Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-кесте Ғылыми мектептердің типологиясы



бет99/103
Дата19.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#181613
түріСеминар
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
СЕМИНАРЛАР-1

19-кесте Ғылыми мектептердің типологиясы



Типология

1) орталық пен коммуникациясының байлнысқа бағытталған құрылымы бар Ғылыми Мектеп (идеяның авторы, көшбасшы және оның оқушылары)



2)орталыққа және белгілі бір ортадағы байланысқа бағытталған құрылымы бар ҒМ (жеке дара авторлық идея және алдыңғы авторлардың орнын біртіндеп иеленуі )

мысал

Либиха мектебі

Физикадағы Эйнштейн мектебі

типология

3)Орталықтан ажыратылған және коммуникациясының байланысқа ие емес ҒМ (өз беттерінше негізгі идеяны жасақтаушы және оны өз зерттеулері барысында жүзеге асырушы түрлі дәрежедегі ғалымдар кооперациясы)

4)Орталықтан ажыратылған, алайда белгілі бір ортаға бағытталған байланысқа ие ҒМ (негізгі идея түрлі аймақтарда қалыптасады және жүзеге асады, ҒМ-тің ортақтығы әдебиеттің арқылы танылады)

мысал

Математикадағы Бурбаки тобы

Ғылыми білімнің түрлі аймақтарындағы «жүйелі қозғалыс»

Зерттеуші ғалым Г. Лайтко өзінің «Ғылыми мектептің – теориялық және тәжірибелік аспектілері» атты мақаласында Т. Кунның ғылыми мектептің негізін қалауға қатысты идеяларды сипаттайтын бірнеше терминдерінің жарамдылығы туралы жазады; біріншіден, парадигманың артықшылықтарға ие болуы зерттеудің алғышарты ретінде көптеген идеялардың қалыптасуына негіз бола алады; екіншіден, ол ғалымдардан құралған топтарды біріктіре алмайды, себебі зерттеу түрлі мақсаттарға бөліп қарастырылған; үшіншіден, парадигмалық идея заманауи ғылымда дараланбауы қажет. Ғылыми мектептің соңғы сипаттамасы оның жалпыға ортақ қабылдануы үшін бәсекелестік пен зияткерлік дискуссияларда жиі талқыланғаны қажет екендігіне бағытталады. Яғни парадигмалық идеяны өзінің эвристикалық құндылығын жоғалта бастаған кезінде ғана қоғам қабылдай алады деген пікір айтылады.


С.М. Раппорт ғылыми мектептің қалыптасуын «ғылыми ойлаудың стилі мен тәртібіне келісілгн және мақсатқа ұмтылдырылған адамдардың рухани бірлестігі» ретінде қарастырады. Бұл тұрғыдан ғылыми мектептердің маңыздылығы туралы пікірталастың жалғасып жатырғандығын атап көрсеткен жөн. Осы мәселеге қатысты қоғамның пікірінің жақсыдан жаманға немесе жаманнан жақсыға қарай құбылып отырғандығы анық байқалып отыр. Әсіресе, осындай мазмұндағы пікірталастар ғылыми мектептің қалыптасуы мен дамуының негізінде жатқан ғылыми дәстүрлердің жалпы үрдісімен тығыз байланысты. Дәстүр ұғымына берген түсінігін философ В.С.Степин «парадигма» терминінің орнына «ғылымның негіздемесі» атты терминін қолдану арқылы берген. Ғалымның пікірінше, ғылымның негіздемесіне төмендегі бөліктер енеді:

  1. Ғылымның идеалдары мен нормалары;

в) Әлемнің ғылыми бейнесі;
с) Философиялық-дүниетанымдық негіздеме.
М.Г. Ярошевскийдің пайымдауынша, ғылыми мектептің негізінің қалануына ықпал етуші себептерді тек зерттеушілік өнерге үйрету орталығынан ғана емес, жалпы мәселені шешуде жасақталатын бағдарламаны жүзеге асыруға ғалымдардың аса қажеттілігінен де іздеу керек екенін атап отыр.
Осыған сәйкес, егер де белгілі бір ғылыми мектептің дістүріне көшбасшылардың көмегімен жасалған спецификалық әдістемелер мен теориялар енетін болса, ал екіншілері теоретикалық бағыттылығының кеңділігімен ерекшеленіп жатады.
Алайда, оның жас ғалымдар мен тәжірибеден өтуші педагогтарды зерттеушілік қызметке бейімдеудегі қабілетін мойындаған жөн.
Зерттеуші-педагогтың тұлғалық қалыптасу үдерісінде ғылыми мектептің алатын рөлі келесідей негіздемелермен айқындалады.

  • Ғылыми мектеп деген феноменнің өзі ғылыми дәстүрдің өркендеп, сабақтасуына жағдай жасайтын оқушылар мен зерттеушілердін болуын сипаттайды;

  • Педагогтың зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы алдыңғы қатарлы оқытушылардың оқушыларының кейінгі зерттеудің жаңа бағыттарының жетекшісі болуына жағдай жасайды;

  • Зерттеушілік құралдың артықшылықтарын меңгеру білімнің дәлелділігі мен негіздемелілігінң ережелері мен жалпы критерийлерінің «тегістелу» жолы ретінде жүзеге асады. Сонымен қоса, қолданылған ұғымдардың ортақ жүйесі, зерттеудің жалпы теориялық платформасы қалыптасады.

Ғылыми мектептің жоғарыда көрсетілген типологиясы тарапынан мектеп жұмысындағы теориялық мәліметтің қомақты алаңы ретінде түрлі ғылыми мектептерде «оқушылармен» жүргізілетін жұмыстың кезеңдері мен технологияларын қорытындылау нәтижелерін алып көрсетуге болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет