Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет26/40
Дата24.05.2023
өлшемі333,45 Kb.
#177617
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
1-15 апта семинар жинағы

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Г. Жалпы психология. 192-206 беттер.

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 162-178 беттер.

  3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 381-417 беттер.

  4. Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 97-113 беттер.

  5. Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –189-194 беттер.

  6. Педагогикалық психология. 2015. З.Д.Өтепбергенова.

  7. Psychology of interpersonal communication: educational manual. 2015.Kustubayeva A., Tolegenova A., Kamzanova A., Jakupov M.

  8. Жалпы психология.2015. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ.Бапаева М., Нығыметова Г., Түрікпенов Ж.

  9. Психологиялық кеңес беру.2015. М.М.Байбекова, Ж.Н.Жантасова

10 апта. Тақырыбы: Эмоциялар мен сезімдер
Жоспар:
1.Эмоцияның негізгі қызметтері мен қасиеттері.
2.Сезімдердің психологиялық сипаттамасы.
3.Жоғары сезімдер.



  1. Эмоция және сезімдер туралы түсінік.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз.
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары.Мысалы: Шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.

  1. Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді»

  2. Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.

  3. Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.

  4. Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, көңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, көнілсіздік т.б. сезімдер жатады.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.
Эмоцияның түрлері. Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет- әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет