Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет22/40
Дата24.05.2023
өлшемі333,45 Kb.
#177617
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
1-15 апта семинар жинағы

Агглютинация өнерде және техникалық, шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы, Леонардо да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: "Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан - оның басына иттің басын қой, оған мысықтың көзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойнын сал". Техникада агглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды.
Агглютинация негізінде жататын процестер әр түрлі. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процестер және оймен байланысты санамен бақыланатын ерікті процестер кентаврдың образы атқа отырған адам қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды. Ал қанатты адам саналы түрде пайда болды. Себебі ол ауада тез және жеңіл қозғалатын идеяны білдіреді.
Қиял образдардын қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және акцентировка болып табылады.
Схематизация әр түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл, әсіресе балаларда көп кездеседі. Екіншіден, схематизациянын себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдар мен бөліктерді ұмыту болып табылады.
Ең соңғы, үшіншіде, схематизацияның себебі - объектінің аса мәнді емес немесе қосымша жақтарынан саналы түрде бұрып әкету. Адам саналы түрде өз назарын объектінің манызды қажеттері мен белгілеріне аударады.
Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық процесс және осы образды жасаушы адамның индивидуалды белгілі бір ерекшеліктерін көрсетеді.
Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.
Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.
Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары қаншалықты терең және айқын, сонымен қатар олардың жаңалығымен, осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы, сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдын әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызады. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.
Адамдар қиял образдарының айқындылық деңгейі бойынша бөлінеді. Егер белгілі бір шкала бар есептесек, онда оның бір полюсінде қиял образдарынын айқындалып, өте жоғары көрсеткішті көрсететін адамдар тұрса, екінші полюсінде өте төмен көрсеткішті керсететін адамдар тұрады. Қиялдың жоғарғы даму деңгейі өнер шығармашылықпен айналысатын адамдарда, жазушыларда, суретшілерде, музыканттарда, ғалымдарда байқалады.
Адамдар арасындағы айырмашылық сонымен қатар олардың бойындағы қиялдың белгілі бір түрінің үстем болуымен анықталады. Қиялдың көру, есту образдары жақсы дамыған адамдарда жиі байқалады. Бірақ та қиялдың барлық түрлері де жақсы дамыған адамдар да кездеседі. Бұлар аралас типке жатады.
Қиял мен қабылдаудың арасындағы байланыс дамудың келесі сатыларында сақталады. Олар өз ойындарында орындықты ұшақ немесе үңгірге қарап машинаға айналдырады. Алайда, баланың қиялындағы алғашқы образдар оның іс-әрекетімен байланысты, сәби армандамайды. Ол өнделген образды өзінің іс-әрекетіне айналдырады.
Қиялдың дамуынын келесі этапы, онын белсенді формаларының пайда болуымен байланысты. Бұл этапта қиял процесі ырықты сипат алады. Қиялдың белсенді формаларының пайда болуы үлкен адамдар жағынан инициативамен байланысты. Мысалы, ересек адам бір нәрсе жасап бер деп сәбиге ұсыныс жасаса, сурет салу тағы басқа. Ол қиял процесін белсендендіре түседі. Ересек адамның ұсынысын орындау үшін сәби алғашында өзінің қиялында белгілі бір образды жасауға тиіс. Бұл процесс өз табиғатында ерікті болып табылады.
Қиял және шығармашылық.. Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейі мен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы онын барлық нақты түрлерінде көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет