Семинар тақырыбы: Ежелгі Шығыс елдеріндегі және антика әлеміндегі тәрбие және мектеп



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі30,5 Kb.
#159177
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 10 семинар

Спартандық дене тәрбиесі жүйесі

18-20 жаста жастар эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты – ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.


Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді.

Афиналық тәрбие жүйесі.


  • Афинаның географиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ертедегі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.

  • Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгешелігі бар. Сонымен қатар тәрбие және білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесі әскери жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, қабілетті жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.

Афиналық тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д.төмендегіше қалыптасты: 

7
Қыз балалар


Ер
7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту),
14

Полестра мектебі

Полестра


Ауқатты жанұялардан шыққан жастар
18 жастан 20 жасқа дейін жастар әскери қызметке даярланады, онда әскери даярлығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.

Афиналық тәрбие жүйесінде

Афиналық тәрбие жүйесінде дене


Қарапайым ата-аналардың балалары

3. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.

Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет