Ұлылардан — ұлағат.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызды сәулелендіруге болмас еді.
Төлеген Тәжібаев.
Зейінді дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді үйрету... Өзің туралы ойдан, өз қам- қаракетіңнен бойыңды алшақ ұстау.
С. Л. Соловейчик
Бақылау сұрақтары:
1. Ес дегеніміз не? Қысқаша сипаттама беріңіз.
2. Естің адам баласының өмірінде алатын орны қандай?
3. Естің физиологиялық негіздеріне тоқталыңыз.
4. Ес туралы негізгі теорияларды атаңыз, оған қысқаша сипаттама беріңіз.
5. Ес қандай түрлерге бөлінеді?
6. Ес үрдістері және оның түрлеріне тоқталыңыз?
7. Есте сақтау және ұмыту туралы не айтар едіңіз?
8. Естің даралық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Нақты мысалдар келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |