Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет97/103
Дата19.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#181613
түріСеминар
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103
Байланысты:
СЕМИНАРЛАР-1

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Педагогтарды ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлау теорияларына шолу жасаңыз.

  2. Қазақстан Республикасы педагогтарының инновациялық құзіреттілігін қалыптастыру технологияларына сипаттама жасаңыз.

  3. Зерттеу әрекетіне даярлықтың көрсеткіштерін негіздеңіз.

  4. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін отандық тәжірибемен салыстырыңыз.

Ғылыми мектеп пен ғылыми жетекші
Ғылыми жетекші және оның қызметінің мазмұны. Қазіргі таңда ғылымдағы жеке шығармашылық үдеріс жайындағы түсінік өзгерген. Жеке ғалым «ұйымдастырушыға» айналады. Жалпы әдебиеттерде талдаудың бірлігі ретінде көбінесе тұжырымдама деңгейінде біріктірілген және белгілі бір ғылым аясында жаңа білімді меңгеруге ұмтылатын ғылыми ұжым мен зерттеушілер қарастырылады. Бұл ғылымның даму жолындағы әр кезеңнің зерттеушілік қызметке қойылатын жаңа талаптарын өзектендіреді. Сонымен қатар, ғылымға кіріспе мақсатында жазылған әдебиеттерде ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесіне қатысты сұрақтар қарастырылғанда, оларды өзіндік практикалық қызметте қолдану мен түсінудің артықшылықтары назардан тыс қалып отырғандығын айқындауға жағдай болады. Зерттеушілік қызметтің сипаты арнайы (тәжірибелік және теориялық), математикалық, логикалық, философиялық-әдіснамалық, тарихи-ғылымилық және ғылымға кіріспелік, адамгершілік- әдіптілік дайындықты талап етеді. Сондықтан да магистрант зерттеушілік аспапты игеруші жас зерттеуші ретінде көбінесе «сынау мен қателесу» әдісін қолданып ұзақ, әрі ауыр жүріп отырады.. Осыған байланысты, магистиранттың толық қалыптасуы ғылыми мектептің дәстүрі мен ғылыми жетекші тұлғасының ықпалының мәнділігіне ешбір даусыз негізделген.
Сонымен, ғылым – бұл, біріншіден, қазіргі таңда негізгі болып келетін-ойлау, екіншіден, бұл ғылыми әдістен туындайтын жалпы адамзаттық құндылық. Егер де дәріс оқушы прфессордың міндеті,біріншіден, білімнің эталоның қалыптастыру болса, онда тәлімгер ретінде атқаратын рөлі – білім беру үрдісінде білім алушымен жеке байланысқа түсу арқылы ойлаудың ғылыми стилін қалыптастыру мен ғылымның бағалы негіздемелерін жеткізу. «тәжірибеден өтуші» болашақ ғалымның білім алушылармен жүргізетін тәлімгерлік қызметі, ол атқаратын жұмыстың ерекше формасы ретінде: 1 – ғылыми қауымдастықтың құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге; 2 – білім берудің заманауи бағытқа қарай реформалануы; 3 – түрлі буын өкілдерін өзара байланыстыра оқыту жағдайын қалыптастыру мен тәлімгердің өзін-өзі дамытуына бағытталады. Одан бөлек, тәлімгерлік идеясының өрістеуі қазіргі таңда білімділер мен ғалымдардың алатын рөлінің орасан зор екендігін қоғам түсінуіне мүмкіндік береді.
Магистрант өзінің тәрбиелік, дайындық, жан мен тән денсаулығы сипатының, психофизиологиялық дамуының деңгейімен алдынан ашылған ортамен және оның талаптарымен бірлесе отырып әрекет жасайды. Ол ондағы адамдарды, олардың мақсаттарын, мүмкіндіктерін, шектеулерін, міндеттерін, құқықтарын, өмір сүру тұрпаттарын, еңбек ету құралдары мен әдістерін көру арқылы артық не кем мөлшерде саналы түрде сол ортаға енеді. Және де тұлғалық мәнді қарым-қатынас магистранттың тұлғалық қалыптасуының басты шарты болып саналады.
Сәйкесінше, магистранттардың орта-тұлғалық өзара қарым-қатынас жүйесінде оқытушы-прфессорлық құраммен коммуникативті байланыс орнатуы маңызды орынға ие. Қазіргі педагогикалық ғылымда кемшіліктерсіз ада емес субъект-объект парадигмасының басымдылық танытып отырғандығын атап өткен жөн. Оқытушы мен студенттің серіктестігінің басты назарға алынуы ең ойға қонымды нұсқа болып саналады және де осы мақсатта негізге алынатын міндеттердің өзектіліктері мыналар:

  • ытымақтастық негізінде білім алушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы;

  • оқу үдерісі барысында екі субъектінің де өз-өзін көрсетуге және дамытуға ұмтылуы;

  • қарым-қатынас техникасын толығынан жетілдіру.

Ғылыми жетекші тұлғасының кәсібилігі, іскерлігі мен адамгершілігінің молдығы - бұл түрлі реттегі құбылыстар емес. Олар кәсіби тәжірибе, дүниетаным, белгілі бір нұсқамалар мен ерік-жігер, темпераменттің жиынтығы секілді тұлғаның толық психологиялық құрылысымен байланысты. Тұлғаның психологиялық құрылымының белгілі бір бөлігі емес, керісінше барлық құрауыштары ғылыми жетекшінің, яғни педагогтің мәдениеті мен кәсіби мінезін анықтайды. Ол кәсіби қызмет барысында өзінің тіршілік әрекетінің әдіс-тәсілдерін дамытушы белсенді субъект ретінде көрініс табады.
Тұлғаны әлеуметтік маңызды мазмұны мен қасиеті жағынан қарай отырып, Б. И. Додонов тұлғаны әлеуметтендірілген адам ретінде анықтаған. Оның «әрбір тұлғада тұтастылық, ерекшелік пен даралықтың бірлігі көрініс табады» деген ойы назар аудартады. Тұлғаға байланысты тұтастық тұғырына педагогика ғылымының классиктері аса көңіл бөлген. Мысалы, А.С. Макаренко, бірде былай деп жазады: «Адам бөліктеніп тәрбиеленбейді, ол тұтасымен құралады». Осы жайында 40-шы жылдары Р.Г.Лемберг: «Жалпы дамуға бағытталған жұмыстың нәтижесінің сыры – бұл білім алушыға тұтас ықпал ету»,-деп жазған. Тұлғаның қалыптасуына байланысты педагогика ғылымда қарастырылған сан түрлі тұғырларды саралай отырып, В. С. Ильин: «Тұлғаның тұтастылығын қатаң иерархия, реттілік және оның құрылым бөлшектері мен негізгі құрауыштарының жүйелілігі сипаттайды», - деп жазған. А. А. Бодалевтің пікірінше, адамдардың бір-бірі жайында қалыптасатын түсініктері мен бейнелері «қоғамның реттеуіші» деп аталады екен. Яғни, біз өзіміз жайында адамдар қалыптастырған мінез-құлықпен жүреміз.
Белгілі бір кәсіп түріне машықтанған адамдардың өмір сүру әлемінің бейнесін зерттеу жұмыстарының негізінде еңбек психологиясында келесідей қорытындылар жасалған: «кәсіби машықтанған мамандарды арнайы кәсіби бір тұтас объективті әлемде өмір сүреді деп айтуға ешқандай да негіз жоқ, керісінше түрлі кәсіби мамандар әлемнің сан түрлі субъектілерінде өмір сүреді». Яғни, кез-келген кәсіби маман өз қызметінің жүзеге асуына ауадай қажет ішкі психикалық тәжірибесінің ортақтығымен тығыз байланысты. Негізгі субъективті қатынас пен дамушы тұлғаның соның шеңберінде негізі қаланатын психологиялық артықшылықтары ерте жастан бастап қалыптаса бастайды. Адамның әлемге деген субъективті қатынасының ерте онтогенетикалық жағы тұлға дүниетанымының бастапқы деңгейі болып табылады.
Нәтижесінде, ғылыми жетекші мен магистранттың қарым-қатынасы барысында ақпаратты жеткізу, бағалау мен мінездің белгілі бір қырларын игеру, зерттеущілік жұмыстың стилі мен тіпті, субъектілердің өзара іс-әрекеті барысында қолданатын кейбір «клишелердің» сөздік қорға енуі де жүзеге асады. Ғылыми жетекші әлсіз және қате жарияланымдарға жауапты болуымен қатар, өз институты мен магистранттарының да репутациясы үшін жауапкершілікті болып келеді. Жетекші мен магистрант тұлғалық сипаттары жағынан бір-біріне икемделгені жөн.
Нәтижесінде талқыланып жатырған мәселені қарастыруда түрлі тұғырларға қол жеткізуге мүмкіндік берген жетекші тұлғасының теориясы мен тұжырымдамасының талдауына назар аударсақ(9-кестені қараңыз).
Әдетте, оқытудың төменгі курстарында жетекші білім алушыларға ғылыми зерттеудің әдет, дағдыларын түсіндіре отырып, меңгертеді. Жоғарғы курстар мен магистратурада – олардың белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін, өзбетінше шығармашылықпен айналысу үдерісін жүзеге асыруға және ұйымдастыруға көмектеседі. Ғылыми жетекшілердің де білім алушыларымен тікелей қарым-қатынас орнатып, тәлімгерлік ету барысында тәжірибе жинақтап өзгеретіндіктерін атап өткен жөн. Осы кезде жастың ұлғаюына қарай, байқау тәжірибесі, бірнеше әдістермен танысу, әдебиетті кеңінен білу және өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу секілді көптеген сапалар мәнді бола бастайды.
Жауапкершілікпен, өз күшіне деген сенімділікпен, басшылық пен көшбасшылыққа ұмтылумен, қоғамдық белсенділк пен сендіре алу қабілетімен сипатталатын тұлғаның күш-қуаты соңғы кезде жетекші тұлғасы дамуының жүйесін құрайтын факторлар ретінде қарастырылады. Жетекшінің тұлғалық күш-қуатын анықтайтын ішкі келісімділік сезімі өзіндік қабылдауға, өзіндік ұсынымға, басқарушылық қызметтің сұлбасы мен эталондарына негізделген. Келісімділіктің жоғары деңгейі өзіңнің ішкі дүниеңді ұғыну, өзіндік басқарылуы мен оның басқарушылық қызметтегі мәнділігін болжайды. «Мен-нәтижеге қол жеткіземін» дегендей, жетекшінің өз алдына қойған мақсатына жетуге деген сенімділігі осы келісімділік деңгейінің салдары болып табылады. «Мен нәтижеге қол жеткіземін» ұстанымы басқарушылық қызметтің психологиялық ерекшеліктері мен өнімділігіне әсер ететіндігі анықталған.
Төмендегідей құрауыштардан тұратын Е. А. Климовтың кәсіби маман сұлбасы толығынан жасақталған болып саналады: 1) адамның тұтастығы қасиеті ретінде (әлемнің бейнесі, бағыттылық, сыртқы дүниеге деген қарым-қатынас, щығармашылықты таныту ерекшеліктері, жеке тұлғаның зияткерлік қырлары, эмоционалдылық, кәсіби үміт, кәсіби ортадағы өз орнын елестету); 2) кәсіби маман болуына (ерекше қырлары, моторика, білік, дағды, іс-әрекет); 3) кәсіби маманның дамуы (спецификалық қырлар, ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және шешім қабылдау, гностикалық білік, дағды және әрекет); 4) ақпараттандырылғандық, білім, тәжірибе, кәсібилік мәдениеті (спецификалық қырлар, ғылым және теориялық білім аймағындағы бағдарлық, пәндік аймақ жайындағы кәсіби білім); 5) психодинамика (көңіл-күйдің қарқындылығы, олардың тез ауысуы, сол кәсіби аумақтағы қиындықтар мен жүктемелер); 6) кәсіптің талаптарына сәйкес өзінің жастық-жыныстық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар төңірегінде ойлану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет