Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия.
Республика дегеніміз – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі. Белгілері:
- мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы;
- мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.
Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы.
Мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :
Саяси режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмүндық қасиеті.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді.
Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі.
Демократиялық саяси режимде заң шығару органдары халық сайлаған алқалы органнан тұрады.