Активстудио бағдарламасы. Интерактивті тақтада активстудио бағдарламасы арқылы өткен әрбір сабақ қызықты да тиімді болып өтеді. Ол оқушылардың қызығушылығын ғана оятып қоймай, сондай- ақ ойлау қабілеттерін шындай түседі. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада көрнекі жазылған ребус, жұмбақ, басқатырғыштарды шешу арқылы, ақыл- ойын, ынтасын, зейінін дамытуға болады. Тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар, тақырыптық тесттерді қолданамын. Бұдан шығатын нәтиже: сөздік қорын толықтырылады, жүйелі ойлау дағдысы дамиды.
Презентация жасау бағдарламасы. Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы оқушылар өздерінің ізденіс жұмыстарына презентация жасап, оны көпшілік аудиторияда қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Презентацияны оқушы өз шығармашылық деңгелеріне қарай жасайды: суреттер қойып, музыкамен сүйемелдеуге де болады. Бұл бағдарлама арқылы оқушы өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыра алады. Шығармашылық — өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Мұғалімдердің тағы бір және де өте маңызды міндеті-