Семинар сабақтары осөж сөж курс бойынша емтихан сұрақтары Тест тапсырмалары 10. Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы 1 глоссарий аффект-«жан толқуы»



бет5/7
Дата31.01.2018
өлшемі1,19 Mb.
#36747
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма:

  1. Өтініш үлгілерін жазып, бір-біріңізді тексеріңіз.

  2. Сіз жұмысқа оналаспақсыз, түйіндеме жазып, соны бастығыңызғы көрсетіңіз.

  3. Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз.

  4. Ресми-іс қағаздар стилі етістіктің қай шағында жазылады, Қай есімдік жиі қолданылады.


Жоғары кәсіби білім берудің заңдастырылу негіздері (мамандық бойынша мәтін)

ҚР үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заңы қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді.

Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:


  1. ҚР азататтары білім алуға тең құқылы

  2. Әрбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.

  3. Білімнің зайырлылығы.

  4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әр түрлі болуы.

  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

ҚР білм беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару органдары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделеді.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:



  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

  2. Бастауыш білім беру;

  3. Негізгі орта білім беру;

  4. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

  5. Орта білімнен кейінгі білім беру;

  6. Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище));

  7. Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура).

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
2. «Білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский).

« Білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі»(В.С.Безрукова).

«Білім беру - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И.П.Подласый).

«Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).

9, 10, 11, 12, сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары:


1-тапсырам. Өз мамандығыңызға қатысты жазылған ғылыми мақаланы талдап, ғылыми стильдің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

2-тапсырма. Қысқаша ғылыми мақала дайындаңыз.

3-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз.

1-мәтін

...Сағат түңгі екі болып қалды. Жұрт аяғы басылды. Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагондарда үш-төрт адамның басы көрінді.

Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, автобустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар. Олар әлі машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді. Күндіз бүлінген жерлері болса, жөндейді. Іші-сыртын сүртіп, еденің жуып тазалайды. Таңертең троллейбус, трамвай, автобустар тап-таза болып, жарқырап шығады.

2-мәтін

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай  анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».



3-мәтін

Қуанышбек пен Забира үш баласын жақсы шаңырақта тірбиелігісі келеді. Ол үшін жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасында туған күн әрдайым тойлану керек. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дістүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке әке-шешесімен, балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтарымен танысады. Алыс-жақындағы туыстармен хабарласады. Қуанышбек өзі де, балалары да компьютерді меңгерген. Ғылым мен техника жаңалықтарын отбасында үнемі айтып отыру, мүмкін болса қолдану – отбасы өмірін сәнді ете түседі. Жақсы дәстүр – отбасының шаңыраққа айналуына тірек болады.


4-мәтін

  • Ішуге бір нәрсе алдырайық.

  • Мен көк шай ішемін.

  • Мен балмұздақ жегім келеді.

  • Коктейль ішейік

  • Екі бутерброд әкеліңізші.

  • Сіздерде десертке не бар ?

  • Екі кісіге джем салынған құймақ әкеліңізші.

  • Интернет-кафеде кездесеміз.

  • Сенің жеке e-mailiң бар ма?

  • Интернет істеп тұр ма?

  • Мен бос уақытымды сонда өткіземін.

  • Сен олардың сайтын көрдің бе ?

  • Интернетпен зат сатып алуға да болады ?

  • Ғаламтор арқылы адамдар танысады.

  • Басқа елдердегі достарыммен хат жазысамын.

  • Мен скайп арқылы ағаммен сөйлесемін.

  • Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.


4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.

* * *

Бай ма әлде кедей ме?

Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:

- Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.

- Әке, бұл бір керемет саяхат балды!

- Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?

- Иә.


- Осыдан не түйдің?

- Сонда ұлы:

- Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.

- Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.

- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды.

Бірақ жоғарыда аты аталғандарды сатып алу мүмкін емес. Жалпы кез келген материалдық құндылыққа қол жеткізуге, тіпті оларды болашаққа да артығымен дайындауға болады.

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де болмағаны.
Практикалық сабақ №13

Сөзжасам. Сөзжасамның тәсілдері.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



    1. лексикалық мәтінге сипаттама беру;

    2. грамматикадан өткенді қайталау, тапсырмаларды орындау;

    3. сөзжасам тәсілдерін анықтау, берілген тапсырмаларды орындау.



Әдістемелік нұсқау

Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері (мамандық бойынша мәтін):

Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады.

1. Жұмысшылармен (қызметкерлермен) теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін). Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет «Мен» -концепциясының бір бөлігіне айналады.

2. Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру (10 жастан 15 жасқа дейін). Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар: алдымен – жұмыс. Одан кейін – ойын принципі бойынша жүре бестайды.

3. Нақты кәсіби бірегейлікке (идентичность) ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін). Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды. Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.

4. Кәсіби маманның қалыптасуы (25 жастан 45 жасқа дейін). Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.

5. Қоғам игілігі үшін жұмыс (40 жастан 70 жасқа дейін). Жұмысшы-қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді. Олар өзінің азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.

6. Кәсіби әрекеттің жемісті (нәтижелі) кезеңі туралы толғану (70 жастан кейін). Зейнеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой-елегінен өткізіп, ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіне алады.



  • Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары (Е.А.Климов бойынша)

    • Оптант (оптант, оптация фазасы). Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ, өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.

    • Адепт (немесе адепт фазасы) – мамандықты меңгеру үстіндегі адам.

    • Адаптант (немесе адаптация фазасы, жас маманның жұмысқа бейімделуі). Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді, шығармашылық міндеттерді шешіп үйренеді.

    • Интернал (немесе интернал фаза) - өз ісін тұрақты, жақсы көретін, негізгі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.

    • Шебер – жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен, кәсіби аймақта кең де терең білімімен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын, ерекше іс-әрекет стилі тән, оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негізі бар. Өз біліктілігінде (дәрежесінде) формальды көрсеткіштерге ие (разряд, категория, дәреже, атақ).

    • Авторитет - өз ісінің шебері, көпке танымал (белгілі салада, салааралық деңгейде, мемлекетте). Кәсіби міндетін мол тәжірибесі, іскерлігі, жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.

    • Үйретуші – беделді, өз ісінің шебері, шәкірттерін, ізбасарларын үйретуге әзір.



Грамматикалық тақырып.

СӨЗЖАСАМ

(Словообразование)

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам – атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол – әрине ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:



  • синтетикалық тәсіл;

  • аналитикалық тәсіл;

  • лексика-семантикалық тәсіл.


Сөзжасамның тәсілдері



  1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек:

- лексикалық мағыналы сөз;

- сөзжасамдық жұрнақ.

Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады.

Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.

Мысалы, өнім,


  1. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысының өзінің жеке тұрғандығы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б.

  2. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Мысалы,

  1. Ақ - адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ жүрген адам азбас.

  2. Ақ –сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. Мысалы, Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын.

  3. Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ.



1-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-ғар,/-гер, -қар/-кер

Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра.


2-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.

-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік

Бас, оқу, мемлекет, мәтін, сызба, дыбыс, ақпарат, сан,мультимедия, тәжірибе, компьютер.


3-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз.

Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас, телекөрермен, жолдорба, баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап.


4-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.

  • Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.

  • Маған үйретші.

  • Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай порталда болсын: kz әлде comда ма ?

  • Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа.

  • Қазір біреуге хат жазып, почтаның қалай істейтінін тексеруге болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр!

  • Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем?

  • Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде «Менің әлемім» деген сілтеме бар. Кіресің де, тіркелесің. «Білімі» деген бөлімді толтырасың. Міне сенің мектебіңдегі оқығандардың бәрі.!

  • Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не?

  • Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз.

  • Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық.

  • Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан компьютерге қалай көшіруге болады?

  • Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз.

  • Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын.

  • Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз.



5-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет.


6-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер.

Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі.


* * *

Тәкәппарлық

Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты:



  • Еңкей, еңкей, - деп.

Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді:

- Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың.

Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді:

- Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және көзіммен көрдім, басын жоғары көтерген тәкәппарлардың нешеуінің әлек болғанын, - дейді.



Практикалық сабақ №14

Туынды сөздер.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


Әдістемелік нұсқау

Еуропа мен Американың көптеген мемлекеттеріне тән психологиялық білім берудің негізгі тенденциялары (мамандық бойынша мәтін)

Психологияны оқытудың мақсаттары, ұзақтығы, құрылымы мен мазмұны негізінен ұлттық білім беру жүйесімен, тарихи дәстүрлермен, мемлекеттегі психологияның нақты ғылым ретіндегі даму деңгейі және статусымен, экономикалық және саяси факторлармен анықталады.

Еуропа мен Американың көптеген мемлекеттеріне тән психологиялық білім берудің негізгі тенденцияларын қарастыра кетейік.

1.Психологиялық білімге деген студенттердің қызығушылығы Солтүстік Америкада, Еуропаның көптеген елдерінде және Австралияда артып отыр. Психология студенттердің жиі таңдайтын 3-4 пәнінін қатарына кіреді. Психологияны психология саласында машықтанатын студенттермен қатар өзге мамандық өкілдері де оқиды. Көптеген мемлекеттерде психология орта мектептерде оқылады және оқушылар оны қызығушылықпен таңдайды.

2. Психология білімнің қажет екендігін студенттермен қоса білім беретін бағдарламалар жетекшілері де түсініп отыр. Психология оқу пәні ретінде студенттер мен оқушылардың таңдауы бір жағынан білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне, екінші жағынан студенттер, оқушылар өз таңдауына байланысты. Бірінші жағы білім беру мекемесінің әкімшілігі белгілі бір психологиялық пәндерді және психологиямен байланысы жоқ пәндерді оқуды міндеттейді. Оқу бағдарламасын таңдау кезінде студент бағдарламада көрсетілген пәндерді оқуға міндетті. Екінші жағдайда студент таңдауына бірқатар курстар ұсынылады. Осы екі факторлардың шеңбері әртүрлі болып келеді. Мысалы, Ресейде бірінші факторына доминант болып табылса, АҚШ-та керісінше.

3. Психологиялық білім берудің ұзақтығы. Психологияны оқу әдетте «психологияға кіріспе» (немесе «жалпы психология») курсынан басталады. Содан кейін студенттер өзінің мамандығы мен қызығушылықтарының аймағына қарай пәндерді таңдайды. ЖОО бітірген соң психология мамандығы бойынша жұмыс істеймін деген студенттер психологияны 4-6 жыл оқиды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде мұндай кәсіби психологиялық білім беру ұзақтығы – 5 жыл, ал басқаларда 6 жылды құрайды. Осы уақыт үзіліссіз 5 жылға созылуы мүмкін немесе жоғары білімнің екі деңгейіне бөлінуі мүмкін. Мысалы, Норвегияда 1 жылғы кіріспе курсынан кейін студент 5 жылдық кәсіби психологтарды дайындау бағдараламасынан өтуі тиіс. Англияда психологиялық білім беру 3 жылға созылады. АҚШ-та психологиялық білім беруі 4 жылды құрайды, ал кәсіби психологиялық білім алу үшін тағы 2 жыл оқу қажет.

4. Психологиялық білім берудің құрылымы мен мақсаттары. Құрылымы жағынан психологиялық білім беру үздіксіз және үзілісті болып табылады, ал мақсаты жағынан психологиялық білім алуға немесе психолог мамандығын алуға бағытталған болып бөлінеді.

Үздіксіз жалпы білім беру кезінде студенттер алдымен жалпы психологиялық білім алады және тек соңғы курстарда маманданады. Мұндай жүйе Португалия, Финляндия, Норвегия, Нидерланд, Австрия, Испания, Венгрия, Италия, Ресей және Данияда қолданылады.

Үздіксіз маманданған білім беруде студенттер басынан бастап белгілі бір сала бойынша маманданады (клиникалық психология, педагогикалық психология т.б.). Мұндай психологиялық білім беру жүйесі Финляндия, Швеция, Бельгияда қолданылады. Үзілісті психологиялық білім берудің 2 түрі бар. Англия үшін «үш қосу үш» моделі тән. Онда студенттер үш жыл бойы жалпы психологиялық білім алады. Оны аяқтаған соң тағы 3 жыл психологиялық білім алуына немесе өз мамандығы бойынша тіпті өзге университетте де білім жалғастыруына болады. Осы түрі Ирландия, Франция, Греция, Португалияда кеңінен қолданыс тауып отыр. Екінші түрінде 4 жылдық негізгі психологиялық білім және одан кейін 2 жыл мамандануына болады. Бұл білім жүйесі АҚШ және американдық білім беру жүйесіне бағдарланған елдерде қолданылады.

5.Психологиялық білім берудің мазмұны. Кәсіби психологиялық білім түрлі пәндерді оқуды қамтиды. Ол тек психологиялық немесе өзге де білім ғылымдарды психологиямен байланысты ғылымдар ретінде оқыту жиі кездеседі. Ресей және АҚШ психологиясының оқу бағдарламасына жалпы білім беру пәндері қосылған. Сонымен қатар көптеген еуропа елдерінде психолог-студенттер жалпы білім беретін циклды оқымайды. Психологияға жататын пәндердің өзі 2 бөлінеді: фундаменталды психологиялық пәндерге психономика (қабылдау мен танымды зерттейді), биологиялық психология, әлеуметтік психология, даму психологиясы, индивидуалды ерекшеліктер психологиясы, теория, әдіснама, статистика жатады. Қолданбалы психологиялық пәндерге: клиникалық психология, еңбек және ұйымдық психология, педагогикалық және мектеп психологиясы.

6.Уақыт өте келе кәсіби психологиялық білім берудің екі жағы бөлінуде ғылыми бағытталған және тәжірбиелік бағыттағы. Бірақ екеуінде де факультеттер жоғары деңгейдегі ғылымилықты сақтауға талпынады. Дегенмен 60 жылдары АҚШ-та, он жылдан соң Еуропада қоғамда психолог-практикке деген сұрасындардың жоғарлауы салдарынан кәсіби психология мектептерде ашыла бастады. Аталған мектептер практикалық психологиялық іс-әрекетке дайындады. Ғылыми зерттеулер немесе практикалық психология саласындағы мамандану негізгі психологиялық білімнен кейін магистрлік, докторлық және кәсіби бағдарлама аясында өтеді. ЖОО кейінгі психологиялық білімнің екі түрі бар. Магистрлік бағдарлар көбіне екі жылға арналған және ол ғылыми бағдарланған болып есептелінеді. Кәсіби психологиялық мектептері бағдараламалары психологтарды клиникалық, мектеп және кеңес беру салаларындағы практикалық іс-әрекетті дайындаумен айналысады. Ғылыми бағдарланған ЖОО кейінгі психологиялық білім беру аспирантура немесе докторлық бағдарламалар. Аспирантуралық немесе докторлық бағдарламалар бойынша оқу маманның ғылыми біліктілігін көтеру дәрежесі бітірушінің ғылыми жетілділігін білдіреді. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттерде практик психологтың кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламалары бар (Германияда 3 жыл, Норвегияда 5 жыл).

7. Психологияны осы салада машықтанатын студенттермен қоса, әлеуметтанушылар, педагогтар, дәрігерлер, әлеуметтік жұмысшылар, заңгерлер де оқиды. Еуропа, Американың көптеген университеттерінде студенттерге таңдау еркіндігі бола тұрып, олар психологияны таңдайды. Оған себеп осы ғылым саласына деген қызығушылық. Студенттер жиі жалпы психологияны және өзінің кәсіби іс-әрекетінде қажетті болып табылатын қолданбалы салаларын оқиды. Ал Ресейде психологияның оқытылуын ЖОО әкімшілігі шешеді, себебі онда мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу бағдарламасы құрылады.

8. Психологияны оқыту жоғарғы білім шеңберінен шығуда. Көптеген мемлекеттерде психологияның оқу пәні ретінде ертеден оқытылып жүргеніне қарамастан, соңғы он жылдықта психология мектеп, гимназия, лицейлердің жоғарғы сыныбында оқытылып жүр.

9. Білім беретін психологиялық бағдарламаның сапасын қамтамасыз ететін механизмдерді құрастыру. Психологиялық білім стандарттары қажет пе? Қажет болса, онда ол қандай деңгейде студенттерге ұсынылатын бағдараламалардың мазмұнын анықтауы қажет. Бір жағынан білім беру стандарты оның сапасына кепілдік беруі тиіс, екінші жағынан ол оқытушының көзқарас еркіндігін және шығармашылық іс-әрекетін шектейді. Дүние жүзілік тәжірбиеде психологияның оқу сапасын қамтамасыз етудің бірнеше түрі бар. АҚШ-та ЖОО психологияны оқытудың стандарты мүлдем жоқ. Қандай пән оқытылуы керек және оның мазмұнына қатысты сұрақты әрбір университет өзі шешеді. Ұлыбританияда соңғы жылдары стандартизация туралы жұмыстар жүргізілді. Комиссия жетекшілігі бұл жұмыс пайдалы болды және жағымды рөл ойнағандығын айтты. Сонымен қатар бұл іс-шаралардың бірқатар кемшілігі көрсетілді. Көптеген мемлекеттерде психологиялық білімнің мазмұны нақты стандартсыз табиғи түрде анықталады. Білім берудің мазмұнын таңдаудың оптималды қосылысы: 1) міндетті, 2) кәсіби қызығушылықтары бойынша арнайы курстар, 3) интегративті курстар.

10. Ұлттық білім беру жүйесін интеграциялау тенденциясы. Соңғы жылдары ұлттық білім беру жүйесін интеграциялау тенденциясы байқалатындығын айта кеткен жөн. Еуропада бұл процестер ерекше анық. Әрине бұл келешекте психологиялық білімнің дамуына де әсерін тигізеді.

Жиырма тоғыз мемлекет Болонь декларациясын қабылдаған соң Еуропа ұлттық білім беру жүйесінің терең және жалпы қайта құру дәуіріне өтті. Аталған декларацияны 1999 жылы Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция мемлекеттік үкметі құраған еді. Болонь процесі 2010 жылға дейін есептелген интеграцияланған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Осы реформаға сәйкес келесілер көзделеді:



  1. Ұлттық білім беру жүйесінің екі деңгейлі бағдарлама және жоғары оқу біліктілігіне көшуі. Осылайша білім беру әлдеқайда құрылымды, дифференциалды және еңбек нарығының нақты қажет бағыты.

  2. Университеттік емес жоғары білім беру секторының статусын жоғарлату. Арнайы орта білім және университеттік білім беру арасындағы байланыс бекиді.

  3. Нормативті оқу уақытын қысқарту тенденциясы оған көп деңгейлі жоғары білім жүйесін ендіру арқылы қол жеткізіледі.

  4. Докторлық бағдарламаның құрылымы мен ұйымдастырылуын өзгерту. Ғылыми дәреженің екі деңгейлі құрылымын сақтап қалу көзделеді.

  5. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің жаңа, орталықтанбаған механизмдерін енгізу. Оның негізінде: өзіндік баға; сыртқы дүние жүзілік, сапа аудиті: тәуелсіз ұйымдардың аккредитациясы.

  6. Дистантты және үздіксіз білім беруді дамыту. Мұндағы негізгі міндет – адамның бүкіл өмір барысында білім алуына мүмкіндік беру.

  7. Жинақтаушы өткізетін кредит академиялық сағаттар орнына келеді. Ол студент орындаған оқу тапсырмаларын ескерту арқылы жасалады.

Жалпы алғанда еуропалық жоғарғы білім стандарттары еңбек нарығына бағытталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет