Семинардың тақырыбы: Жаңартылған білім беру үдерісінде педагогттардың құзіреттіліктерін дамыту. Мақсаты


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі497,6 Kb.
#158425
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Семинар Эстафета. ОСШ №9 Ильясова Ж.А (2)

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тәжірибелік жұмыс

«Дарынды оқушыны анықтау жолдары»


Дайындағандар:
Рахимова Ш.О. Сулейменова Н.А.


2021-2022 оқу жылы

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады «Бала қиялына шек жоқ» десек, жаңа идеялар алаңы болып табылатын сабақта болашақ тұлға өзіндік көзқарасымен орасан зор өркениетті көреді. Күнделікті сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмыстану үдерісі нақты жоспарлануды талап етіп отыр. Талантты және дарынды балаларды оқыту әлемдік деңгейде мойындалып отырған Сындарлы оқыту теориясына кеңінен енгізілген. Демек, білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Жаңа форматты мұғалім ретінде әр оқушының дарындылығын, талантын бағалап отыру, оларды көре білу міндетіміз.



Дарынды оқушыларды анықтау барысында қалалық семинарға келген ұстаздарға топқа бөлу әдісі бойынша тарих ғылымдарының магистрі Сулейменова Н.А., ғылыми жобалардың тақырыптарын ұсынды. Сол бойынша ұстаздар дарынды балалармен қалай жұмыс жасау керек екендігін
анықтап алды. Ғылыми жобалардың жазу барысында қандай мәліметтерге назар аудару керек. Нені анықтау қажет? Ол үшін ұстаздарға презентацияда көрсетілген тақырыптар берілді. Соған сәйкес ұстаздар ғылыми жоба барысын жазуда ғылыми жобаның мақсатын, міндетін, өзектілігін анықтап жазады. Кейін оны өңдеу барысында дарынды оқушылармен жұмыс жасайды. Осы ақпарат бойынша ұстаздарға ғылыми жобаның тақырыптары ұсынылды. Ұстаздар өз ойларын ортаға салып, талдады. Қорғау барысында әрбір топтың ұстаздары өз пікірлерін ортаға салып, қорытындылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет