2. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.
Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты:
Cпартандық
Афиналық
Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі.
Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.
Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты-спартиат балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды болашақ құлиеленушілерді дайындау болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, жанұя тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек ғана дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген ал аурулары мен әлсіздерін жоққылып өлтіріп отырған.
Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін білдіреді. 7 жасқа дейін спартиаттар – балалар (спартиаттар деп аристократтар-құлиеленушілерді атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығуларға ерекше мән берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |