Семинар тақырыбы: Шығарманы танып-білудегі тұтас талдау әдісі



бет2/2
Дата17.03.2023
өлшемі23,64 Kb.
#172807
түріСеминар
1   2
Байланысты:
Әдеби шығармашылық 5
Әдеби шығармашылық 3, Инклюзивті білім беру БӨЖ1, Сценарий
2. Жазушының тіл шеберлігі
Тіл – көркемдік шеберліктің қайнар көзі, мөлдір бастауы. Қаламгерлердің тілдік-стильдік ізденістері, сөздік қоры, сөйлем құрауы, ұлттық бояуы қанық, тіл байлығын таңдай, талғай білуі сияқты қаламгерлік ерекшеліктеріне тоқталу басымырақ көзделіп келеді[1, 5].

Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек емес, әрбір сауатты адамның бәріне қажет. Өйткені әрбір адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға тырысады. Ол – заңды нәрсе.


Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. Тілге мән бермеу не оны білмеушілік әдебиеттің даму процесіне де көп кеселдік келтіруі мүмкін. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Жақсының жаманнан, асылды жасықтан айыру үшін әдебиетші, сыншылар көркем тілді өздері жақсы біліп, толық меңгеруі – басты шарттардың бірі. Міне, осылардың бәрі де көркем тілді кең зерттеп, терең түсінуімізді қажет етеді [2, 3].
Көркем шығарма – эстетикалық категория. Ол ең алдымен оқырман сезіміне, оның ой- санасына әсер етуі тиіс. Көркем әдебиет тілі – әдеби тілдің негізгі көрсеткіші. Шығарма тілінде көріктеуіш тілдік құралдардың көп кездесуі, алдымен, жазушы тілінің шеберлігін, орынды сөз оралымдарының ұтымды, қисынды жұмсалу жайын көрсетсе, екіншіден, сол үйлесімді сөйлем үлгілері мейлінше мол бағытта лингвистикалық талдау жүргізуді қажет ететіндігін байқатады. Суреткердің шеберлігі – ең алдымен өмірді бақылау мен ұғу ерекшелігімен сипатталады.
Жазушы стилі – өзіндік сөз мәнері мен суреткердің өзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының стилін анықтау дегеніміз – оның басты шеберлік қасиеттерін тап басып, тілдік қыр-сырын ашу болып табылады. Көркем әдебиет стилистикасында шығарманың тілін оның идеялық мазмұнынан бөліп алып қарауға болмайды. Бұдан талдаудың лингвистикалық принциптері мен әдіс-тәсілдерін әдебиеттану тұрғысынан талдаумен ұштастыру қажеттілігі туады [3, 17].
Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану мәнері, оларды ұштастыра білу өнері, әсерлі түрде жеткізуі тілдік бірліктер негізінде көрініс табады. Жазушылардың тіл шеберлігін әсіресе романдағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер арқылы көруге болады[2, 16]. Осы ретте жазушы Софы Сматаев шығармаларында синтаксистік құрылымдарға өзгеше стильдік реңк жүктелген. Мұнда сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің алған орны,
атқарған қызметтері өзгешеленіп тұрады. Бастысы, бұл сөйлемдердің кейіпкер бейнесін даралаудағы қызметтері олардың қарым-қатынасын реттеуінде шебер қиюласып, тілдік бірліктер жүйесі тұтастай стильдік қызмет атқаруға жинақталған. Жазушының сөз саптауын келесі жұмыстардан аңғаруға болады.
Тіліміздегі сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады. Белгілі бір сөздің тобы нені болса да жай атаса, екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне сан алуан стильдік мәні мен бейнелі мағынасы болады. Сөйтіп адамның сезіміне әсер етіп, еркін билейді. Осындай сезімге түрлі-түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесе эмоционалды-экспрессивті және эмоционалды сөздер болып екі топқа бөлінеді. Эмоциональды-экспрессивті бояулы сөздер адамның көңіл күйіне қуаныш-қайғысына, психикалық процеске байланысты айтылады. Сондықтан да эмоциональды-экспрессивті сөздер жағымды және жағымсыз болып екіге бөлінеді. Жағымды экспрессивті-эмоциональды сөздер көңілді, сезімі мен қуанышы қалыпты, таңырқау, қызығу, сүйсіну мән-мағыналарын береді[4,7] Мысалы жазушы шығармасынан мысал келтіріп кетсек:
Жазушы Софы Сматевтың "Елім-ай" шығармасындағы эмоционалды-экспрессивті сөздердің қолданысы
1. "Қап!" ( "Елім-ай" 309 бет)
2. "Қапта!", "Қапта!", "Ұр!", "Ұр-ә-ә!", "Жой", "Түсір!" деген қазақ атойына жоңғардың "Урраһх!" деген делебе қоздырар қанқұйлы қиқуы қымқуыт араласып, жаңғырыққан айқай-сүренді тағы да аспандатып әкетті. ( "Елім-ай" 11 бет)
3. – Оу, батыр, не болған сізге? ( "Елім-ай" 14 бет)
4. Жә, оны қайтеміз, - деп баяу күрсініп алды да, Жомарт тың кеңеске ойысты. ( "Елім-ай" 15 бет)
5. – Бәсе, әнді айтса, осылай айту керек қой! ( "Елім-ай" 26 бет)
6. - "Әу!" демейтін жігіт болмайды! ( "Елім-ай" 26 бет)
7. – Е-е, айтпай кетті ғой біраздан бері... ( "Елім-ай" 27 бет)т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет