Ашық сабақ
Ықылас Дүкенұлы шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Күйші – қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығы.
Сабақтың эпиграфы: «Өлмейтін өмір кілті - өнерде» (Қорқыт)
Сабақтың міндеті: Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырады. Шығармаларына талдау жасайды, алған білімдерін қорытындылай алады.
Сабақтың мақсаты: Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамыту, белсенділігін ояту, шығармашылық ойларын өсіру, өмірге бейімділігін дамыту. Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, олардың бойына эстетикалық және мәдениет құндылықтарын сіңіру.
Сабақтың типі: шығармашылық
Сабақтың түрі: танымдылық, аралас
Сабақтың әдісі: СТО әдістері: галерея, БҮҮ, болжау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа, музыка аспабы. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу, өнер.
Сабақтың жүрісі:
1. Музыкалық сәлемдесу.
-
- Біз осы тоқсанда қандай тарауды өтудеміз?
- Ендеше осы тарау бойынша «Композиторлар галереясына» шолу жасайық.
Қазір мен қоятын сұрақтарға байланысты «Тұлғаны танып» дәптерлеріңе белгілеп отыруды сұраймын. (сұрақтар оқылады)
- Күйші - композиторларды белгілеп алдық па? Ендеше білімдерімізді тексеріп көрелік. 1 - ші сұрақ қай күйшіге арналған еді?
(Осы ретпен 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сұраққа жауап алу)
- Берген жауаптарыңа қарап өздеріңді бағалап бағалау бетшесіне түсіріңдер.
(Тақтада баға нормативі тұрады)
- Бүгінгі жаңа сабағымызда Қорқыт атадан кейін 10 ғасырдан соң дүниеге келген күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен танысамыз.
22
Оқытушы жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Педагогикалық шеберлік - мұғалім тұлғасы, оның кәсіпқой білімі мен алға қойған мақсатына ұмтылуы арқылы қалыптасады.
Оқытушының ең басты міндеті - әр шәкірттің ерекшелігіне лайықтап репертуар таңдай білуі. Ерекшелік деген ұғымға: оқушының техникалық дайындығы, орындау аппаратының ерекшелігі, музыканы есту қабілеті, өнер талғамы эмоциялық сезімі, интеллектуалдық даму деңгейі және т.б. жатады. Шәкірттің музыкалық дүниетанымының кең болуы, сезімі, ізденісі, өзіндік орындау стилінің айқындалып, әр шығармаға тіл бітіруі, өз жүрек үнімен үндестіріп орындауын да мұғалім ескеріп отыруы керек.
Сонда ғана шығармаға жан бітіп, жарқырай түсері сөзсіз. Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді деп Қадыр ақын айтқандай, шәкірт, көңілінен шыққан шығармаға ғана ден қойып, сүйсіне орындайды.
Оқу процесіндегі ең маңызды міндет - кең көлемде қызықты репертуар таңдау. Бұл міндет жүйелі түрде жылдан-жылға жалғасып отырады. Музыка мектебін бітірген әр оқушының өз концеттік бағдарламасы болуы тиіс, кейін жоғары оқу орнына түскен кезде, өзбетімен репертуар таңдауда өзі белсенділік танытқаны дұрыс. Шығарма көңілінен шықса, орындауы да жеңіл болады. Бірақ оған қарай талғамсыз немесе кез келген жеңіл шығармаға бой ұрмау абзал. Ол жағынан мұғалім қатал бақылап, көркемдік деңгейі жоғары, қызықты шығармаларды ұсынғаны орынды.Ал, төменгі сынып оқушыларына шығарманы жас ерекшелігін ескере отырып берген жөн. Оқушының ойнау деңгейі бірінші сынақтан кейін біліне бастайды. Ұстаз осы кезден бастап, әр оқушының аспапты меңгеруі, ойнау деңгейі мен музыканы сезіне білуі, есту және есте сақтау қабілетін ескеруі керек. Содан кейін әр оқушыға лайықтап репертуар дайындайды. Оқушының сынып ерекшелігіне, техникасына байланысты жеңіл шығармадан күрделі шығармаға дейін берілу, оқушының деңгейін көрсетеді. Әр оқушыға шығарма бергенде халқымыздың өнерге көзқарасын байқататын ән-күйлерінен, классикалық композиторлардың шығармашылығынан алынғаны жөн. Дүниежүзілік бай музыка мәдениетін негізге ала отырып, өз өнеріміздің өрісін танытуымыз керек. Қобыз аспабында бұл мақсатты орындау мүмкіншілігі шексіз.Сабақ барысында шәкірттердің шығармаға деген қызығушылығын арттыру үшін, сол шығарманың шығу тарихы туралы кіріспе айтылуы тиіс. Сабақтың сәттілігін айқындайтын сырдың ұшығы да осында жатыр. Егер кез келген ұстаз музыканы шығарушы адамның өмір жолын, сол шығарманың шығу себебін түсіндірмесе, композитордың айтпақ болған биік сезімдерінің дәмін түсіне алмайды. Оқушыға осыларды түсіндіргеннен кейін, ол сол шығарманы өз түсінгеніндей етіп орындайды. Мысалы, күрделі шығармалар, соның ішінде концерттік пьесалардағы «коденция» бөлімінде оқушы фортепиано сүйемелдеуінсіз ойнайды. Автор бұл жерде орындаушының қиялына ерік береді. Оқушы коденцияны қалай қабылдаса, сол қалпында орындайды. Мұны қате деп қабылдаудың қажеті жоқ, дайын шығарманы қатесіз жаттап алса болғаны.
11
Қобыз үйренудің алғашқы шарттары.
Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарашдашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады. Оқытушы шеберлігінің құпиясы - оның зерттеу ісінде ғана емес, жинақтаған мұраға және оқыту әдістеріне шығармашылық шабытпен келуі, кездескен қиыншылықтарға өз бетінше даяр бола білу мен оларды шешу, оқушыны өзбетінше ізденуге, талдау жасауға және ойлау қабілетін қалыптастыруды үйрету. Бәрінен бұрын - әр түрлі жастағы мектеп оқушылары мен қабілеті әр түрлі балалармен байланысты табу қасиеті. Оқытушы жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Педагогикалық шеберлік - мұғалім тұлғасы, оның кәсіпқой білімі мен алға қойған мақсатына ұмтылуы арқылы қалыптасады. Оқытушының ең басты міндеті - әр шәкірттің ерекшелігіне лайықтап репертуар таңдай білуі. Шәкірттің музыкалық дүниетанымының кең болуы, сезімі, ізденісі, өзіндік орындау стилінің айқындалып, әр шығармаға тіл бітіруі, өз жүрек үнімен үндестіріп орындауын да мұғалім ескеріп отыруы керек. Сонда ғана шығармаға жан бітіп, жарқырай түсері сөзсіз. Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді деп Қадыр ақын айтқандай, шәкірт, көңілінен шыққан шығармаға ғана ден қойып, сүйсіне орындайды.
12
№
|
II - жартыжылдық
|
Сағат саны
|
Теория
|
Практика
|
10
|
Яньшиновы «30 легких этюдов»,
Қазақтың халық әні «Ләтипа»,
В.Моцарт «Аллегретто» жаттығулар , гаммалар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
11
|
В.Моцарт «Аллегретто».
Ғ.Оразалиева «Ойын».
В.Калинников «Журавель».
Жаттығулар, гаммалар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
12
|
Л.Бекмань «Елочка» .
Оразалинова «Боташым».
«Этюд в позициях».
Гаммалар ойнау, жаттығулар ойнауды қайталау.
|
4
|
1
|
3
|
13
|
Қазақтың халық әні «Қайың бұлақ» , Жаттығулар, гаммалар ойнау.
Қазақтың халық әні «Гүлдерайым» қайталау, жаттығулар, гаммалар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
14
|
Қазақтың халық әні «Ойгөк», «Сәулемай», Орыстың халық әні «Ходит зайка по саду», Украйн халық әні «Лисичка».
Гаммалар ойнау, арпеджио.
|
4
|
1
|
3
|
15
|
А.Лядов «Зайчик».
Ғ.Оразалиева «Ойын».
В.Калинников «Журавель».
Қайталау, жаттығулар, гаммалар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
16
|
Ақан –сері «Балқадиша».
Д.Кабалевский «Прогулка».
М.Глинка «Украйнская песня».
Қайталау, жаттығулар, гаммалар ойнау, емтиханға әзірлік.
|
4
|
1
|
3
|
17
|
Кабалевский «Про Петю».
Ғ.Оразалиева «Ойын».
В.Калинников «Журавель».
Қайталау, жаттығулар, гаммалар ойнау.
|
3
|
1
|
2
|
18
|
Ақан –сері «Балқадиша».
Д.Кабалевский «Прогулка»
Украйн халық әні «Журавель».
Қайталау, жаттығулар, гаммалар ойнау, емтиханға әзірлік.
|
3
|
1
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: ІІ - жартыжылдықта
|
34
|
9
|
25
|
|
Барлық сағат саны :
|
68
|
18
|
50
| 21
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Теория
|
Практика
|
1
|
Аспап тарихы мен құрылысын таныстыру, аспап қойылымын қою. Оң қол, сол қол қойылымдары.
|
4
|
1
|
3
|
2
|
Аспаптан дыбыс шығару.
Ысқыш бағыттарын түсіндіру. Нота сауаты. Саусақ қою белгілері.
Екі қолды қосып ойнату. Жаттығулар.
|
4
|
1
|
3
|
3
|
Гаммалар ойнау, С- dur гаммасы әр түрлі штрихтарда ойнау. Жаттығулар ойнау. Штрихтарды меңгерту, ысқышпен жаттығулар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
4
|
Нота сауаты, саусақ қою белгілері. Жаттығулар ойнау ысқышты жүргізуге. Орыстың халық әні «Жасыл шалғында».
Гамма ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
5
|
«Как пошли наши подружки», «Как под горкой под горой».
А.Комаровский «Этюд в позициях».
Гаммалар ойнау, жаттығулар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
6
|
Н.Бакланова «Алғашқы сабақтар».
Қазақтың халық әні «Елім - ай», «Елігай». Жаттығулар ойнау, гаммалар ойнау.
|
4
|
1
|
3
|
7
|
Екі қолды қосып ойнату, гаммалар, жаттығулар ойнау.
Н.Бакланова «Маленькие упражнение для начинающих». Ғ.Оразалинова «Қошақан».
|
4
|
1
|
3
|
8
|
Қазақтың халық әні «Қайың бұлақ». Жаттығулар, гаммалар ойнау.
Қазақтың халық әні «Гүлдерайым».
|
3
|
1
|
2
|
9
|
Орыстың халық әні «Ходит зайка по саду», жаттығулар ойнау.
Штрихтармен жаттығулар ойнау.
Қазақтың халық әні «Сәулем-ай».
|
3
|
1
|
2
|
|
Барлығы: І – жартыжылдықта
|
34
|
9
|
25
|
|
|
|
20
|
| «Қобыз» пәнінің күнтізбелік жұмыс жоспары
I – жартыжылдық
Оқу процесіндегі ең маңызды міндет - кең көлемде қызықты репертуар таңдау. Бұл міндет жүйелі түрде жылдан-жылға жалғасып отырады. Музыка мектебін бітірген әр оқушының өз концеттік бағдарламасы болуы тиіс, кейін жоғары оқу орнына түскен кезде, өзбетімен репертуар таңдауда өзі белсенділік танытқаны дұрыс. Шығарма көңілінен шықса, орындауы да жеңіл болады. Бірақ оған қарай талғамсыз немесе кез келген жеңіл шығармаға бой ұрмау абзал. Ол жағынан мұғалім қатал бақылап, көркемдік деңгейі жоғары, қызықты шығармаларды ұсынғаны орынды. Ал, төменгі сынып оқушыларына шығарманы жас ерекшелігін ескере отырып берген жөн. Оқушының ойнау деңгейі бірінші сынақтан кейін біліне бастайды. Ұстаз осы кезден бастап, әр оқушының аспапты меңгеруі, ойнау деңгейі мен музыканы сезіне білуі, есту және есте сақтау қабілетін ескеруі керек. Содан кейін әр оқушыға лайықтап репертуар дайындайды. Оқушының сынып ерекшелігіне, техникасына байланысты жеңіл шығармадан күрделі шығармаға дейін берілу, оқушының деңгейін көрсетеді. Әр оқушыға шығарма бергенде халқымыздың өнерге көзқарасын байқататын ән-күйлерінен, классикалық композиторлардың шығармашылығынан алынғаны жөн. Дүниежүзілік бай музыка мәдениетін негізге ала отырып, өз өнеріміздің өрісін танытуымыз керек. Қобыз аспабында бұл мақсатты орындау мүмкіншілігі шексіз. Сабақ барысында шәкірттердің шығармаға деген қызығушылығын арттыру үшін, сол шығарманың шығу тарихы туралы кіріспе айтылуы тиіс. Сабақтың сәттілігін айқындайтын сырдың ұшығы да осында жатыр. Егер кез келген ұстаз музыканы шығарушы адамның өмір жолын, сол шығарманың шығу себебін түсіндірмесе, композитордың айтпақ болған биік сезімдерінің дәмін түсіне алмайды. Оқушыға осыларды түсіндіргеннен кейін, ол сол шығарманы өз түсінгеніндей етіп орындайды. Мысалы, күрделі шығармалар, соның ішінде концерттік пьесалардағы «коденция» бөлімінде оқушы фортепианоның сүйемелдеуінсіз ойнайды. Автор бұл жерде орындаушының қиялына ерік береді. Оқушы коденцияны қалай қабылдаса, сол қалпында орындайды. Мұны қате деп қабылдаудың қажеті жоқ, дайын шығарманы қатесіз жаттап алса болғаны. Аспапта кез келген шығарманың мінезін, көркемдік суретін, мазмұнын жоғары деңгейде орындау – аппликатураға да байланысты.Аппликатура – кез келген аспаптың клавиатурасында саусақтардың дұрыс орналасуы. Аппликатура - нота жазуында саусақтар цифрлармен таңбаланып, нота үстінде жазылады. Ойнау барысында саусақтар ыңғайсыз қойылса, шығарманың көркем, өнерлі орындалуы мүмкін емес. Саусақтардың ыңғайлы қозғалуы сенімділікті, нақтылықты, мықты есте сақтауды қамтамасыз етеді. Ол үшін үйрену кезеңінің барысында оқушыға алғашқы жаттығулар мен шығармаларды, саусақтарды өз еркімен таңдап орындауына мүмкіндік беру керек.
13
Орындаушыны аппликатуралық тәртіпке үйрету жұмысы гамма, арпеджио, аккордтар, түрлі жаттығуларды ойнау барысында жүзеге асырылады. Оқушыға саусақтарды еркін таңдап, орынды пайдалана білуге үйрету мәселесіне баса назар аударған жөн. Саусақтардың қызметіне қарай ыңғайлы және икемді қимылдаған білезік, шығарманың ойдағыдай орындалуына мол ықпалын тигізеді. Екі аспаптың ұқсастығы, аппликатурасында және диапозонында болды. Бірақ, бұл толық скрипка аспабына көшу деген ұғымды бермейді. Қобыз өзінің ұлттық үнін, дыбыс бояуын сақтап қалды. Өзіне тән ерекшеліктерінің бірі ішекті саусақтың сырты, тырнақтың көбесімен басып ойнайтындығында еді. Сондықтан, бүгінгі таңда бұл аспапқа тең келер аспап жоқ. Қобыз аспабына оқушыны есту, ырғақ, есте сақтау қабілетінің және саусақ құрылысының ерекшелігіне байланысты қабылдайды. Баланың музыканы есту қабілетін дамыту үшін түрлі жаттығулар жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Жаттығу жасау барысында дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, дыбыс тазалығын фортепианоның көмегі арқылы дамыту керек. Оқушының ойнау техникасын арттыру үшін, гаммаларды оңай штрихтардан күрделі штрихтарға дейін ойнату заңды нәрсе. Гамма ойнатып, оны жақсылап меңгерту, баланың аспап үйренудегі маңызды жұмысы болып табылады. Дыбыстың әдемілігін, қоюлығын, жұмсақтығын, әсіресе, дыбыс шығарудың тазалығын бақылап, күннен-күнге тазарта беру оқушы мен ұстаздың тарапынан шыдамдылықты қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |