Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау


ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау



бет19/19
Дата17.04.2022
өлшемі79,06 Kb.
#139728
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тарих кафедрасы

5. ОСӨЖ және СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау.





Тақырып атауы

Мақсаты мен мазмұны

Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Жұмыс түрі

1.

Алғашқы қоғам тарихы пәнінің маңызы

Алғашқы қоғам жайлы толық ғылыми мағлұмат беру. Алғашқы қоғам тарихының негізгі теориялық мәселелерін қамту.

3 апта

Ауызша баяндау

№1 ОСӨЖ
СӨЖ

2.

Алғашқы қоғам тарихын кезеңдерге бөлу

Алғашқы қоғам тарихын дәуірлерге бөлуді игеру және оның ғылыми негіздемесін беру

3 апта

Конспект

№1
СӨЖ

3.

Алғашқы қоғам тарихының археологиялық деректері

Археологиялық деректердің басымдығын және оның А.Қ. Т-ын зерттеудегі маңызы

3 апта

Конспект

№2
ОСӨЖ

4.

А.Қ.Т. деректік түзілу жүйесі

Дерек көздері мен олардың жіктемелік негізін көрсету

3 апта

Ауызша баяндау

№2
СӨЖ

5.

А.Қ. туралы көне замандағы және орта ғасырлардағы түсініктер

Көне Египет, грек және рим заманындағы А.Қ. жайлы халықтық-философиялық ой қорытулар. Эмпирикалық дәстүрде түсіндіру сипаты.

4 апта

Ауызша баяндау

№3
ОСӨЖ

6.

Ч.Дарвин мен Ф.Энгельстің ғылыми еңбектеріне талдау жасау

А.Қ. жайлы жазылған еңбектердің мазмұнды сипатын беру. Тарихи талдау жасау.

4 апта

Конспект

№3
СӨЖ

7.

Қазба адамдар тарихы

Австралопитектен неоантропқа дейіңгі адамзат өкілінің даму мәселесін ретпен көрсету.

4 апта

Конспект

№4
ОСӨЖ

8.

Алғашқы адамдар табыны.

Алғашқы адамдар табынына тарихи сипаттама беру.

4 апта

Ауызша баяндау

№4
СӨЖ

9.

Гомининдер мен Гоминидтер ара-қатынасы

Дриопитектерден қазіргі келбеттес адамдар қауымы пайда болғанға дейіңгі кезеңге тарихи шолу.

5 апта

Конспект

№5
СӨЖ

10.

Алғашқы рулық қауымның пайда болуы

Рудың пайда болуына ықпал еткен факторларға талдау.

6 апта

Конспект

№5
ОСӨЖ

11.

Ру ұғымына тарихи анықтама беру мәселесі.

Рулық құрылысқа талдау жасау және соның негізінде анықтама беру

6 апта

Конспект

№6
СӨЖ

12.

Алғашқы адамдардың діни түсініктері

Бастапқы діни наным-сенім обьектілері туралы тарихи талдау жасау. Культтік негізі.

6 апта

Реферат

№7
СӨЖ

13.

Кейініректегі рулық қауымдағы егіншілер мен малшылар қауымы.

Өндіруші шаруашылыққа өту мәселесі. Егіншілер мен малшылар қауымының ерекшелігіне сипаттама жасау.

6 апта

Конспект

№6
ОСӨЖ

14.

Алғашқы «демографиялық төңкеріс» сипаты

Халықтық демографиялық даму үрдісінің себептері және оның орналасуындағы өзгерістер. Неке мен отбасындағы сапалық сатыларға өту мәселесі

7 апта

Конспект

№8
СӨЖ



15.

Кейініректегі рулық қауым мәдениетінің даму ерекшеліктері

Сапалық көрсеткіштеріне тиісті фактілер арқылы баяндап беру.

7 апта

Ауызша жауап

№9
СӨЖ

16.

Өндірістік қатынастар эволюциясы

Өндіруші шаруашылықтың дамуы. Жыртпалы егіншілікке көшу және малшылықтың өркендеуі.

9 апта

Конспект

№7
ОСӨЖ

17.

Этнолингвистика мәселесі

А.Қ.Т. ыдырау кезеңі. Лингвистикалық даму және этникалық бедер. Этноқұрылым. Этнолингвистикалық анықтамасын беру.

9 апта

Конспект

№10
СӨЖ

18.

Мемлекеттің п.б.

Институттандыру нышаны.

11 апта

Ауызша жауап

№11 СӨЖ

19.

Материалдық мәдениет белгілері

Материалдық мәдениет белгілерінің идеологиялық астарларын талдап көрсету.

12 апта

Конспект

№8
ОСӨЖ

20.

Жазу-сызудың қалыптасуы.

Жазба мәдениетінің көш бастаулары және бастапқы жазу-сызу үлгілері.

12 апта

Конспект

№12
СӨЖ

21.

Перифериялық ошақтарға сипаттама жасау.

Перифериялар құрылымы және оның таптық қоғаммен ара-қатынасы.

13 апта

Конспект

№9
ОСӨЖ

22.

Стиполитейлік қоғамның таптық қоғамдармен байланысы

Дәуірнамалық және хронологиялық тұрғыда түсіндіру

13 апта

Ауызша жауап

№13
СӨЖ

23.

Алғашқы тұрмыстық қауым қалдықтары.

Оның таптық қоғамдағы көріністік сипаттамасы.

14 апта

Конспект

№14
СӨЖ

24.

А.Қ.Т. терминалогиясы

Терминдерге қысқаша анықтама беру

15 апта

Конспект

№15 СӨЖ



6. Бақылау тапсырмалары.


1. Қоғамдық еңбек бөлінісі немен қатар жүргізілді?
а/ тонаушылық соғыстармен
б/ экономикалық айырбастармен
в/ қауымдық-рулық құрылыс қалд
ықтарымен
г/ әскери көсемдер билігінің нығаюымен
д/ ештеңемен де қабаттасқан жоқ


2. Алғашқы қоғам тарихын дәуірлеу қандай критерийлерге негізделген?
а/ жалпы өндірістің дамуына
б/ қоғам дамуының деңгейіне
в/ технологиялық
г/археологаялық
д/ геологиялык


3. Алғашқы қоғам тарихын археологиялық дәуірлерге бөлу жан-жақты ма?
а/ жан-жақты
6/ жан-жақты емес
в/ жан-жақты, бірақ дүние жүзі халықтарының бәріне бірдей емес
г/ аймақтық ерекшеліктеріне байланысты
д/ әр аймақта әртүрлі


4, Алғашқы қоғам тарихы қай кезеңді қамтиды?
а/ адам баласының хайуанаттар дуниесінен бөлініп шыққан кезеңді
б/ рулық кауымға дейінгі кезенді
в/ ерте темір дәуіріне дейінгі кезеңді
г/ өндіруші шаруашылық шыққанға дейінгі кезеңді
д/ таптық қоғам шыққанға дейінгі кезеңді


5. Алғашқы қоғам тарихы курсының мақсаты не?
а/ адам баласының қалыптасуын зерттеу
б/ адамзат қоғамының пайда болу жөне қалыптасу зандылықтарың зерттеу
в/ алғашқы адамдардың қоғамдық өндірісінің дамуын зерттеу
г/ адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдниетінің дамуын зерттеу
д/ осы аталғандардың бірі


6. Адамзат баласы тарихын дәуірлеуде қандй кезеңдеу жолдары қолданылады:
а/ геологиялық
б/ археологиялық
в/ өндірісте жеткен жетістіктеріне қарай
г/ биологияық
д/ осы аталғандардың бәрі

7. Архантроптарға кімдер жатады?


а/ Синантпоптап мен неандерталецтер
б/ Питекантроптар
в/ Австралопитекгер мен гейдельберг адамы
г/Атлантроптар мен палеоантроптар
д/ Гейделъберг адамы жөне неоантроптар


8. Кайнезой эрасының негізгі кезеңдері:
а/палеолит, мезолит, неолит
б/палеоген, неоген, мезолит
в/ палеоген, неоген, ашропоген
г/плейстоцен, голоцен
д/ миндель, рисс, вюр


9. Адам баласының хайуанаттар дүниесінен бөлініп адам болып қалыптасу кезеңі?
а/голоцен
б/неолит
в/ патеоген
г/неоген
д/ антропогек


10. Адамзат баласы тарихын өндірісте жеткен жетістіктеріне қарай кезендеген кім?
а/ ЛукрецииКар
б/ Ч. Дарвин
в/ Л. Морган
г/ Ф. Энгеьс
д/ К. Маркс


11. Алғашқы қоғам дамуының палеолит дәуірінде шаруашылықтың қай формасы прогрессивті болды?
а/ терімшілк
б/ аңшылық
в/ егіншілік
г/ малшылық
д/ қолөнер кәсібі


12. Ф. Энгельс адамзат қоғамын өдірісте жеткен жетістіктеріне қарай кезеңдеу мәселесіне қай еңбегінде тоқталады?
а/ "Маймылдың адамға айналу процесікдегі еңбектің рөлі"
б/ " Табиғи сұрьшталудың негізінде түрлердің шығуы"
в/ "Көне қоғам"
г/ "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы"
д/ "адамның шығуы және жыныстық сұрьптау"


13.Алғашқы адамдар тобыры дәуірінде өмір сүрген гоминидтер:
а/неоантроптар
б/ архантроптар мен неоантроитар
в/ палеоантроптар мен неоантроптар
г/ хомо сапиенс
д/ архантроптар мен палеоантроптар


14. Алғашқы адамдар тобырының археолшогиялық мөлшерлі уақыты:
з/ палсолит, нсолит
б/ падсолит, мсзолит
в/ жоғарғы палеолит
г/ мезолит
д/ төменгі жене жартылай орта палеолит


15. Апоплитейлік қоғам дегеніміз не?
а/ жер бетіңдегі цивилизациялық қоғам пайда болмай тұрған кездегі қоғам
б/ цивилизациясымен қатар өмір сүріп келген және өмір сүріп отырған алғашқы қоғам дәуірі
в/неоантроптар дәуіріндегі қоғам
г/ хомо сапиенс кезеңі
д/варварлық кезең


16. Палеоантроптарға аталынған гоминидтердің қайсысы жатады?
а/ австролопитек
б/ гейдельберг адамы
в/ питекантроп
г/неаңдерталец
д/синантроп


17.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде қандай этникалық қауымдастық қалыптасты?
а/ тайпа
б/ ру
в/ тайпалық одақтық және халық топтары
г/ ұлт
д/ ру
д/көпшілік қауым


18.Таптардың тууының негізгі факторы
а/ металды игеру
б/қоғамдық еңбек бөлінісі
в/ еңбектің жекеше сипат алуы
г/ өндірістік қатынастардьщ дамуы
д/ осы аталғандардың бәрі


19. Ф. Энгельс атаған ең тұңғыш қоғамдық еңбек бөлінісі.
Басқа тайпалардың ішінен:
а/ аңшылықтың бөлініп шығуы
б/ балықшылардьщ бөлініп шығуы
в/ малшылардың бөлініп шығуы
г/ қолөнершілердің бөлініп шығуы
д/егіншілердің бөлініп шығуы


20. Адам еңбегінің тұңғыш рет қажетті және қосымша өнімге бөлінуі қай кезеңге
жатады?
а/ кейінгі палеолит
б/ мезолит
в/ неолит
г/ рулық құрылыстың тууы кезеңінде
д/ алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде


21. Отарлы (отгонный) мал шаруашылығының пайда болған уақыты:
а/палеолит
б/ мезолит
в/қола дәуірі
г/ неолит
д/теір дәуірі
22. Алғашқы металл бұйымдардың пайда болған кезеңі?
а/ палеолит
б/мезолит
в/ неолит
г/қола ғасыры
д/темір ғасыры


23. Мал шаруашылығы қай кезенде пайда болды?
а/ кейінгі палеолит
б/ мезолит
в/ неолит
г/ қола ғасыры
д/ темір ғасыры


24. Алғашқы еңбек бөлінісі қай кезеңге жатады?
а/ кейінгі полеолит
б/мезолит
в/ неолит
г/ қола ғасыры
д/ темір ғасыры


25. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінде ең алдымен не пайда
болды?
а/ әлеуметтік теңсіздік
б/ мүліктік теңсіздік
в/ қоныстық теңсіздік
г/ жыныстық теңсіздік ,
д/ еңбек бөлінісі


26. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде құлдар еңбегі қайда пайдаланылды?
а/ үй шаруашылығында
б/ өндірісте
в/ соғыста
г/ егіншілікте
д/ малшылық кәсіпте


27. Қанаудың ежелгі мынандай формалары өндіріс тәсілінің түріне ұласты:
а/ төлем беру
б/ езгіге түсу
в/ құлдық
г/ жалдамалы еңбек
д/ ақылы еңбек


28. Ерте рулық қауым қашан пайда болды?
а/ ежелгі палеолитте
б/ кейінгі палеолитте
в/ мезолитте
г/қола дәуіріндс
д/ темір дәуірінде


29. Мүлік теңсіздігінің пайда болған уақыты:
а/ палеолит
б/ мезолит
в/ неолит
г/ қола ғасыры
д/ темір ғасыры
30. Патриархалды ру қай дәуірде пайда болды?
а/ палеолит
б/ мезолит
в/ неолит
г/ қола дәуірі
д/ темір дәуірі


31. Алғашқы қауымның ыдырау кезеңіндегі еркектер мен әйелдердің коғамдық
жағдайының өзгеруі немен байланысты болды?
а/ ерлердің үстемдігінің күшеюі
б/ ер адамдардың рөлінің артуы
в/ әкелік жағынан бір жерге топтаса орналасу
г/ металдардың өңдіріске енуі
д/ қоғамдық еңбек бөліністерінің тууы


32. Ру меншігінің одан әрі бөлшектенуінің тереңдей түсу себебі неде?
а/ жеке еңбектің басым болуы
б/ семьялардың жеке меншікке ие болуға ұмтылуы
в/ жеке семьялар арасындағы өзара келіспеушілік
г/ айырбастың тууы
д/ жерге жеке меншіктің болуы
д/ жерге жеке меншіктің болуы


33. Алғашкы кауымдық коғамның ыдырау формасы:
а/ патриархат және кейінгі матриархат
б/ матриархат
в/ патронимия
г/ ерлердің қоғамда үстемдік етуі
д/ жыртпалы егіншіліктің пайда болуы


34. Жеке меншік психологнясының қальштасуы немен байланысты?
а/ тағылық өзімішлдік психология
б/ айырбастың тұрақты сипат алуы
в/ адамға тән жекеменшіктің психологиясының болуы
г/ еңбек құралдарына жеке меншіктің шығуы
д/ қосымша өнімнің пайда болуы


35. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңіндегі жерге жеке меншік
болды ма?
а/ болды
б/ болған жоқ
в/ бірте-бірте қалыптасты
г/ экологиялық қолайлы аймақтарда ғана
д/ аймақтың ерекшеліктеріне байланысты


36. Эволуциялық мектептің көрнекті өкілдері:
а/ Эдуард Тэйлор, Адольф Бастиан
б/ Лукреций Кар, Гесиод
в/ Леви-Брюль
г/ Г.Эллиот-Смит
д/ Фридрих Рацель


37.Мәдени- тарихи мектептің көрнекті өкілдері:
а/ Дарвин, Морган
б/ Бахофен, Шмит
в/ Гребнер, Шмидт
г/ Спенсер
д/Дж. Фергюсон Мак-Леннан


38. Функционалдық мектептің көрнекті өкілдері:
а/ Б. Малиновский, Рэдклифф-Браун
б/ Ульям Риверс
в/ Лео Фробениус
г/ Гордон Чайлд
д/ Эмиль Дюркгейм


39. Кросс кузенді неке нені білдіреді?
а/ еркектер шешесінің ағаларының, інілерінің қызына үйленеді
б/ әкесінің ағасының қызына үйленуі
в/ әкесінің інісінің қызына үйленуі
Г/ ерлердің үйленіп әйелдер тобыңда тұруы
д/ ерлердің қалыңдығын өз тобында ұстауы


40. Полиандрия қандай некелік катынастарды сипаттайды?
а/ көп әйел алушылық
б/ көп күйеулі болу
в/ әменгерлік
г/ балдыз алу
д/ ерлердің әйелінің үйіңде немесе тобында тұруы


41. Рулық ұйымның пайда болған уақыты:
а/ ерте палеолит
б/ кейіңгі палеолит
в/ мезолит
г/ неолит
д/ энеолит


42. Ең алғашқы рулық қатынас қай жағынан басталды?
а/ әке жағынан
б/ шеше жағынан
в/ екеуінен бірдей
г/ әр тайпаның ішкі ерекшелігіне байланысты
д/ әр аймақта әр түрлі


43. Аналық рудың алғашқы және жан-жақты екендігіне күмән бар ма?
а/ иә, бар
б/күмөн жоқ
в/ әлі де болса зерттеуді қажет етеді
г/ нақты дәлел, деректер жоқ
д/ аймақтық ерекшеліктерге байланысты


44. Нәсілге бөлінудің негізгі факторлары:
а/ қоршаған ортаға бейімделу
б/кездейсоқ өзгерістер
в/ тайпалық оқшаулану
г/ қан араласу әсері
д/осы аталғаңдардың бәрі


45. Промискуитет нені білдіреді?
а/ реттелген жыныстық қатынас
б/ реттелген гаремдік семьяның белгісі
в/реттелген топтық некені білдіреді
г/ реттелмеген жыныстық қатынас
д/ алғашқы жұп неке


46. Л. Морган сипаттаған қандас-туыстас семьялар қай кезеңге жатады?
а/төменгі палеолит
б/ орта палеолит
в/ мезолит
г/неолит
д/энеолит


47. Ойлау мен сөздің қайсысы бұрын пайда болды?
а/ ойлау бұрын пайда болды
б/ сөз бұрын пайда болды
в/ екеуіде бір мезгілде пайда болды
і/ табиғи ерекшеліктеріне байланысты
д/ әр аймақта әр түрлі


48. Пресапиенс теориясының мәні:
а/ Хомо хабилистердің дамуын мойындамау
б/ неаңдерталецтермен қатар бір мезгілде адамдардың прогрессивті бір түрінің болуы
в/ антропогенездің даму процесіңдегі діни көзқарас
г/ Дарвин теориясын мойындау
д/ адамның дамуы жөніңдегі соңғы көзқарас


49. Сорораттың бастапқы мәні:
а/әйелдердің бірнеше ағайындарға тұрмысқа шығуы
б/ ерлердің бірнеше апалы-сіңлілерге үйленуі
в/ көп күйеулі болу
г/ өлген ағасының әйеліне үйлену
д/ қайтыс болған інісінің әйеліне үйлену


50. Левираттың мәні:
а/ алып қашу арқылы үйлену
б/ қайтыс болған ағасының немесе інісінің әйеліне үйлену
в/ балдыз алу
г/ бірнеше апалы-сіңлілерге үйлену
д/ бір әйелдің бірнеше ағайындыларға тұрмысқа шығуы


51. Классикалық алғашқы тұрмыстық қоғамның негізгі әлеуметтік-экономикалық үясы деп нені санауға болады?
а/ жалпы руды
б/рулық қауымды
в/ рудың локальданған бөлігін
г/ көршілік қауымды
д/ коллективті меншіктің болуын


52. Жеке меншіктің пайда болған уақыты:
а/ адамзат қоғамының пайда бола бастаған дәуірі
б/ алғашқы қауымдық-рулық құрылыс дәуіріңде
в/ алғашқы қауымдық-рулық құрылыстың ыдырау дәуірінде
г/ рулық қоғамның тууымен бірге
д/ тек өркениетті қоғамда ғана


53. Тотемизм дегеніміз не?
а/ ата-баба аруағына табыну
б/ жануарларға табыну
в/ жануарлармен туысқандық байланыс болуына сену
г/ жануарларды өздерінің пірі деп санау
д/ жануарлар бейнесіне сыйыну


54. Ч. Дарвин теориясы бойынша антропогенез процесінің негізгі қозғаушы күші ретіңде қай факторға айрықша мән беріледі?
а/ әлеуметтік фактор
б/ экономикалық фактор
в/ биологиялық фактор
г/ материалдық игіліктерді өндіру
д/ рухани мәдениеттің дамуы


55. Ф. Энгельстің ілімі бойынша маймылдардың адамға айналуы процесіндегі ең басты фактор?
а/ отты пайдалану
б/ еңбек ету
в/ ет тағамдарын пайдалану
г/ садақ пен жебенің шығуы
д/ иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа өту


56. Бигмендер дегеніміз кімдер?
а/ құлдардың бір түрі
б/ ежелгі тайпа атауы
в/ негізгі жеке байлық иелері
г/ ерте рулық қауымдағы негізгі әлеуметтік топтардың бірі
д/ әскери басшылар


57. Топтық некенің қалдық сарқыншақтары неден байқалады?
а/ қонақжай гетеризм, полиандрия, кросс-кузенді неке
б/ вирилокальды неке
в/ матрилокальды неке
г/ патрилокальды неке
д/ уксорилокальды неке


58. Иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу қай кезенде болды?
а/ ерте палеолит
б/ кейінгі палеолит
в/мезолит
г/ неолит
д/ қола дәуірі
59. Егінші-малшылардың өңдіруші шаруашылығын Ф. Энгельс қалай атаған?
а/ неолиттік төңкеріс
б/ аграрлық төңкеріс
в/ өнеркәсіптік төңкеріс
г/ алып қыш ғасыры
д/ тоқымашылар төңкерісі


60. Жеке меншік, таптық қоғам және мемлекеттің пайда болған уақыты:
а/ рулық құрылыстың пайда болуымен бірге
6/ алғашқы тұрмыстық қоғамның гүлденген шағында
в/ алғашқы қоғам ыдырау дәуірінде
г/ өркениетгі қоғамның пайда болуымен бірге
д/ бұлар бір мезгілде болған жоқ


61. "Алып қыш ғасыры" деп қай кезеңді атайды?
а/ жоғарғы палеолит
б/ неолит
в/ энеолит
г/ қола дәуірі
д/ ерте темір дәуірі


62. Кейінгі рулық қауым дәуірінде қоғамның экономикалық негізі не болды?
а/ егіншіліктің дамуы
б/ малшлықтың дамуы
в/ айырбас қатынасының тууы
г/ жерге коллективтік меншік
д/ металдардың өндіріске енуі


63. "Тұңғыш демографиялық" революция деп қай кезенді атайды?
а/ ерте рулық қауым дәуірі
б/ кейіңгі рулық қауым дәуірі
в/ мемлекеттің пайда болу дәуірі
г/ алғашқы қоғамның ыдырау дәуірі
д/ көршілік қауым дәуірі


64. "Кувада" ғұрыптық салтының мәні.
а/ әйелдердің жерік болуы
б/ ерлердің жерік болуы
в/ баланың нағашысының қолында тәрбиелену салты
г/жастарды ересектер өміріне баулу
д/ той жасап байлығын тарату


65. "Кувада" әдет-ғұрпы жайлы тұңғыш жазған авторлар:
а/ Диадор Сицилийский
б/ Страбон
в/ Марко Поло
Г/Баховен
д/ Аталынғандардың бәрі де


66. Территориясы, этникалық атауы, шаруашылығы, қоғамдық және идеологнялық байланыстары бір семьялар қауымдастығы қалай аталады?
а/ патриархат
б/матриархат
в/патронимия
г/ матронимия
д/ номинация


67. Силиация ұғымы нені білдіреді?
а/ некелік қатынастардың бір түрі
б/нәсілдердің бір түрі
в/ инициация синонимі
г/ ру басы кімнен басталатындығын білдіреді
д/ ру ақсақалы немесе көсемі


68. Европадағы мұз басу кезеңінің дұрыс кезектілігі:
а/ гюнц, миндель, рисс, вюрм
б/ миндель, рисс, гюнц, вюрм
в/ рисс, гюнц, вюрм, миндель
г/ вюрм, рисс, гюнц, миндель
д/ вюрм, гюнц, миндель, рисс


69. Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы кезеңделуін тұңғыш жасаған кім?
а/ К. Маркс
б/ Ф. Энгельс
в/ Л. Морган
г/ И. Бахофен
п/ Р. Дарт


70. Л. Морганның кезеңдеуі бойынша жабайылықтың жоғарғы сатысы неден басталады?
а/ адамның пайда болуынан
б/ отты пайдалану және балықшлықтың шығуынан
в/ аңшылықтың пайда болуынан
г/ малшылықтың пайда болуынан
д/ садақ пен жебенің шығуынан
71. Тарихи процесті қандай үш үлкен формацияға бөлуге болады?
а/ палеоантропологиялық, археологиялық, археоботаникалық
б/архаикалық (топқа дейін), актогонистік (таптық) және коммунистік (тапсыз)
в/алғашқы адамдар тобыры, рулық қауым, көршілік қауым
г/ тарихқа дейінгі адамдар, рулық қауым, алғашқы қоғамның ыдырау дәуірі
д/ осы аталынғандардың бәрі


72."Раса" терминін XVIII ғ. тұңғыш рет адамдарға қолданған кім?
а/ Н. Чебоксаров
б/ В. Бунак
в/ Я. Рогинский
г/ Г. Дебец
д/ В. Богораз


73. XVIII ғ. адамзат мәдениеті тарихын үш — тағылық, варварлық және цивилизация дәуіріне бөлген кім?
а/ Иоганн Форстер
б/ Льюиус Морган
в/ Адам Фергюсон
г/ Фридрих Энгельс
д/ Томас Гексли


74. Ч. Дарвин ілімі бойынша антпропогенездің басты биологиялық факторы?
а/өзгергіштігі
б/жыныстық сұрыптау
в/табиғи сұрыптау
г/ тұқым қуалаушылық
д/түрлердің томаға-тұйықтығы
75. Алғашқы қоғам тарихындағы эволюциялық мектептің негізгі идеялары?
а/ қарапайымнан күрделіге прогрессивті даму
б/ «алтын ғасыр» идеясы
в/ спирал бойынша даму
г/дамудағы регресс
д/ортақ заңдылық болмады


76. Алғашқы қоғам тарихының эволюциялық мектебін негіздеуші?
а/ В. Рубрук
б/ Тацит
в/ Э. Тайлор
г/ П. Паллас
д/ А. Лазарев


77. Адамның пайда болуын анықтауда К. Маркс пен Ф. Энгельс қандай сапалық критерийлерге мән берген?
а/ барлық әрекеттерге
б/ мақсатты әрекеттерге
в/ еңбек құралын жасаған әрекеттерге
г/ құралдарды пайдалануға
д/ терімшілікке


78. "Аналық право" (1861-ж.) еңбегінің авторы кім?
а/ Э. Тайлор
б/ Мак Леннан
в/ А.Бастиан
г/И.Баховен
д/Б.Спенсер
79. "Алғашқы тұрмыс некесі" еңбегінің авторы кім?
а/ Л. Морган
б/ Ч. Дарвин
в/К.Фохт
г/ Мак Леннан
д/ И. Бахофен


80. "Экзогамия" ұғымы нені білдіреді?
а/ ретсіз жыныстық қатынас
б/ қауымдағы әйел билігі
в/ бір тайпаның ішіндегі жыныстық қатынасқа тиым салу
г/ коллективтің өз ішіңдегі неке
д/ топ ішінде қиылысатын неке


81. Л. Г. Морган ілімінің негізі неде?
а/ күрделіден қарапайымдылыққа қарай даму принципі
б/ адамзаттың және оның мәдениетінің бірлік принципі мен прогрессивті дамуы
в/ адамның пайда болуы және табиғи іріктеу
г/ жыныстық сұрыпталу
д/ жер бетінің басқа бөлігінде адамның дамыған бір түрінің болуы идеясы


82. Алғашқы қоғам тарихындағы диффузиялық мектептің негізгі мазмұны қандай?
а/ мәдениет эволюциясы
б/ адамзаттың рухани дамуы идеясы
в/ мәдени көріністердің кеңістікке таралуы
г/ семьялық-некелік қарым-қатынастардың дамуы
д/ адамзат қоғамының пайда болуының ғылыми тұжырымдамасы


83. Алғашқы тұрмыстық-қауымдық құрылыстың негізгі ұясы, ең арғы аналық формадан ең кейіңгі әкелік формаға қарай дамыған ру екендігін дәлелдеген кім?
а/И. Бахофен
б/Л. Морган
в/М.Ковалевский
г/Ф.Энгельс
д/Мак Леннан


84. "Эндогамия" ұғымы нені білдіреді?
а/ ретсіз жыныстық қатынас
б/ қауымдағы әйел билігі
в/ бір тайпаның ішіңдегі жыныстық қатынасқа тиым салу
г/ коллективтің өз ішіндегі неке
д/ ерлердің әйелдер тобына барып некелі болуы


85. Синантроп қай жерден табылған?
а/ Оңтүстік Африка
б/ Қытай
в/ Франция
г/ Өзбекстан
д/ Германия


86. Гейдельберг адамы қайдан табылды?
а/Франция
б/ Германия
в/Оңтүстік Африка
г/Америка
д/Австралия


87. Адамзаттың үш үлкен нәсілі аталған материктердің қайсысында қалыптасқан?
а/ Азия, Африка, Австралия
б/ Европа, Америка, Азия
в/ Европа, Азия, Австралия
г/ Европа, Азия, Африка
д/ Африка, Америка, Австралия


88. Алғашқы тұрмыстық, рулық қауым қандай адамдар қауымы болды?
а/ жеке отбасылар қауымдастығы
б/тең адамдар қауымы
в/әйелдер толық үстемдік құрды
г/ ерлердің басқаруыңда болды
д/ таптық жікке бөлінген қауым


89. Матриархаттан патриархатқа өту қай кезеңге сәйкес келеді?
а/ рулық құрылыстың тууы
б/ аңшылар мен балықшылардың ертедегі рулық қауымы дәуіріңде
в/ таптық қоғам туғанға дейін
д/ рулық қауымның ыдыраған дәуірі
д/ егінші, малшылардың дамыған рулық қауымы дәуірінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет