1.3 Пәнді оқыту мақсаты:
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.
1.4 Пәнді оқудың міндеттері:
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу үдерісін қарастыру;
Еуразия орталығы ретінде Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызын талдау;
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуын қарастыру;
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістегі ҚР-ның көшбасшылық рөлін айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |