Пререквизиттер: MM 3318 Миссионерлік әдістері, SRDK 3301 Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
Постреквизиттер: ZRKR4308 Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы, PRRS 4304 Діни саланы құқықтық реттеу
Семинар тапсырмаларына дайындалуға арналған әдістемелік ұсыныстар
Семинардағы тәртіп ережелері
-
Студент берілген тақырып бойынша дәрістермен танысуы, қажетті ақпаратты меңгеруі, тақырыпты ашу қажет болған жағдайда бастапқы деректермен танысуы, қосымша материалдарды меңгеруі қажет және ауызша жауап беруге дайын болуы тиіс.
-
Студент топтағы басқа студенттердің және оқытушының сұрақтарына жауап беруге дайын болуы керек. Тақырыпты терең түсіну мақсатында оқытушы қосымша сұрақтар қоюға құқылы.
-
Студенттер семинар барысында белсенділік танытып, сұрақтар қойып, оларға өздері де жауап бере білуі тиіс.
-
Студенттер семинарда аталған тақырыпты талқылап, пікірталас ұйымдастыра білуі тиіс.
-
Студент тақырыпқа қатысты терминологиялармен танысуы керек.
-
Студент өз білімін және ақпаратты меңгеру мүмкіндігін көрсете білуі тиіс және өз пікірін білдіріп, сол ұстанымын қорғай білуі қажет.
-
Студент өз ұстанымының жақсы және жаман қырларын айтып, өз бетінше қорытынды, аналогия жасауы тиіс.
-
Студент жүйелеу, қорытындылау және типологиялау дағдыларына ие болуы керек.
Бағалау критерийлері. Семинар аптасына бір рет өткізіледі. Баллдар тапсырманың күрделілігіне байланысты силлабуста көрсетілген баллдарға сәйкес қойылады.
Семинар 1. Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың тарихы
Семинардың мақсаты: Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың пайда болу алғышарттары мен даму кезеңдерін көрсету.
Семинар тапсырмалары:
А) Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас ұғымының мәнін ашу
В) Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың пайда болу алғышарттарын атау
С) Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың даму кезеңдерін және қазіргі таңдағы көрінісіне баға беру
Достарыңызбен бөлісу: |