Семинар сабаќтарыныњ тапсырмалары жєне єдістемелік ±сыныстар


Тақырыптың қысқаша мазмұны



бет10/14
Дата03.10.2023
өлшемі161,5 Kb.
#183524
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Әдістемелік+құрал(семинар).+Культурология

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Қазақ қоғамының этникалық құрамы.
Қазақ хандығының құрылуы –ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.
Қазақ тұрмысының эстетикасы: киіз үй,әшекейлер,киім.
ХҮІ-ХҮІІғғ жазба мәдениетінің дамуы.(М.Х.Дулати және оның еңбегі «Тарих-и-Рашиди», Қадырғали Жалайри «Жамих-ат Тауарих» )
Халық ауыз әдебиеті.Ақындар мен жыраулар. (Асан Қайғы,Шалкиіз,Қазтуған,Доспанбет,Жиембет,Марқасқа,Ақтамберді,Бұқар жырау ж.т.б).Олардың мұраларының негізгі идеялары.Шешендік өнер.
Қазақ халқының ғылыми даналығы-астрономия (күнтізбе) ,метерология,медицина.
Әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, ырымдар.
Мейрамдар мен ойындар.
ХҮІ-ХҮІІғғ қазақ халқының материалдық мәдениеті(қалалық мәдениет,еңбек құралдары,қару-жарақ ,қолөнер)
Жоспар бойынша оқушыларға кітаптан және қосымша мәліметтерді беру арқылы түсіндіру.


Әдебиеттер: 3-бөлімін қараңыз


2– Семинар . XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті


* Семинар сабағының мақсаты
Қазақ Ағартушылығы феномені. Қазақ-ағартушылардың қазақ мәдениетінде қалдырған мұраларына талдау жасау.


Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақ ағартушылығы және оның көрнекті өкілдері.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ қауымының зиялылары мен олардың жанқиярлық еңбектері.


3. Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы.
4. Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде.
5. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Қазақтың мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов едң. Шоқан Уәлиханов сыртқы әлемге «дала адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, дін мен тілін зерттейді. Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандық іздер», «Қашғария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б., ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.
Қазақ мәдениетінің кемелдеуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбрай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды.
Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы – ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске саншыл көзбен қауып, осы ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрлерін арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет