Семинардың тақырыбы: Жаңартылған білім беру үдерісінде педагогттардың құзіреттіліктерін дамыту. Мақсаты


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі497,6 Kb.
#158425
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Семинар Эстафета. ОСШ №9 Ильясова Ж.А (2)

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Баяндама

«Дарынды оқушылармен жұмыс»


Дайындаған: Әлім Н.А.


2021-2022 оқу жылы

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу.

Балам дейтін жұрты болмаса,жұртым дейтін бала қайдан шығады?
А.Байтұрсынов.
ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.
Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.
Дарынды оқушымен жұмыс, үздіксіздікті талап етеді. Жылдар бойы үздіксіз жұмыс қана нәтиже береді. Біз жалпы білім бетін мектеп болғандықтан , мүмкіндігінше пәнді жетік білетін , жан-жақты дарынды оқушыларды дайындаймыз. Олимпиадаға қатысады, ғылыми жұмыстарға қатысады, «Адал ұрпақ» республикалық клубы, «Дебат» жұмыс жасайды. Белсенді, өз ойын толық жеткізе алатын, сауатты, өз пікірінде тұра алатын тұлға тәрбиелеуде атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ; Е.Бекмаханов атындағы ІІ Республикалық Қазақстан тарихы олимпиадасында 2020 жылы, «Үздік ұжым» номинациясымен марапатталдық. Сонымен бірге, Әлім Назгүл Әлібекқызының оқушылары Тухтарбаев Ескендер, Ибраева Самира «Жас тарихшы» төс белгісімен , куәлігімен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында 9 сынып оқушысы Боранбай Жансая қалалық, облыстық олимпиадалардан 1 орын иеленді. Изтурганова Гулзифа қалалық ғылыми жұмыстан 3 орын иеленді. Биылғы оқу жылында, 5 сынып оқушысы қалалық олимпиадан Кузембаев Жұбаныш , 1 орын. 6 сынып оқушысы қалалық олимпиададан Баяхметова Жулдуз , 1 орын иеленді. Ильясова Жазира Айтуарқызының 8 сынып оқушысы, Исабай Аружан қалалық олимпиададан 2 орын иеленді, ғылыми жұмыстан облыстан 2 орын иеленді. Сулейменова Нургуль Аскаровнаның 7 сыныпы оқушысы Нағашыбай Сымбат қалалық олимпиададан 2 орын иеленді. Рахимова Шынар Оразалиновнаның 6 сынып оқушысы Байбосынов Абылай , 3 орын иеленді. Адал ұрпақ қалалық конкурсынан Келебаева Амина , 3 орын иеленді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет