№15 Драмалық шығармаларға кешенді тілдік талдау



7. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Студент практикалық, семинарлық сабақтарға 1.4. Сабақ мазмұны мен кестесі бөлімінде көрсетілген тақырыптар бойынша міндетті түрде әзірленіп жүруі тиіс. Қажетті әдебиеттер де 1.4. бөлімінде көрсетілген. Пәннің теориялық мәселелерін оқу құралдарынан, қосымша ғылыми әдебиеттерден оқып, бекітіп отыруы қажет.

Көркем мәтінді тідік тұрғыда жан-жақты талдай білуге дағдылануы керек.

1.1 Ұйымдастыру талаптары:

- Тәжірибелік сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.

- Тәжірибелік сабақтардың лабораториялық жұмыстарын т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

- Тәжірибелік сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

- Тәжірибелік сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

- Тәжірибелік сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.


1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3. Әдістемелік талаптар:

- Пратикалық сабақтар арасындағы логикалық байланысты қамтамасыз ету.

- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.

Әдістемелік нұсқау келесі әдебиеттерде көрсетілген:

1. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1983.

2. Ахметова М.К. Суреттеу құрылымы (қазақ көркем прозасының материалдары бойынша) КДА., А., 2002.

3. Әзімжанова Г. Көркем мәтін – сөйлеу тілін зерттеу көзі. // ҚазҰУ хабаршысы. №5 (77). А., 2004.

4. Әмірев Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977.

5. Белбаева М. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. А., 1988.

6. Гальперин И. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981.

7. Жұмабекова А. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. А., 2000.

8. Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. А., 1968.

9. Қоңыров Т.Қазақ теңеулері. А., 1978.

10. Брандес М.П. Стилистический анализ. – М., 1971. – 190 с.

11. Гришина О.Н. Соотношение повествования, описания и рассуждения в художественном тексте. Автореф. к.ф.н. – М., 1982. – 20 с.

12. Жумагазиева С.Х. Функциональные стили и типы текстов. // Вестник КазМУ. №7(79). – А., 2004. с. 17-20.

13. Нечаева О.А. Функционально-смысловые типы речи (описание, повествование, рассуждение). Автореф. д.ф.н. –М., 1975. – 48 с.

13. Реферовская Е.А. Лингвистические исследования структуры текста. – Л., 1983. – 215 с.

8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Бағдарламада қарастырылмаған.


9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

СӨЖ-дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ оқытушының қатысуымен /СОӨЖ/ аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс /СӨЖ/ сабақтардан тұрады.

Студенттің өзіндік жұмыстарына мыналар кіреді:

- Өткен дәріс материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.

- Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.

- Үй тапсырмаларын орындау.

- Семестрлік тапсырмаларды орындау.

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:

- Дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.

- Тақырыпты толық меңгерге шейін студенттермен жұмыс істеу.

- Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтер еңгізу.

- Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесті дәрісте міндетті түрде талқылау.

8. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Сөйлеуде берілетін хабардың неше түрі бар?

а). 2.


ә). 1.

б). 3.


в). 5.

г). 6.
2. Тіл білімінде лингвостилистика ғылымының негізін қалаған кім?

а). Ш.Балли.

ә). Л.Щерба.

б). В.Виноградов.

в). Г.Винокур.

г). А.Гвоздев.
3. Көркем сөз шеберлері «Ой толқынын, сезім ырғағын, психологиялық тартыс пен тайталасты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айытқысы келеді» деп айтқан кім?

а). М.Әуезов

ә). М.Балақаев

б). А.Ефимов

в). Ғ.Мүсірепов

г). Б. Хасанов


4. Эпифораны көрсетіңіз

а). Мұнар да мұнар, мұнар күн. Бұлттан шыққан шұбар күн...

ә) Бұл да әлі тым жұқа, тым нәзік, тым қалтырауық.

б) Әлде жеке кетсін бе? Әлде жаппай сепсін бе? Болмас па екен қиындық

в) Туған жер, өскен ел, жақын жандарды сағынғанда, әр кезде жақсы жағдайда көргің келеді.

г) Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп, Қоздырып делебені, әсерлетіп.


5. Қоршаған орта, ондағы құбылыстар мен заттардың белгілі бір қалпын, күй-жайын толықтай беру үшін қолданылатын баяндау түрі.

а) Суреттеу

ә) Әңгімелеу

б) Ойталқы

в) Баяндау.

г) Пайымдау.


6. А.Байтұрсынов шығарманың баяндау қабатын нешеге бөлген?

а) 3


ә) 4

б) 6


в) 5

г) 2
7. Құрылымдық реттілік, элементтер мен тілдік тұлға- бірліктердің белгілі бір тізбек бойынша ұйымдасуы ... деп аталады.

а) Композиция.

ә) Сюжет.

б) Мәтін құрылысы.

в) Әңгімелеу.

г) Жанр.
8. Публицистикалық мәтінге қайсысы жатады?

а) Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімін күшейту жөнінде Үкіметке арнайы бағдарлама дайындауға тапсырма берді. Елбасы тапсырмасына орай бұл іс-шараны іске асыруға дайындық жұмыстары қазірден қолға алына бастады.

ә) Ортасынан қазандықпен бөлген жер үйге адам лық толып қалды. Есік жақта тілерсектері дір-дір етіп екі ешкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр. Жаурап келген әйелдер аяқтарын бір тонға орап, арқаларып пештің кабырғасына жапсыра қойыпты.

б) Қуанғандарға мақұлдауын, күресе білгенге мақтауын қосады. Аз істеп, көп қуанды ма, көп істеп аз қуанды ма, бәрібір, өмірінде босқа кеткен көп күндерін, болмашыға шашқан көп күштерін есіне алады.

в) Осы өтінімішді бере отырып, Сізден отбасылық жағдайыма байланысты қаңтардың бесінен ақпанның онына дейін кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.

г) Көркем әдебиет сөз өнері ретінде ғана танылмайды. Ол өмір қиындығын біліп тануымызға ықпал жасайтын, біздің өміріміздің эстетикалық жағын қамтитын қоғамдық құбылыс болып саналады.


9. Екі не одан да көп синтаксистік конструкциялардың лексикалық құрамы бірдей, мазмұны бір, бірыңғай синтаксистік қатынаста келіп, құрылымы әр түрлі болып, соған сай нәзік мағыналық айырмашылығы байқалатын синтаксистік параллелизмнің түрі.

а) Синтаксистік синоним.

ә) Синтаксистік байланыс түрлері.

б) Синтаксистік омоним.

в) Синтаксистік стилистика.

г) Синтаксистік антоним.


10. Диалог формасы қалай құрылуы керек?

а) Қысқа айтылуға және түсінуге қолайлы құрылуы керек.

ә) Толымды, жайылма сөйлемдерден тұруы керек.

б) Бір адамның ойы баяндалуы керек.

в) Атаулы сөйлемге құрылуы керек.

г) Риторикалы сұраулы сөйлемдерден құрылуы керек.


11. Сөйлеуге қатысушы екі адамның тез түсінісуі сөйлеудің өту жағдайына, дауыс ырғағы интонациясына және басқа неге байланысты?

а) Дене қимылдарымен тікелей байланысты.

ә) Айтушының көңіл күйіне байланысты.

б) Сөздің өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тәсілмен жеткізілуіне байланысты.

в) Тақырып аясының кеңдігіне байланысты.

г) Дыбыс созылыңқылығымен, кей морфемалардың түсіріліп айтылуымен байланысты.


12. Автор - мәтін –– оқырман байланысының мағынасы не?

а) Автор оқырманға бағытталған мәтінді шығарады.

ә) Оқырман мәтіннен ықпалды сезіне отырып, автордың шығармашылық ойын түсінуге және соған бойлай енуге тырысады.

б) Автор тілдік жүйе байлығының ішінен өзінің түпкі ойын жеткізетіндей тілдік амал-тәсілдерді сұрыптап алады.

в) Автор мәтінде көрініс табатын болмыстағы фактілерді, түрлі құбылыстарды, жағдайларды, түрлі көңіл-күйлерді т.б. өзіндік даралық «әлемдік тілдік бейнесін» арқылы саналы түрде бейнелейді.

г) Оқырман тұтастай автордың әлемдік бейнесін елестетуге талпынады


13. Автор – болмыс – мәтін байланысының мағынасы не?

а) Автор мәтінде көрініс табатын болмыстағы фактілерді, түрлі құбылыстарды, жағдайларды, түрлі көңіл-күйлерді т.б. өзіндік даралық «әлемдік тілдік бейнесін» арқылы саналы түрде бейнелейді.

ә) Автор оқырманға бағытталған мәтінді шығарады.

б) Оқырман мәтіннен ықпалды сезіне отырып, автордың шығармашылық ойын түсінуге және соған бойлай енуге тырысады.

в) Оқырман тұтастай автордың әлемдік бейнесін елестетуге талпынады

г) Автор тілдік жүйе байлығының ішінен өзінің түпкі ойын жеткізетіндей тілдік амал-тәсілдерді сұрыптап алады.


14. Оқырман мәтіннен ықпалды сезіне отырып, автордың шығармашылық ойын түсінуге және соған бойлай енуге тырысады. Бұл қандай құрылымдардың арасындағы қатынастарды білдіреді.

а) Оқырман – мәтін – автор.

ә) Автор – болмыс – мәтін

б) Автор - мәтін –– оқырман

в) Автор – тіл – мәтін

г) Оқырман – мәтін – тіл – автор.


15. Тегінде, адамдарды күшпен қорқытуға, еріксіз жылатуға болар. Бірақ зорлап қуандыру мүмкін емес. Ендеше, осыншама ел бір адам үшін неге дүрлікті? Қуаныштың сыры неде? Баяндаудың қай түрі?

а) Ойталқы.

ә) Әңгімелеу.

б) Суреттеу.

в) Әліптеу.

г) Диалог.


16. Егізкөлдің бергісі кішірек болушы еді, соның бар суы лықсып келіп, тас кемерінен бір-ақ ырғып түсті. Лақ етіп ақтарылды. Сарқырап жататын құлама суды көміп жіберді. Үйдей тастар гүрсілдетіп домалап келеді. Баяндаудың қай түрі?

а) Динамикалы суреттеу.

ә) Әңгімелеу.

б) Ойталқы.

в) Әліптеу.

г) Диалог.


17. Көп жамалған, көп кір сіңген сіреу дастарқан жайылды. Біз дастарқанның үстіне өзіміздің орамалымызды жайып, қаладан алып шыққан нан, қант, майымызды төктік. Осы кезде әлі де ауыл сыртында қалған еркектер де үлкендете үйге кірді. Баяндаудың қай түрі?

а) Әңгімелеу.

ә) Ойталқы.

б) Суреттеу.

в) Әліптеу.

г) Диалог.



18. Мылқау жатқан денеңнен бірдеменің аман табылғанын білу үлкен қуаныш екен. Он саусақ түп-түгел екен! Бірін-бірі бүгін ғана танығандай, аймаласып, амандасып жатқан үстінде есімді жидым. Баяндаудың қай түрі?

а) Ойталқы - әңгімелеу.

ә) Суреттеу - әнгімелеу.

б) Әңгімелеу – ойталқы.

в) Диалог.

г) Ойталқы – суреттеу.


19. Әңгімелеуді белгілеңіз.

а) Жабайы торы атын бір күн тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді. Талма түс кезінде тобылғы түбінен қоян ыршып шықты.

ә) –Пай-пай, сенің Сар-балағың құстың патшасы ғой!

б) Қайғылы әйел бір сәтте ғана, бірсәтте ғана неден жымиды? Қалың қайғыны жарып өтіп жүрегіне түсе қалған жарық елесі қайдан келді?

в) Ауыл ұйықтамапты. Алтыбақан құрулы, қыз-бозбала, үлкен-кіші бәрі сол жерде.

г) Жер сілкінген жоқ. Аспан ашық, күн төбеде қайнап тұр.


20. Көркем кеңістікті білдіретін тілдік бірліктер қатары.

а) Топонимдер, диалектизмдер, этнонимдер, мекендік үстеулер.

ә) Тарихи тұлғалардың аттары, мезгіл үстеулері, мекеме-ұйым атаулары.

б) Толымды сөйлемдер, хабарлы сөйлемдер, диалогтар.

в) Кісі аттары, мезгіл үстеулері, мекеме-ұйым атаулары.

г) Топонимдер, диалектизмдер, тарихи тұлғалардың аттары, мезгіл үстеулері.


21. Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі:

а) мәтін

ә) сөз

б) сөйлем



в) монолог

г) көп мағыналы сөз


22. Тілдік ілімге жататыны

а) лексикология

ә) текстология

б) поэтика

в) философия

г) логика


23. Автордың шығармасын оқитын оқырман немес тыңдарманды ғылыми тұрғыда қалай атайды?

а) адресат

ә) адресант

б) тұтасым

в) диалог

г) байласым


24. Арнауды А.Байтұрсынұлы неше түрге бөлген?

а) 3


ә) 2

б) 4


в) 5

г) 6
25. Жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы дегеніміз не?

а ) тақырып

ә) идея


б) образ

в) лирика

г) композиция
26. Мәтіннің дұрыс құрылуы – құрылмауы деген мәселелер қай сапасына қатысты?

а) байланыстылығы

ә) тұтастығы

б) бірігуі

в) бейнеленуі

г) суреттелуі


27. Бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ой?

а) монолог

ә) диалог

б) сөйлем

в) сөз

г) сөз тіркесі


28. Әуезе дегеніміз не?

а) әңгімелеу

ә) пайымдау

б) суреттеу

в) баяндау

г) әліптеу


29. «Кермиығым кербезім, керіскідей шандозым», Махамбеттің қай өлеңінен?

а) Тарланым

ә) Әй, Махамбет, жолдасым

б) Мұнар күн

в) Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай

г) Баймағамбет сұлтанға айтқаны


30. Махамбеттің «Тарланым» өлеңіндегі «керіскідей» сөзінің мағынасы?

а) мүйіз тұмсық

ә) керу

б) керісу

в) шандоз

г) түйедей


31. Инверсия дегеніміз не?

а) сөздің әдеттегі граматикалық түзілу тәртібінен тыс орын ауыстырып құру

ә) бір затты екінші бір затқа балау, теңеу

б) бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану

в) жансыз нәрсені жанды етіп суреттеу

г) өлең жолдарының біріңғай дауысты дыбыстармен басталуы


32. Латын тіліннен аударғанда «мәтін» /текст/ сөзі нені білдіреді?

а) байланысу, бірігу

ә) хабарлау

б) жаңа ой

в) ізбе-ізділік

г) бөлшектеу


33. Мәтіндегі тілдік тұлғаларды байланыстырушы амалдарға не жатады?

а) барлығы дұрыс

ә) қосымшалар

б) қыстырмалар

в) интонация

г) екпін
34. Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне нені жатқызамыз?

а) күрделі синтаксистік тұтастық, абзац

ә) есімдіктер, қайталаулар

б) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер

в) сөздердің орын тәртібі, қосымшалар, екпін

г) абзац, интонация
35. «Көркем тексті лингвистикалық талдау» еңбегінің авторы?

а ) Сыздықова Р, Шалабаев Б.

ә) Ақшолақов Т,

б) Ахметов З.

в) Жанпейісов Е.

г) Жұбанов Қ.


36. Ы.Алтынсаиннің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесіндегі «ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр» деген мысал қай қатарға тән?

а) тұрақты сөз тіркесі

ә) кейіптеу

б) еркін тіркес

в) әсірелеу

г) ешқайсысына тән емес


37. «Уа, дария, көкірегімнен бір тұнба ашып

Мен тұрмын ата-баба жұртын басып» деген тармақтар неше буыннан құралған?

а) 13-11 буын

ә) 12-13 буын

б) 12-11 буын

в) 11-11 буын

г) 13-10 буын



38. Интонациялық көріністі көрсетіңіз?

а) О, менің басар нық тұрағым

ә) Мен сенің серпілмеген, күніңе де, Қараймын кереметтей серпінменен

б) Басында мәңгі жатқан ақ қар бар

в) Кететін сенен шығып саған сіңіп

г) Қайғы да,мұң да менен көп табылар.


39. Баурайы мәңгі көктем заңғарлардың

Басында мәңгі жатқан ақ қары бар.

Қай қатарға тән көрсетіңіз?

а) әуендік лексикалық анафора

ә) кейіптеу

б) тұрақты сөз тіркесі

в) метонимия

г) метафора


40. Т.Айбергеновтың «Атаменкен» өлеңіндегі құбылыс түрі?

«Бәрін де мендегінің анамша ұғып,

Тұрсың ба, болашағыма алаңшы үміт

Мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын

Кететін сенен шығып, саған сіңіп»
а ) кейіптеу

ә) теңеу


б) әсірелеу

в) қайталау

г) метафора
41. Сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары негізгі арқауы бола алады?

А) стильдің

ә) мазмұнның

б) форманың

в) идеяның

г) тақырыптың


42. Монолог сөйлеу стилінің қай түріне жатады?

а) әдеби сөйлеу үлгісіне

ә) ғылыми стильге

б) жазбаша стиьлге

в) көсемсөз

г) ресми стильге


43. Тұрақты эпитетті көрсетіңіз

А) ит жанды, жылқы мінезді

ә) көңіл кірі айтса кетеді

б) бетегеден биік, жусаннан аласа

в) телегей теңіз көл көсір

г) түйе үстінен сирақ үйіту


44. Мағынасы қарама-қарсы антонимдер өзара тіркесіп, бір ұғымды білдіретін сөздер қалай аталады?

а) оксюморон

ә) анафора

б) эпифора

в) плеоназм

г) сарказм


45. Күрделі ойды баяндап, анаықтама, дәлелдемелерге негізделетін стилдің түрін көрсетіңіз

А) ғылыми стиль

ә) кітаби стиль

б) әдеби стиль

в) жазбаша стиль

г) ресми стиль


46. Көркем мітінді лингвистикалық талдауда мәтіннің белгілері шешеге бөлінеді?

а) 5


ә) 6

б) 7


в) 8

г) 4
47. Көркем мәтінді лингвистикалық талдаудағы жалпы филологиялық талдаудың неше сатысы бар?

а) 2

ә) 3


б) 4

в) 1


г) 5
48. Көркем мәтінге тілдік талдау жасау, мәтінге жазушы қолданған тілдік құралдардың мәнін ашу жалпы филологиялық талдаудың нешінші сатысы?

А) І сатысы

ә) ІІ саты

б) ІІІ саты

в) І-ІІ саты

г) ІҮ саты


49. Прозалық шығарма талдауының үшінші сатысы қандай?

а) Әр қаламгердің өзіне тән стилін айқындау

ә) мәтіндгі кейіпкердің сөйлеу ерекшелігін айқындау

б) мәтіндік, тілдік, эстетикалық талдау

в) дұрыс жауабы жоқ

г) Барлық жауап дұрыс


50. Мәтіннің бесінші белгісі

а) тақырыбы және аяқтау шегі болады

ә) байланысым және тұтасым сипатын иеленеді

б) Мәтін адресат пен адресаттың арасындағы қатысшы жүзеге аырады

в) өзара ұйымдасқан тілдік мәтіндердің жиынтығынан тұрады

г) Барлық жауап дұрыс





  1. Бұл тарау жоспарланбаған

  2. Бұл тарау жоспарланбаған

  3. Кесте бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет