1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы. Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету. Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру. Талдау: Жаттығу сіздерге ұнады ма? Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады? Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма? Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды? Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады? Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?