Семинар тақырыбы: Жаңа оқыту технологиялары Орындаған: Кубиева Аяжан



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі370,2 Kb.
#123855
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
Кубиева Аяжан ҚТӘ 402 Семинар 3


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті










Семинар тақырыбы:

Жаңа оқыту технологиялары
Орындаған:
Кубиева Аяжан
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады.
1. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
2. Жаңалықтарды ұйымдастыру.
3.Жаңалықтарды енгізу.Оқу –тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
4.Жаңалықтарды бекіту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.
Инновациялық технологиялар:
Жобалау технологиясы;
Саралап даралап оқыту;
Дамыта оқыту технологиясы;
Модульдік оқыту технологиясы;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Сатылай кешенді талдау;
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану оқытушыларды шеберлік жағынан шыңдайтынын дау тудырмайды.
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет