Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



бет13/40
Дата24.05.2023
өлшемі333,45 Kb.
#177617
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
1-15 апта семинар жинағы

Үй тапсырмасының тақырыбы: Қабылдау жөніндегі психологиялық зерттеулер
7-семинар
Семинар сабағының тақырыбы: Зейін және ес


Сабақ жоспары:

  1. Естің психологиялық теориялары.

  2. Ес түрлері. Естің негізгі механизмдері мен процестері.

  3. Зейін түрлері.

  4. Оқушының зейіні мен есін дамыту әдістері



Ес дегеніміз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Ес түрлері 3 негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. психикалық белсенділікке қарай: қозғалыс есі, сезімдік есі, бейнелі ес, сөз-логикалық ес;
2. мақсатқа қарай: ырықты ес, ырықсыз ес;
3. материалдың есте қалу ұзақтығына қарай: қысқа мерзімдік ес, ұзақ мерзімдік ес, оперативтік ес.
Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, еске сақтау, ұмыту.
Ес теориялары: психологиялық теория, физиологиялық, физикалық теория, биохимиялық теория.
Естің түрлері:
Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің даралық ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасыңда белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әртүрлі материалды әртүрлі тәсілдермен есте калдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік - бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы қаддыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.
Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, козғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс). Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар — естігенін ұмытпайды, үшіншілер — қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері — аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.
Мәселен, ұлы өнер адамдарының ішінде ес үрдісі күшті дамыған, есті қалдыруда ерекше дарындылық танытқан А.С. Пушкинге кез-келген басқаның өлеңін екі рет оқыса болды, жаттап алатын болған. Сол сияқты Моцарт та күрделі музыкалық шығармаларды бір-екі рет тыңдаса жеткілікті есінде сақтайтын, одан кейін өте дәл жазып алатын болған.
Орыстың көрнекті композиторы Балакиров та тамаша есімен ерекшеленген болатын. Ол да жастайынан симфониялық шығармаларды орындауда дарындылық танытты.
Естің жекелеген түрлері есте сақтайтын материалды қабылдауды іске асыратын анализаторлардың көмегімен ерекшеленеді.
Шәкірттерді бақылай отырып, мынаны көруге болады, олардың ішінде біреулері оқу материалын есте іштей оқып отырып, ерекше берік қалдырады, екіншілері дауысын шығарып оқиды, үшіншілері есте қалдыру үшін жазып алады. Шәкірттердің арасында кеңінен тараған естің түрі — аралас ес (көру — қозғалыс және есту — қозғалыс). Таза кездесетін ес өте сирек. Мектеп шәкірттерінде шамамен оны 3 пайыз аңғаруға болады.
Естің даралық айырмашылығы адам іс-әрекетінің сипатына байланысты.
Мұғалім оқушылардың есінің даралық ерекшеліктерін білуі қажет: ол балаға, бір жағынан, шәкірттің есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, естің әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасайды.
Шәкірттердің ішінде материалды тез есте қалдыратын, бір-екі оқығанда өлеңдерді жаттап алуға бейім тұратын шәкірттер жиі кездеседі: Ондай шәкірттерге есте қалдыру үшін оқулықты бір қарағанда немесе мұғалімнің түсіндіруін зейін қойып тындап алса да жеткілікті.
Демек, бұл шәкірттер тек қана есінде тез қалдырып қоймайды, сонымен қатар есінде берік, ұзақ сақтай алады. Ондай шәкірттер басқаларының арасында білімді ерекше меңгеруде жетістіктерімен ерекшеленеді.
Мұғалімге оқу материалын өте жай есте қалдыратын шәкірттермен жұмыс істеуге тура келеді. Ондай шәкірттер оқу материалын көп қайталау арқылы жаттап алады, әртүрлі тәсілдерді қолданады. Шәкірттердің арасында оқу материалын тез есте қалдыратын, бірақ сол сияқты оқығанды тез ұмытатын балалар кездеседі.
Кейбір балалар материалды жаттауға көп уақыты мен күш-жігерін жібере отырып, оны дәл емес қайта жаңғыртады және тез ұмытып қалады.
Шәкірттердің есінің осындай нашар дамығандығын әртүрлі себептермен түсіндіруге болады. Нашар есте қалдыру негізінен сабақты жиі жіберген, оқу тапсырмаларын бір жүйелі орындамайтын, есте қалдырудың тәсілдерін меңгермеген оқушыларда байқалады. Зерттеулер көрсеткендей, осы себептерді ескере отырып, осыған сәйкес жұмыстардың нәтижесінде олардың есте қалдыру мен қайта жаңғыртуы біршама жақсаратындығы сөзсіз.
Естің нәтижесінің әлсіздігі кейде аурудың салдарынан, қатты шаршауы және дене жағынан басқа да дамуына байланысты.
Зейіннің нашар дамуы немесе сабақта оқушы зейінінің жеткіліксіз болуы — нашар есте қалдырудың негізгі себептерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет