Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері


Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде



бет3/7
Дата05.12.2022
өлшемі36,19 Kb.
#161177
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 апта. КР конст кукык

Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде. Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық зандылыкқа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыпттастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекетгік органдардың өзара қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туады, өзгертіледі және токтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.
Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ұана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін обьективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық-құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше айталық, өзінің әлеуметгік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырмауы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен кұрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекетгік органдардың үйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын зерттеу жатады.
Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық кұқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған обьектілерді зерттейді. Ол оларды социологиялык, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидаларға сүйене отырып зерттеледі. Конституциялық зандылықты оқып-үйрену, оның әлеуметгік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылыми теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге зандылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның түжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлінуі, парламентаризм, президентгік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.
Ғылым конституциялық деп аталғандықтан, оның қайнар көзі Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық зандылықты құрайтын: конституциялық зандар, жәй зандар, Президенттің нормативтік жарлықтары, үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының кайнар көздері болып табылады.
Конституциялық кұқықтық нормаларды 1) басқа қүқықтык, нормалармен ұқсастығы қандай; 2) құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялық кұқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта қарастырған жөн. Конституциялық кұқықтық нормаларға құқықтық нормалардын барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар кабылдайды. Олар коғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беру және оларға зандық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-кұкықтық нормалар көп емес. Конституциялық қүқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет