№4 семинар Тақырып атауы: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
Сабақтың мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары туралы нормативтік құжаттар мен жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
жөнінде ақпарат беру.
Негізгі сұрақтар: 1. «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы Заң», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы»
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
2.«Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады.
Вариативті білім беру
Вариативті білім (лат. - өзгеретін) - азаматтардың белгілі бір мәдениетке, тұрғылықты жерінің ерекшеліктеріне және қоғамдық мүдделер мен міндеттерге бейімделген әр түрлі білім беру қажеттіліктеріне бағытталған білім. Мұндай білім жеке таңдау мүмкіндіктерін, өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді; бұл жеке адамға өзгермелі әлемде білімді түсіну мен сезінудің өзіндік жолдарын табуға көмектеседі. Вариативті білім динамикалық, оған әсер ететін факторларға байланысты өзгеруге қабілетті. Шын мәнінде, бұл әр түрлі оқу орындарының, әртүрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен технологиялардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін ізденіс білімі. Сонымен, 19 ғасырдың аяғында Ресейде басталған бұл бағыттағы білім берудің дамуы әр түрлі типтегі мектептер, зертханалық мектептер, мектептер - балабақшалар, колледждер, лицейлер, гимназиялар және т.б. Ел білім беру мекемелерінің типтерін дамытудың «таза» жолдарынан «аралас» түріне көшті. Вариативті білім берудің мақсаты - адамның өмір жолын сауатты таңдау мүмкіндігін кеңейту.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары туралы түсінік
Вариативтілік қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
Мұғалім сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін ескере отырып, әрбір тақырыпты оқуға қажетті сағаттар санын өз бетінше анықтауы керек. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үдерісі оқушылардың типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың тиісті вариативтік әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Оқу материалдарын таңдау, сондай-ақ түрлі типологиялық топтардың оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын үнемі зерттеп білуі және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек
Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;
2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала –бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.
Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл-ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО - ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз дамуын жалғастырған.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуда:
білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
Дәстүрлі оқыту үдерісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
Мүгедек балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің негізін қалайды.
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту);
Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тəрізді электронды жəне басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы əдістерді талап ететін арнайы ұйымдастыру мен əкімшілік мəселелер құруға байланысты.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — жоғарғы білім беру жүйесінде мəнді инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мəнді элементі ретінде қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту мəселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда.
Қашықтықтан оқыту қазіргі кезде үздіксіз білімді қамтамасыз ететін оқытудың бірден бір формасы болып табылады. Олай дейтініміз, басты орында қашан да сапалы білім тұрады. ХХІ ғасыр білім, ғылым жəне сапа ғасыры болғандықтан, Қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен күнге жаңарып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, еңбек нарығындағы бəсекелестіктің артуы осыған дəлел. Соған сəйкес əлемдік тəжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. Сондықтан бүгінде елімізде білім берудің қашықтықтан оқыту технологиясы жақсы жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау еңбекке қабілеттіліктері шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологияларына қаншалықты бейімделетінін анықтайтын аналитикалық есеп жасауға мүмкіндік туғызады. Білігін бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасауға мүмкіндік жасайды.
Алынған аналитикалық есеп мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін жақсартуға арналған мүгедек мамандарды АКТ жабдықталған заманауи кəсіпорындарға жұмысқа орналастыру жəне кедергісіз ортаны құру сияқты айрықша маңызды сұрақтарды шешуге жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселелерін зерттеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық жəне əлемдік тəжірибесіне шолу жасалып, зерттеу жəне талдау жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулер негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі бойынша оқытушыларға арналған факультативтік курстарды құру əдістемесі əзірленеді.
Қортынды
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту барысында ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады.
Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.