Семинар Тақырыбы: «Музыкалық кәсіби білім беруде жаңа инновациялық тәжірибелермен бөлісу»



бет12/19
Дата28.01.2018
өлшемі5,64 Mb.
#34551
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Сонымен қатар, қылқобызға бұрынғы дай жылқының қылын тартамыз да, ал «прима қобызға» скрипканың сым ішектері салынады. Оған қажетті сым ішектер Италия, Германия, Қытай, Корея секілді шет мемлекеттерден әкелінеді. Әсілі, қобызға ұқсайтын тері тартылған аспап Қытай мен Кореяда да бар. Бірақ, олар қылдың орнына темір ішектер салады. Сондықтан, олар қазақтың қобызындай қоңыр үн бермейді. Қылқобызды хылқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жыншайтан жоламайды деп ырымдайды. Ертеде бабаларымыз қобызды төріне іліп қойып, бақсыларға оқытатын болған. Ондай ырым қазір де кездеседі.

Қобыз - баяғыдан келе жатқан таңғажайып аспап. Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.Аспап ысқысы бар аспаптардың қатарына жатады. Мұндай аспаптар Орта Азия, Повольжья, Закавказья, Сібір халықтарында сақталған. Әр халықтың ысқылы аспабының атаулары басқа болғанымен, ойнау тәсілдері ұқсайды.Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады.Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады. Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді.

Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш-қуат береді. Екі мың жылдан артық тарихы бар ұлтымыздың қобыз аспабы бізге еш өзгеріссіз аман-сау жетті. Қобыз деген кезде біз Қорқыт баба, Нышан абыздардан бастап Жаппас Қаламбаевқа тірелетініміз анық. Осы қобызымыз келер ұрпаққа аман-сау жете ме? Міне, осы мәселе бізді қатты толғандырады. 1934-ші жылы қазақ халық аспаптар оркестрі құрылды. Оның негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және алғашқы дирижері академик, өнертану ғылымыныңдокторы, ҚазССр-ның халық артисі, профессор Ахмет Жұбанов болды. Тек ұлттық нақышта қалып қоймай, Европа мәдениетіне жету мақсатындағы еліктеушіліктің кесірінен қыл қобыздарды сым-қобыздар ысыра бастады. Осының нәтижесінде үш шекті, кейін келе төрт шекті қобыздар пайда болды. Бұның бәрі де қобыздың диапазонын кеңейту мен үнін жақсарту мақсатында және позициядан позицияға оңай көшуі үшін жасалды. Сексенінші жылдың орта шенінде прима-қобыздардың астыңғы бөлігінің тері қабатының орынына ағаш беттер тағыла бастады. Міне, осы кезеңнен бастап қазақтың қобызының скрипкадан еш айырмасы қалмады. Бір ғана айырмашылығы скрипка иек астына тіреліп тартылатын болса, прима қобыз екі аяқтың ортасына қойылу арқылы тартылады. Беті терімен тартылған прима-қобыздың дауысы қою әрі жұмсақ шығып, адамның жүрек қылын тербейді. Ал, ағашпен қапталған прима-қобыздың дауысының қандай екені баршамызға аян. Қазіргі таңда еліміздің оркестрлерінің ішінде Қали Байжанов концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде ғана терімен қапталған прима-қобыздар бар.
9

Сөз басында айтып кеткеніміздей бабалардан бізге жеткен қобызымыздың аман-сау келер ұрпаққа жетуі біздердің қолымызда. Бұл мәселелерге көз жұмбайлықпен қарамай бір шешімін шығаруымыз керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет