Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Семинар
Тақырыбы: Психикалық даму бұзылысының классификациясы.
Орындаған: Исенбекова Г. А
Тексерген: Кулымбаева А. К
Топ: ППФ 308 топ
Алматы 2021 жыл
Балалардың негізгі бұзылыстарының сипаттамасы
Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения) – орталық жҥйке жҥйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде, танымдық іс- әрекеттің тҥбегейлі бҧзылуы.
«Олигофрения – грек тілінен аударғанда, «ақылы аз» деген мағынаны білдіреді. Бҧл терминді ХІХ ғасырдың басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бҧл терминмен, этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртҥрлі, негізгі ерекшеліктері – тотальды психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық кӛріністерін сипаттайтын негізгі белгілер:
1. Психикалық жетіспеушіліктің тҥзелмеуі.
2. Интеллектуалды қҧрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі немесе мҥлдем болмауы.
Қазіргі кезде ақыл-ойдың кемістігі педагогикалық және психологиялық турғыда ең кӛп зерттелген мәселе болып саналады.
Деменция – егер ақыл-ойдың кемістігі 2-3 жасқа дейінгі кезеңде, әртҥрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой-ӛріс кемістігі ҧғымына, деменция кіреді. Ми қызметінің бҧзылуы, біраз уақыт қалыпты жҧмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері – тҥрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит). Деменцияда ми жҧмысының бҧзылуы, прогрессивті сипатқа ие болады. Емдеу және педагогикалық кӛмек кӛрсету арқылы, науқас баланың психологиялық жағдайын тҧрақты кҥйге келтіруге болады. Ол ҥшін жоғары педагогикалық тәжірибе керек.
Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері:
1. Дебильдік – олигофренияның ішіндегі ең жеңіл және кең тараған тҥрі. Кӛмекші мектептердің негізгі контингентін, осы дебил балалар қҧрайды. Арнайы мектепті бітірген ақыл-ойы кем балалар, алғашқы еңбек дайындығын алып шығады. Бҧл олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.
2. Имбецильдік (миғұла) – анағҧрлым тӛмен дәреже. Логикалық ҥдерістер, талдау, ойлау қабілеттері ӛте тӛмен деңгейде. Олардың кейбірі, кӛмекші мектепте оқиды, басым кӛпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бҧл балалар халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында тәрбиеленеді. Кейде, кҥрделі емес ӛзіне-ӛзі қызмет ету немесе жҧмыс операцияларына ҥйретіледі.
3. Идиотия (милау) – қабылдау қызметінің мҥлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға даган реакциясы жоқ. Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан ӛмірінің соңына дейін, арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.
Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – бҧл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін ҥлгермеуші балалар. Сондай-ақ, бҧл балалардың эмоционалды ерікті саласының жетілмеуі, органикалық инфантилизммен тҥсіндіріледі. «Органикалық инфантилизм термині, алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Бҧл терминмен тҥрлі жҧқпалы аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған, психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды. Осылайша, инфантилизмді психикалық және дене бітімдік жетілмеу белгілерінің тҧтас қҧрылымы, яғни, баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан» арылмауы деп қарастырған дҧрыс.
Инфантилизм, әсіресе мектеп жасына келген кезде анық байқалады. Бҧл балалар ӛте мазасыз, әбігерге тҥседі. Қимыл- қозғалыстары ӛте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда, ҥйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда, жалпы сыныппен ілесе алмайды, жҧмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе, жҧмыстан бас тартады. Бҧл балалардың дене бітімінің дамуы тежеледі. Бҧл – гармониялық инфантилизм деп аталады»
М.С.Певзнердің пікірінше, эмоционалды – ерікті саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мҥмкін, баланың жеке ерекшеліктерімен сай келетін дамыту бағдарламалары дҧрыс жҥзеге асырылса, бҧл кемшіліктер толық жойылады. Сондықтан, психикалық дамудың тежелуін, уақытша қҧбылыс деп санауға болады. Бірақ, балаларды тереңірек зерттей келе, ҥлгермейтін оқушылардың психикалық және дене бітіміндегі инфантилизмінің, басқа даму ауытқуларымен ҧласатындығы анықталған.
«1966 ж. М.С.Певзнер ПДТ–ң клиникалық нҧсқауларына сҥйеніп жасаған ӛз классификациясын ұсынды:
1. Қалыпты интеллект пен эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гармониялық инфантилизм.
2. Танымдық әрекеттің жетілмеуі.
3. Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бҧзылулармен асқынған, психофизикалық инфантилизм.
4. Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сӛйлеу қызметінің кемістігімен асқынған психофизикалық инфантилизм.
Кейінірек, 1980 жылы К. С. Лебединская ПДТ классификациясының жаңа нҧсқасын ҧсынды. Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ–ң негізгі 4 клиникалық типі анықталды.
Бҧлардың әрқайсысы, ӛзінің клиникалық–психологиялық қҧрылымымен, соматикалық, энцефалопатиялық, неврологиялық асқыну сияқты науқас белгілерімен ерекшеленеді.
Есту қабілетінің бҧзылуынын тҥрлерінің кӛп болуы, оны саралап, саңырау балаларды бірнеше топқа бӛлуге
--------------------
1Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. М.: «Просвещение», 1990. –С 60-63.
53
жағдай жасайды. Мҧның мәні, саңырау балаларды оқыту мен тәрбиелеу жҧмыстарын ҧйымдастыруда, балалардың қандай мекемеде білім алу қажеттілігін анықтауда кӛмектесетінмен айқындалады.
«Дыбыстар жиілікпен, интенсивтілікпен және созылмалығымен сипатталады. Дыбыстың кҥші немесе интенсивтілігі децибелмен (ДцБ) ӛлшенеді.
Мысалы:
жапырақтың сыбдыры – 10 ДцБ,
қҧлақтың тҥбінен сыбырлау – 25-30 ДцБ,
орташа сӛйлеу дыбысы – 60-70 ДцБ,
қатты музыка дыбысы – 80 ДцБ,
метродағы поездың дыбысы – 90 ДцБ,
балғамен темірді соғу – 100 ДцБ,
авиациялық мотордың дыбысы – 120 ДцБ.
Сӛйлеудің жиілік диапазоны 500-ден 3500 Гц (бір
секундтағы толқындар) аралығында болады. Егер есту бҧзылуы, бҧл диапазонды қабылдауға кедергі болса, сӛйлеуді қабылдау мҥмкін емес деген сӛз. 80 ДцБ жоғары дыбысты қабылдамайтын адамдар, саңырау болып саналады, ал нашар еститіндер 15–80 ДцБ аралығындағы дыбыстарды естімейді. Классификацияның негізгі критерийлері – есту қабілетінің жоғалу уақыты, дәрежесі, сӛйлеудің қалыптасу деңгейі болып табылады (Р.М.Боскис). Осы кӛрсеткіштер бойынша, бҧл балаларды бірнеше топқа бӛледі:
І. Саңырау балалар – мҥлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан саңырау болғандар және жҥре келе, есту қабілетін жоғалтқандар. Ерте саңырау болғандарға, туа біткен және сӛйлеу қалыптасқанға дейін саңырау болғандар жатады. Бҧл балаларда кейде, жартылай есту қабілеті сақталады, олар ӛте қатты дыбыстарды естиді.
Жҥре келе, саңырау болғандарға сӛйлеу қалыптасқаннан кейін, есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бҧлар сӛйлей алады, ерін қимылы арқылы, айтушыны тҥсінеді.
ІІ. Нашар еститіндер (тосаң құлақтық) – бҧл сӛйлеудің дамуын қиындататын есту кемістігі, бірақ сақталған қабілеттіліктің кӛмегімен, ӛз бетімен сӛздік қор жинақтауға
54
болады. Нашар еститін балалардың тілінде кездесетін кемістіктерді, оқыту ҥдерісінде тҥзетуге болады:
тосаң қҧлақтықтың жеңіл дәрежесінде, сыбырлап сӛйлеген сӛз, қҧлақтан 3-6 м, ал сӛйлеу 6-8 м қашықтықта естіледі;
тосаң қҧлақтықтың орташа дәрежесінде, сыбырлап сӛйлеген сӛз қҧлақтан 1-3 м, ал сӛйлеу 4-6 м қашықтықта естіледі; тосаң қҧлақтықтың ауыр дәрежесінде, сыбырлап сӛйлеген
сӛз қҧлақтан 1 м, ал сӛйлеу 2-4 м қашықтықта естіледі;
тосаң қҧлақтықтың ӛте ауыр дәрежесінде, сыбырлап
сӛйлеген сӛз қҧлақтан 0,5 м, ал сӛйлеу 2 м қашықтықта естіледі;
Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибеде, кӛптеген елдерде адамдардың кӛру қызметінің бҧзылуына орай, зағип адамдарды
56
соқырлар және кӛру қабілеті тӛмендегендер, нашар кӛретіндер деп бӛледі.
«Кӛру қызметінің зақымдану дәрежесі, кӛз ӛткірлігінің тӛмендеу деңгейімен, яғни жақын арақашықтықтан екі жарық нҥктені кӛру мҥмкіндігімен анықталады. Қалыпты кӛру қабілеті – 1,0 диоптрий (д) болып саналады, ол адам 5 м қашықтықта тҧрған арнаулы кестедегі әріптер мен белгілердің оныншы жолын анық кӛре алады. Алдыңғы және одан кейінгі жолдардағы әріптер мен белгілерді кӛру қабілеті 0,1 д болып есептеледі. Жоғарыда бірінші жолдағы ірі белгілерді ажырата алатын адамның кӛру қабілеті – 0,1 д, тӛртінші жолды оқи алса, 0,4 д т.б. 0,1 д тӛмен кӛру қабілетін анықтау ҥшін, саусақтарды санау әдісі пайдаланылады. Тарбиған саусақтарды санау қабілеті былай анықталады: 5 м – 0,09 д; 2 м – 0,04 д; 0,5 м – 0,01 д; 30 см – 0,005 д.
Жарық пен қараңғылықты ажырату қабілетін, жарықты сезіну деңгейімен анықтайды. Егер адам жарықты мҥлде сезінбесе, кӛру мҥмкіндігі – 0 д болып есептеледі. Педагогикалық ҥдерісте кӛзілдіріктің кӛмегімен, балалардың кӛру анализаторын қолдану мҥмкіндігіне қарай, оларды бірнеше топтарға бӛлуге болады.
Кӛру қабілетінің кӛзілдірікті пайдаланғандағы мҥмкіндігі бойынша, нашар кӛретін балаларды келесі топтарға бӛліп қарастырады:
Соқырлар – кӛру сезімі мҥлдем жоқ, кӛру қабілетінің қалдығы кӛзілдірікпен 0,04 д, сондай-ақ, жарықты сезіну қабілеті сақталуы мҥмкін.
Тотальды соқырлық немесе мүлдем кӛрмейтіндер – кӛру сезімі мҥлдем жоқ балалар.
Жартылай немесе парциалды соқырлар – олар жарықты сезінеді, пішіндерді ажырата алады, кӛру мҥмкіндігі 0,005 д – 0,04 д.
Нашар кӛретіндер – бҧлардың кӛру мҥмкіндігі 0,05 д – 0,2 д. Бҧл балалар ақпаратты осы кӛру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, жазу ҥдерістерінде осыған сҥйенеді.
Кемістіктің пайда болу уақытына қарай, балалар екі категорияға бӛлінеді:
І. Туа біткен соқырлық. Бҧл тумысынан соқырлар немесе 3 жасқа дейін кӛз жанарын жоғалтқандар. Бҧлардың кӛру арқылы
57
бҧрынғы алған мағлҧматтары жоқ. Сондықтан, барлық психикалық ҥдерістер басқа органдардың негізінде жҥзеге асады.
ІІ. Жүре пайда болған соқырлық. Бҧл мектепке дейін немесе одан кейінгі кезеңде кӛз жанарын жоғалтқандар. Кӛру анализаторының зақымдану тереңдігі, ӛзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жҥйенің дамуында әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын анықтайды»1. Кӛру кемістігінен басқа, қосымша кемістіктер жиі қабаттасады. Бҧл балалардың кӛбінде, орталық жҥйке жҧмысының бҧзылуы кездеседі. Сондай- ақ, балаларда сӛйлеудің бҧзылуы, БЦП, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз тәріздес кҥйлер, гидроцефалия т.б. екінші кемістіктер болады.
«Тірек-қимыл аппараты қызметінің бҧзылуы» деген ҧғымға әртҥрлі себептерден пайда болған және алуан тҥрлі кӛрініс беретін қимыл-қозғалыс бҧзылуы енеді. «Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесі тҥрлері ажыратылады:
1. Жҥйке жҥйесінің аурулары:
- балалардың церебральды параличі (сал);
- полиомиелит;
2. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы :
- туа біткен жамбастың шығуы;
- қисық мойындық;
- маймақ аяқтық;
- табан деформациялары;
- омыртқа дамуының кемістіктері;
- аяқ-қолдардың кеміс дамуы,
- артрогрипоз (қҧбыжықтық).
3. Мидың, жҧлынның және аяқ-қолдың аурулары мен
зақымданулары:
- полиартрит;
- жҧлынның және мидың жарақаттануы;
- қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит);
- сҥйек ісіктері;
- қаңқаның жҥйелі аурулары (хондродистрофия, рахит). Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай,
қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бҧл категориядағы балалар ҥш топқа бӛлініп қарастырылады:
1) қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бҧзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде тҥзу тҧру мен жҥру, ҧстау, ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың кӛмегімен әзер қозғалады, ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдысы, жартылай ғана қалыптасады;
2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бҧзылуы бар балалар (сан жағынан ең кӛбі): балалардың басым кӛпшілігі ӛздігінен шағын аралықта жҥре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан;
3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бҧзылуы балалар: олар бӛлмеде, кӛшеде ӛздігінен жҥре алады, ӛзіне-ӛзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық кҥйлер, жҥрістің бҧзылуы, зорлық қимылдар сияқты кӛріністер кездеседі;
Бҧл балалардың кӛпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бҧзылуымен бірге, екінші кемістіктер жиі кездеседі. Мҧның клиникалық кӛрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамудағы тежелу т.б.)»1.
ы
Сӛйлеу тек қана адамға тән, қайталанбас қабілет бола отырып, ойлау ҥдерісімен тікелей байланысты, адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі қҧралы.
«Сӛйлеу патологиясы есту, кӛру және қозғалыс анализаторларының перифериялық және орталық бӛліктерінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бӛлігі зақымданған кезде, ауызша сӛйлеуді қабылдау мҥмкіндігі бҧзылады. Бҧл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сӛйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал кӛру анализаторының кейбір бӛліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мҥмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторының моторлық аймақтарының зақымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялық мҥшелердің (тіл, ерін, таңдай) және статикалық мҥшелердің (қатты таңдай), дыбыс шығару және тыныс алу мҥшелерінің (кӛмей, ӛкпе, бронхылар, трахея, диафрагма) жҧмыстары бҧзылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы, ғылыми әдебиеттерде сӛйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының перифериялық бӛлігі болып саналады.
Баланың қҧрсақтағы дамуы кезінде, миына әсер ететін тҥрлі қолайсыз, теріс жағдайлардың салдарынан, бала ӛмірінің алғашқы жылдарындағы алған жарақаттар т.б., сӛйлеу патологиясын туғызады.
Сӛйлеу кемістігінің қҧрылымы мен дәрежесі, мидың зақымдану деңгейімен және оқшаулануымен байланысты, ал бҧл факторлар, миға әсер ететін патогендік себептердің уақытымен байланысты. Зақымданудың ең ауыр дәрежесі, эмбриогенез кезеңінде болады. Оның ішінде, алғашқы 3-4 ай немесе алғашқы триместр ӛте қауіпті кезең болып саналады. Ми жҧмысының кемістігін туғызатын себептер, негізінен тҥрлі уланулар, жҧқпалы аурулар, нейроинфекциялар т.б. (Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева) болып саналады.
Мидың жетілмеуі мен сӛйлеудің ауыр бҧзылуына әкеп соғатын себептердің ішінде жиі кезігетіні-ананың жҥкті кезінде жҧқпалы науқастармен ауыруы, улануы (интоксикация),токсикоздар, асфиксия, ана мен бала қанының резус-фактор бойынша (резус-конфликт) немесе қан тобы бойынша сәйкес келмеуі, орталық жҥйке жҥйесінің аурулары (нейроинфекциялар – менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) және бала ӛмірінің алғашқы жылындағы ми жарақаттары.
Ал, Е. М. Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді қолдану, қҧрсақтағы баланың жҥйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізіп, нәтижесінде тіл мҥкістігіне әкеп соқтыратыны туралы айтылады. Ішімдік синдромымен дҥниеге келген баланың дене салмағы, нормадан анағҧрлым кем, дене бітімі мен психикалық дамуында тежелу болады. Бҧл балалардың жалпы тіл кемістігі қимыл-қозғалыстың бҧзылуымен, аффективті қозғыштықпен және жҧмыс істеу қабілетінің тӛмендігімен кӛрінеді»1.
Балалардың сӛйлеуі қалыптасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік аймақтарына зақым келсе, сӛйлеудің мҥлдем жойылуы, яғни афазия пайда болуы мҥмкін.
Сӛйлеуде қайта тҥзетілмес бҧзылулардың пайда болуына, балалардың ӛмір сҥру ортасындағы зиянды әсерлер себеп болады. Әсіресе, сӛйлеудің қарқынды дамуы кезіндегі психикалық депривация, сӛйлеудің тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бҧл факторлар церебральды-органикалық кемшіліктермен немесе генетикалық бейімділікпен асқынатын болса, онда сӛйлеудің кемістігі анағҧрлым кҥрделі, әрі тҧрақты сипатқа ие болады.
Аутизм дегеніміз – баланың «экстремалды» жалғыздығы, эмоционалды байланыс пен коммуникация орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің тӛмендеуі. Л. Каннер, аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты» атайды, сонымен бірге ондағы сӛйлеудің бҧзылуын немесе мҥлдем болмауын, ӛзіндік әдет-ғҧрып формаларына ҧмтылуды, сенсорлық стимулдарға әдеттен тыс реакция жасауды тізбектей келіп, бҧл ауытқу тҥрін, конституционалды генезді даму ауытқуының ӛзінше бір тҥрі деп атайды.
Кӛзбен байланыс жасау, яғни кӛзбен бағу, бетқимылы, ым, интонация жасау ӛте қиын. Бала ӛзінің эмоционалды кҥйін жеткізе алмайды және басқалардың кӛңіл-кҥйлерін ҧғына алмайды. Эмоционалды байланыстар орнату қиындығы, тіпті ең жақын адамдарымен қарым-қатынаста да кӛзге тҥседі;
іс-әрекеттегі стереотиптілік, баланың ӛміріндегі ҥйреншікті, ӛзіне таныс жағдайларды ӛзгертпей сақтауға деген ҧмтылыстан туындайды. Бала пайда болған ӛзгерістерге кҥшті қарсылық кӛрсетеді. Ол біртекті әрекеттермен әуестенеді:
75
шайқалу, қолын жан-жаққа сілтеу немесе сілкілеу, секіру; бір заттармен біртектес манипуляция жасау: соққылау, тарсылдату, айналдыру; белгілі бір тақырыпта айналсоқтап сӛйлеу немесе бір ғана тақырыпта сурет салу;
сӛйлеу дамуының, оның ішінде коммуникативті қызметның тежелуі немесе бұзылуы. Барлық жағдайлардың ҥштен бірінде, бҧл мутизм (сӛйлеуді нақты коммуникативті мақсатта қолданбау) тҥрінде кӛрінеді. ЕЖБА бар баланың сӛйлеуінің формальды тҥрде жақсы жетілуі, жеткілікті сӛздік қоры болуы мҥмкін, тіпті ол кӛбіне ересек адамдардай сӛйлейді. Алайда, мҧндай сӛйлеуде қайталама бірізділік, мағынасыз кӛшірме сипат алады. Бала ешкімге сҧрақ қоймайды, ӛзіне қойылған сҧрақтарға жауап бермейді, кейде мағынасыз фразаларды, қажетсіз ӛлеңдерді қайталап айтып, ӛзін-ӛзі тыңдайды. Сондай-ақ, бҧл балаларға эхолалия (естіген сӛздерді, фразаларды, сҧрақтарды мағынасыз қайталау) кӛрінісі тән, олар кӛпке дейін ӛзіндік есімдіктерді қолданбайды, ӛзін «сен», «ол» деп немесе есімімен атайды, қажетін сҧрауда, есімдіксіз бҧйрықтарды қолданады т.б. Тағы да бір кӛңіл аударар нәрсе, ол сӛйлеудің ӛзгеше қарқыны, ырғағы және әуені;
жоғарыда тізбектелген бұзылу кӛріністерінің ӛте ерте жастан байқалуы (2,5 жасқа дейін).
Аутизм әртҥрлі формаларда кездеседі:
1. Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мҥлде бас тарту, араласпау.
2. Белсенді бӛлектену.
3. Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер.
4. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың қиындығы. Осылайша, ЕЖБА бар балалардың негізгі 4 тобын
ажыратады:
1. Баланың ерте жастан, әлеуметтік белсенділігінің болмауы
назар аудартады. Бала ӛзінің жақындарының ойнатқан, кҥлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне жауап бермейді.
2. Екінші топтағы балалар сәл белсендірек. Олар бӛлектенбейді, тек қарым-қатынас жасауда, талғампаздық танытады. Ӛзіне ҧнаған адамдарға ғана жауап береді т.с.с. Олардың киім киюі, тамақ ішуі, ойнауы сияқты әрекеттерінде,
76
белгілі бір қалыптасқан жҥйе бар. Сонымен қатар, кӛңіл- кҥйлерінде қорқыныш, алаңдау т.б қалыптасады. Кейде агрессия пайда болады.
3. Мҧндай балалар қоршаған ортадан бӛлектену емес, одан гӛрі қызықты ӛз қиялдарының әлемінде ӛмір сҥруге ҧмтылады. Бҧл балалар басқалармен тіл табыса алмайды, жиі қақтығысады, басқалардың тілектерімен санаспайды. Кейде олар айлар– жылдар бойы бір ғана тақырыпта сӛйлейді, бір ғана ойынды ойнайды. Қиялында мистикалық, қорқынышты, агрессивті бейнелер жасап алады. Ӛздерін «қҧбыжық», «ӛлтіруші» т.б. бейнесінде сезінеді.
4. Бҧл топтағы балалар-анағҧрлым жеңіл формадағы ЕЖБА бар балалар. Олар ӛте ӛкпелегіш, сезімтал. Бҧл балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалды кӛмекке зәру. Олар ҥшін ең бастысы, ӛзара сенім, тҥсіністік, қауіпсіздік жағдайын орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |