Оқытушының жеке жоспары
Оқушының жеке жоспары мазмұны жағыннан жан – жақты құрылуы керек, заман талабына сай репертуарлары жаңарып өзгерістер енгізіліп отырған дұрыс. Оқу жылының басында оқытушы әр оқушыға жарты жылға жеке жоспар құрады да мектеп әкімшілігіне бекітіп отырады. Репертуар таңдауда мұғалім оқушының дайындығын, музыкалық қабілетінжәне оындаушылық қабілетін, музыкалық мүмкіншілігіне қарай музыкалық шығармаларды беру керек. Музыкалық қабілеті жоғары оқушылардың репертуарына керісінше жоғарғы сынып бағдарламасыннан алып енгізуге болады. Сонымен қатар жеке жоспардағы репертуар тізіміне қосымша жаңа шығармаларды да енгізіп отырған дұрыс.
Мысалы: Ықыластың «Жез киік» күйін алсақ ол күйдің шығу тарихын, композитор туралы, күйде кездесетін әдіс амалдарын көрсетіп оқушыға жеткізе білсе сонда ғана ол шығарманы сүйіп орындайтын болады. Шығарма ұнағасын оқушы өз түсінігінде шығарманың нақышына келтіріп орындайтын болады. Балалар музыка мектептерінің музыкалық бөлімдерінде ( оқу мерзімі 5 және 7 жылдық) арналған «Қобыз» пәні бойынша бағдарлама модификацияланған, бағдарламаға 1972 басылып шыққан бағдарламаға қарағанда көптеген өзгерістер енгізілген. Бағдарлама оқушылардың Қазақстан композиторларының халықтық және кәсіби музыкаларын оқу үрдісінде қолдануды, сонымен қатар еліміздің жас жеткіншегінің конвергенттік ойлауы мен этномәдениетінің қалыптасу міндетін шешуді мақсат етеді.
18
Сол қолдың қойылымы
Сол қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, сұқ саусаққа қарсы орналасады. Басқа саусақтар ішектің үстіне дөңес кейіпте қалады. Алақан қобыз мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі. Мұнан кейін әр саусақты түсіріп – көтеріп үйреніп, шәкірт шеберлігін, қозғалыс дәлдігін танытады.
Жалпы ереже:
1. Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек аралығына қойылуы қажет, ішекке тырнақтарды тік тигізіп, немесе босағасына қарай аздап қисайта ұстау керек;
2. Бір ішекке ойнағанда барлық саусақтар ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп кезекпен дөңеестене орналасады;
3. Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын сақтау үшін, басқа бас бармақ мойынға жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусатардың барлық төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын қыспай, шамамен орта «ре» және «ля» ішегіне қарама-қарсы орналасады;
4. Саусақтардың аталған міндеттерді орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына байланысты. Ішекке саусақтардың еркін жүруі үшін қолды алғашқы позицияда біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн. Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым тәсілдері осы. Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған бұл бағдарлама қобызшыларға лайықты оқу құралы болады деп сенемін. Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарандашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз.
15
Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |