Семинар тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу. Студенттерге сыныптан тыс атқарылатын жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын арттыру



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі68,5 Kb.
#91809
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Педагогика Семинар 10 апта


10 семинар тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу.





  1. Студенттерге сыныптан тыс атқарылатын жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  2. Педагогикалық- психологиялық талдау жасауды меңгерту.

Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.


Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет