Семинар тренингі «Топтық сәлемдесу»


Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы



бет16/16
Дата07.02.2022
өлшемі40,85 Kb.
#95941
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Тренинги

Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.



Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

е) «Өрмекші торы» жаттығуы.



Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру .

ІV. Қорытынды бөлім.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/

- Маған қажет қасиеттер, мыналар......

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:

- Тренингте ең бірінші не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

- Өзің жаңадан не білдің?

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.



Толығырақ: https://alashainasy.kz/psychology/psihologiyalyik-trening-10-syinyip-okushyilaryina-arnalgan-61349/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет