Семинар тақырыбы: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде (мемлекет ұғымы, мемлекеттік құрылыс формалары). Орындағандар: Мырзабекова Мархабат Оспан Рамазан Нұрмаханбет Азат Елмұратұлы Дәулет Тобы: 201К-химиялық инженерия «Мемлекет»



бет4/5
Дата01.11.2022
өлшемі128,79 Kb.
#155992
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-Семинар Саясаттану

Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады.

Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Басқару нысаны деп – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдарының ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін айтамыз. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет