Зейін туралы жалпы түсінік: Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз. Зейін – кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Зейін дегеніміз- сананың белгілі бәр нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамасыз етуі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады.
Зейін үш түрге бөлінеді:
1.Ырықсыз зейін деп адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен затқа, құбылыстарға назар аударуын айтамыз.
2.Ырықты зейін деп адамның белгілі мақсатын саналы түрде күш, жігер,керекті объектіге назарын аударуын айтамыз.
3.Үйреншікті зейін деп басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аууы.
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Меселен,
қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес.
Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д.Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан-дүниесіне жетіп отырады."
Балалардың үлгермеушілігін алдымен олардың зейінділігінің жеткіліксіздігінен іздеуіміз қажет. Есінің әлсіздігі, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі негізінен зейіннің әлсіздігіне байланысты. Заттар мен құбылыстарға зейін аударғанда адам санасы бір нысанаға шоғырланады және бағытталады. Бұны былай түсінуге болады: адамды қоршаған көптеген заттардың ішінен біреуін бөліп зейін аударады, ал барлық қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің тандамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап қарайық, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейін қойып орындайтынын аңғару қиын емес.
Оқу әрекетінің барлық түрлері оқушыдан ерекше зейін салуды қажет етеді, зейінсіз оқу әрекетін меңгеру мүмкін емес.
Оқу әрекетіңде шәкірттердің зейінін бақылап қарайтын болсақ, оның бет-пішінінің қалай өзгеретінін, денесінің орналасуын, қандай іс-әрекетті орындауға байланысты көзінің бағытталуын байқауға болады. Шәкірт белгілі бір нысанаға зейін аударғанда, зейіннің әруақытта да сыртқы көрінісін аңғарамыз. Мұғалім шәкірттердің оқу үрдісінің біріншіжылынан бастап, оларды зейінді болуға тәрбиелейді. Мұғалім "Бәріңізде маған қараңыз", "Дұрыс отырыңыздар" деген қаратпа сөздерді жиі қолданады. Таным үрдістерінен (қабыддау, ес, ойлау және т.б.) негізгі ерекшелігі, зейін жеке таным үрдісі бола алмайды, өзінің ерекше мазмұны болмайды. Зейін таным үрдістерінің ішінде аңғарылады және олардан бөліп қарауға болмайды. Зейін психикалық үрдістердің іске асу динамикасын сипаттайды. Мәселен, бір нәрсені қабылдау үшін міндетті зейін саламыз, еске сақтау үшін зейін саламыз.
Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды.
Зейін төмендегідей қызметтерді атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанаға белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға кемектеседі.
Зейін туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейін туралы тұжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей:
1. Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәттерінің бірі болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады.
2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі.
3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі бақылау іс-ерекеті немесе зейіннің бөлек, жеке нәтижесі болмайды.
4. Зейінде бақылау өлшемдерінің, үлгінің көмегімен іске асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға жене оны анықтауға кемектеседі.
5. Ерікті зейін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асады.
Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні-белсенді зейін деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |