Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет27/46
Дата20.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#192181
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Оқытудың контекстілік технологиясы проблемалық оқытудың негізгі заңдылықтарын есепке ала отырып жасалған. Мұндағы «контекст» ұғымы ойды ауызша немесе жазбаша толық жеткізу мағынасында қолданылады.
Контекстілік оқытуда бұл ұғым психологиялық категория ретінде қарастырылады, оның көмегімен әртүрлі деңгейде болып жатқан психологиялық үдерістер түсіндіріледі. Адамның кезкелген әрекетін тек қана диалогтық контекст арқылы түсінуге болады. Контекстілік технологияда негізгі тірек тұлға дамуындағы кәсіби ынтаның қалыптасуы болып табылады. Сондықтан, студенттің оқу әрекетінің мазмұны оқу пәні арқылы ғана емес, маманның моделі, яғни болашақ кәсіби қызметі туралы логикасына да байланысты қалыптасады. Бұл оқу үдерісіне тұтастық, жүйелілік бере отырып, оқып отырған пәннің мағынасын терең түсінуін қамтамасыз етеді.
Контекстілік технологияның маңызды элементі студенттің оқу әрекетінің түрі кәсіби іс-әрекет түріне сәйкес келі болып табылады. Бұл жерде үш базалық әрекет түрлерін бөліп айтуға болады: оқу әрекеті (лекция, семинар), квазикәсібилік (кәсіби іс-әрекет түрлерінің моделін бейнелейтін іскерлік ойындар, басқа да ойын түрлері), оқу–кәсіби (студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстары, өндірістік практика, диплом жұмысын жазу). Бұлардан да басқа кәсіби білім беру мақсаттарына сәйкес келетін кезкелген дәстүрлі және жаңа әрекет түрлерін пайдалануға болады. Контекстілік технологияда адамның табиғи болмысына еліктеуші әдістер қолданылады.
Дискуссия қатысушылардан талқыланып отырған мәселеге өзінің көзқарасын білдіруді, таласта басқалардан өзгеше өзіндік ойының болуын талап ететіндігімен сипатталады. Дискуссия студенттердің қарым – қатынаста сөйлеу мәдениетінің қалыптасып, тіл байлығының дамуына тиімді әсер етеді.
Проблемалық семинар дискуссияға қарағанда білімді молайтуға көбірек ықпалын тигізеді, семинарға қатысушылар өз білімдерін толығырақ көрсетуге мүмкіндік алады. Проблемалық семинар жұмысы дәстүрлі семинардағыдай алдын – ала белгілі дайын білім төңірегінде емес, керісінше әлі белгісіз мәліметтерге құрылуы керек. Семинарда студент өзі ізденіп, өзінің еңбегімен материалдар жинағандықтан, білімді тереңірек меңгереді, себебі өзінің жинаған материалдарын өзі жақсы түсініп, есте сақтайды.
Тренинг көбіне біліктілікті қалыптастыру бағытында жүргізіледі. Трнеингті ұйымдастыру үшін біліктіліктің қандай деңгейіне қол жеткізуді нақты жобалап, дәл керек мәселені түсініп алу қажет. Бұл жерде диагностикалық мақсат қою тиімділік кепілі.
Модульдік оқыту технологиясының педагогикалық негізі америкалық философ Дж. Дьюидің педагогикалық жүйенің ядросы оқушы болып табылатын, өз бетінше білім алу және өзін - өзі бақылау басым маңызға ие тұлғалық – орталандырылған оқыту идеясына бағытталған. Модульдік оқыту технологиясының психологиялық негізі – «білімді толық меңгеру жүйесі» (Дж. Кэрролл, Б. Блум т.б.), бір оқу материалын оқушылардың интеллектуалдық қабілетінің әртүрлілігіне байланысты меңгеруге түрліше уақыт талап етіледі, бірақ дәстүрлі оқытудың сыныптық жүйесі жеке жұмыстануға жол бермейді, белгілі бір материалды бір мезгілде игеруді талап етеді. Сондықтан, әр оқушы материалды меңгеруге жеткілікті уақытқа ие болса өте тиімді болған болар еді [11; 12].
Эстонияда білімді толық меңгеру жүйесі Э.В. Крулльдің еңбектерінде дамытылған [13]. Ресейде бұл жүйені қысқаша түрде М.В. Клариннің еңбектерінен кездестіруге болады [14]. Оқу модулі – оқу үдерісінің мазмұны тұтас, оқыту мақсаттары айқындалған және оқытудың сәйкесті ұйымдастыру формалары мен бақылау және өзіндік бақылау жүйесі техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілген құрамдас бөлігі.
Жоғары оқу орындарында модульдік оқыту технологиясы әлемде кеңінен қолданылады. Мысалы, Ұлыбританияда студенттің жинаған рейтингісі мен меңгерген модульдерінің саны оның білім деңгейін көрсетеді. Оқуға түсерде талапкер оқыған кезде әрбір оқу модулінен міндетті түрде алуға тиіс білім мен біліктің тізбесімен танысады. Бұл оған кәсіби білім алудың басынан бастап белгілі бір біліктілікті меңгеруге көмектеседі.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, модульдік оқыту технологиясының сипаттамаларын төмендегіше анықтадық:
- әрбір оқу модулі бойынша диагностикалық мақсат қою;
- оқу кешенінің әртүрлі оқу модульдерінен тұратын мазмұнын, оқыту әдістерін, бақылау және бағалау жүйесін өзгертіп отыруға икемділігі;
- берілген модульдің мақсатын сезіне отырып түсіну;
- студенттің басқа әрекеттерге қарағанда нақты тапсырмалар жүйесінде білімін өзі - өзі тексеруге мүмкіндік беретін өзіндік жұмыстардың басым болуы;
- оқытушының әріптес ретінде кеңес беруінің басымдығы;
- студенттің өзінің әрекетін өзі қорытындылауы.
Оқу модульдерін жобалауда білімді және білік, дағдыларды меңгеру деңгейіне сәйкес оқу тапсырмаларының жүйесін жасалды. Модульдік оқыту жүйесінде оқу тапсырмаларының орындалысы бақылау мен өзін -өзі бақылаудың тиімді тәсілі ретінде тест арқылы тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет