Практикалық семинар тақырыбы:
«Мұғалімнің электронды портфолиосы»
Көпшілікке әлі де түсініксіз «портфолио» сөзі өмірімізге мықтап еніп келеді. «Портфолио» терминінің өзі бізге итальян тілінен енген: портфолио аудармада «құжаттар бар папка», «маман папкасы» дегенді білдіреді.
Заманауи мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, компьютерлік технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын мұғалім.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру ұйымдарында электронды портфолио жүйесін енгізу кеңінен қолданыла бастады. Электронды портфолио мұғалім жөніндегі жалпы дерек пен қатар кәсіби шеберлігі, білім берудің алдыңғы қатарлы үлгілерін қолдану тәжірибесін көрсететін папка ретінде таныс.
Электронды портфолио – бұл мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы. Портфолио - мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Электронды портфолио - белгілі бір уақыт шеңберінде әр түрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Мектеп педагогтарына арналған «Электрондық портфолио жасау» тақырыбы бойынша практикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинардың мақсаты мұғалімдерді электронды портфолио жасауға үйрету болды. Семинардың міндеттері мұғалімдердің АКТ құзыреттілігінің деңгейін арттыру болды. Бұл сабақты меңгеру нәтижесінде тыңдаушылар Google Сайты, Google аккаунт ортасында электронды портфолионы өз бетінше жасауға үйренді.
Семинар жұмысына 11 педагог қатысты. Мұғалімдер заманауи мұғалімнің жұмысына қажетті жаңа білім мен дағдыларды алды.
Достарыңызбен бөлісу: |