Құқықтық институттар. Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік-құқықтық институтқа ие. Құқықтық норма — құқықтық әлемнің тіні. Ал құқықтық институт құқықтық жалпылықты, яғни, өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын біддіреді. Құқықтық нормалар конституциялык құқық саласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық-құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді. Құқықтық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің тұйықталмаған механизмімен, конституциялық құқықтың басқа да құқықтық институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институттары қоғамдық қатынастардың ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бұған қарап, олардың мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға болмайды. Әр құқықтық институт өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бұл үшін құқықтық институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бірақ рет қайталанатын процесс емес. Реттеу пәні — қоғамдық қатынас — жанды, серпінді құбылыс. Осыған орай, оның жағдайын назардан шығармай, тиісінше құқықтық институтты жетілдіріп отыру керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары.Құқықтық қағидалар — тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық - Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын қүқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық қағидалар қандай болса, конституциялық құрылыста сондай немесе керісінше.