Зейіннің қасиеттері:
1.Зейіннің тұрақтылығы оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
2.Алаң болушылық. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.
3.Зейіннің аударылуы. Бұл бір объектіден екінші объектіге назар көшіру.
4.Зейіннің бөлінуі. Адамның кез-келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алуы.
5.Зейіннің көлемі. Адамның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер саны.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
- Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды анализдеу.
-Тақырыптың теориялық негізін практика жүзінде дәлелдеу.
- Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;
1-тапсырма: Мектептегі практика кезінде бір оқушының сабаққа қалайша зейін қоятынын төмендегі сұрақтар бойынша байқап көріңіздер:
а) Сабаққа зейінді көбірек тұрақтата алу неге байланысты?
ә) Бала зейінінің ауып кетушілігі қандай жағдайлардан туып отырады екен?
б) Баланың зейіні оның сырт келбетінен (бет-пішіні, көз жанары т. б.) қалай байқалады?
в) Онда үйреншікті зейіннің көріністері байқала ма?
Осы сұрақ бойынша жүргізілген байқаудың нәтижесін жазып беріңіздер.
2-тапсырма: Н. В. Гогольдің "Шинель" атты әңгімесінен алынған төмендегі үзінді де зейіннің қандай қасиеті сөз болып отыр?
"...Акакий Акакиевичтің есіл-дерті, бар арманы тек бір ғана нәрсе — сұлулап қағаз көшіріп жазу... көшеде жүргенінде бүкіл өмір бойына бір рет жоғары қарап, айналасына көз салған емес... бірақ ол көзі бір нәрсені шалса, оның көз алдына бірыңғай теп-тегіс болып түскен өзінің жазуы елестейді, оқта-текте миығына оттың тұмсығы кеп тіреліп, оның лебі бетіне соққанда ғана сескеніп, жазғанын қоя салып, көшенің ортасында тұрғанын аңғарады.
Достарыңызбен бөлісу: |