Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет6/103
Дата19.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#181613
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
СЕМИНАРЛАР-1

Ғылыми-педагогикалық факт. Педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері білім беру саласына қатысты фактілерді белгілеуге жағдай жасайды. Педагогикалық факт деген не? Қазіргі ғылымтануда кез келген ғылыми білімнің тірегі фактілер мен теориялардың арақатынасына екі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша, ғылыми фактілер теорияға мүлдем бағынбайды, тәуелсіз өздері ерекшеленіп тұрады. Бұл көзқарасты «фактуализм» деп атайды. Екінші бір көзқарас бойынша ғылыми фактілер теорияның құрамына енеді де, онымен шартты байланыста деп есептеледі. Бұл көзқарасты «теоретизм» деп атайды. Фактуализм өкілдері факт заттардың шындық болмыстағы жайын бейнелейді деп есептейді. Демек, теорияның оған ешбір қатысы жоқ, факт оған тәуелді емес. Зерттеуші үшін факт, зерттеуші оны бақылағанда немесе зерттеу пәнімен эксперимент жасағанда ғана пайда болады. Байқау және эксперимент басталғанға дейін зерттеуші үшін факт жоқ. Фактіні табу зерттеушіде бірінші кезеңде зерттелетін құбылыстың сезімдік бейнесі пайда болады, ал екінші кезеңде оған сөз арқылы мән беріледі.
Демек, теория мен фактілер екі жақта бөлек өмір сүреді. Бұл, жеке алғанда егер бір теорияны екінші теориямен салыстырған күннің өзінде фактілер өзгеріске ұшырамайды деген пікір. Табылған фактілер жойылып кете алмайды, өзгере де алмайды дейді осы көзқарасты жақтаушылар. Фактілер тек жинақталады. Олардың айтуынша, фактілердің табиғатына уақыт және оларды ғылыми түрде сақтау әсер етпейді дейді. Бұл көзқараста теорияның танымдық мүмкіндіктері төмен бағаланады. Теорияның миссиясы – ғылымға қажет жаңа фактілер жиынтығын ашу. Фактілер өзінше бағалы, теория екінші орында. Факт ғылыми білімнің басты бірлігі дейді. Айталық, К.Д. Ушинский тапқан фактілер осы уақытқа дейін өзгеріссіз келіп жетті. Оларды пайдалануға, тірек етуге болады. Бүгінгі педагогикада осы көзқарасты жақтаушылар да баршылық.
Педагогикадағы фактуализм теорияны жасауда ғалымды басқа жаққа жіберіп, фактілерді ашушы ғалымға жолды босатады. Мұндай ғалымның пайымдауынша, фактілер ғылым оны табуға ұмтылыс жасағанға дейін де объективті өмір сүрген дейді.Теоретизм бағытындағы ғалымдар фактілер сезімдік түсініктер екенін жоққа шығармайды. Олар фактілерді теориядан бөліп қарастырмайды. Фактуалистерден өзгеше теоретиктер фактілерді ғылыми теорияға тікелей бағынышты түрде қарастырады.
Бұл бағыттың танымал мысалы - Т. Куннің тұжырымдамасы. Ол өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде фактілер теориямен тығыз байланыста, фактілердің пайда болу себебінің өзі теориямен байланысты деп дәлелдеді. Т. Кун жүйелі түрде фактілерді іздестіру және табудың өзін ғылыми теория анықтайды деген ойын жеткізді. Осындай көзқарасты, яғни теория мен фактінің байланысын ғылым әдіснамашысы П. Фейерабенд те қолдайды.
Теоретизм фактінің теорияға бағыныштылығын қатаң ұстанады. Олардың ойынша, әрбір нақты теория өзіне сәйкес нақты фактілерді табуға себеп болады. Екі түрлі теорияны зерттеу жұмысында пайдаланғанда әр түрлі фактілерге әкеледі. Фактілер ғылыми теорияға қарсы тұра алмайды, олар өз бетінше өмір сүре алмайды.Әрине, ғылым фактілерсіз болмайды. Фактілер білімнің эмпирикалық және теориялық жүйелерінің негізінде жатыр. Фактілер эмпирикалық болмысты ақпараттық (тілдік) құралдармен (мәтіндермен, формулалармен, суреттермен, слайдтармен) сипаттайды.
Ғылыми фактінің табылуының күрделі құрылымы бар. Ғылыми фактіні анықтау үдерісінің құрылымында төрт бөлік бар:
-объективті үдеріс; оқиға, қажетті тіркеу;
-табылған үдерісті, оқиғаны қажетті тілдік көрсетілімде бейнелеу;
-фактіні табу үшін қолданбалы құралдар пайдалану (құрал дәуірдің, тарихи уақыттың танымдық мүмкіндігін көрсетеді);
-фактіні табу және түсіндіру мақсатында теориялық құралдарды пайдалану (құрал уақыттың дүниетанымдық, мәдени-әлеуметтік көзқарастарын, нақты теориялық абстрактылық бастапқы қағидалармен көрсетеді).
Педагогикада фактіні табу басқа ғылымдардағы сияқты үдеріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет