Сұрақтар мен тапсырмалар 1. В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің педагогика әдіснамасы бойынша ғылыми мектебінің ең мәнді нәтижелерін сипаттаңыз.
2. М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер, Н.М.Шахмаев пен В.В. Краевскийдіңмектеп дидактикасы бойыншағылыми мектебінің ең мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
3. Л.И. Новикованың тәрбие теориясы туралы ғылыми мектебінің ең мәнді нәтижелерін сипаттаңыз.
4. З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның ғылыми мектебінің салыстырмалы педагогика жайлы ең мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
5. С.Я. Батышев пен А.М. Новиковтың «Кәсіптік педагогика – үздіксіз білім беру теориясы» ғылыми мектебінің ең мәнді нәтижелерін сипаттаңыз.
6. Педагогикалық ғылымтану туралы зерттеулер нәтижелерін сипаттаңыз.
7. В.А. Сластениннің «Тұлғаға бағдарланған кәсіптік білім беру» бойыншағылыми мектебінің ең мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
3.2. Ғылыми таным проблеманы шешуден басталады және онымен қабат жүреді. Проблеманы шешу белгілі білімнен тұрмайды және бұрыннан бар ақпаратты өңдеуден де алынуы мүмкін емес. Ғылыми проблема ғылымда пайда болған проблемалық ситуацияны ұғыну нәтижесі ретінде қарастырылады.
Проблема – бұл білімнің дамуының пәндік ақиқат шындық пен қарама-қайшылық фактілері ретінде көрінетін эмпирикалықтан теориялыққа ауысуының түрі. Нәтижесінде эмпирикалық білім теориясыз дами алмайтын жағдай туындайды.
Проблеманы шешу - бұл фактілерге теориялық тұрғыда түсінік беру немесе тек теория арқылы ғана фактілерді түсіндіру және пәнге тұтас көзқарас қалыптастыру. Бұдан эмпиризмге бейім зерттеушілер мен мұндай көзқарасты жақтаушы философтар тарапынан танымның барлық дерлік үдерісі тек фактілерден, олардың жинақталуы мен жүйеленуінен деген жеңіл түсінік тууы мүмкін. Шынында да, фактілер - барлық зерттеудің, оларды іздеудің негізі, оларды орнату мен түсіндіруді ғалымдардың біршама дәлелдеуін талап етеді. Бірақ, мұндай фактілерді табу дайын теорияны немесе болжамды, ең болмағанда жобалап айта білу керек.
Проблеманың тууы бұрынғы әдістер мен құралдардың қайтадан табылған фактілер мен таным нәтижелерінің жеткіліксіздігінен немесе пайдаға аспауынан туындайды. Бұл постулаттар проблемалық жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік жасайды: проблемалық жағдаят ескі теориялық түсініктер арасындағы сәйкессіздік ретінде, екінші жағынан жаңа фактілер мен нәтижелердің арасындағы ғылыми білімнің дамуының нәтижесі.
Бұл постулаттар проблемалық жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік береді: біріншіден, проблемалық жағдаят жаңаның ескі теориялық түсініктермен, екінші жағынан дамушы ғылыми білімнің жаңа фактілер мен нәтижелермен сәйкессіздігі ретінде; проблемалық жағдаят зерттеу мақсаты мен оның бұрынғы құралдар арқылы жетістікке жетуінің сәйкессіздігін бейнелейді. Зерттеу проблемасын қоюда дидактиканың, бәрінен бұрын практиканың кемшіліктерін жою қажеттілігіне бағдарлануын ескеру керек. Мәселенің айтылуы төмендегіше жүзеге асырылады: ортадағы сауалды алға шығару; проблеманың негізі болатын қарам-қайшылықты айқындау; күтілетін нәтиженің болжамды сипаттамасы. Содан кейін проблема негізделеді (осы проблеманың басқалармен мазмұндық байланысын орнату); өзектендіру - проблеманың ақиқаттығы, оның қойылуының қажеттілігі және шешудің мүмкіндіктері үшін дәлелдемелер келтіру; берілген проблемаға өзінің мәні жағынан қарама-қарсы болатын қарсылық келтіру; проблеманың ұғымын анықтау немесе оның мәнін, маңызын түсіндіретін қысқаша жазба; қайтадан кодтау, яғни проблеманың мазмұнын баршаға түсінікті болатын зерттеу нәтижелері кімге бағытталғанына қарай пәндік-ғылыми оңтайлы тілге аудару. Педагогикалық мәселенің орталық элементі - адамдардың оқыту мен тәрбиелеу саласындағы қажеттілігі туралы білімдер мен оларды шешу жолдарын,құралдары мен әдістерін білмеудің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Сонымен бірге осы жағдайдың жалпы түрі қазіргі бар ескі білім мен жаңадан табылған эмпирикалық және теориялық зерттеулер құбылыстарының арасындағы қайшылықтардың пайда болуы ретінде сипатталуы мүмкін. Эксперименттік және нақты ғылымда мұндай қарама-қайшылық бұрынғы құралдар мен әдіс-тәсілдердің бәрінен бұрын байқау немесе эксперимент нәтижесіне сәйкес келмеуі тұрғысынан айтылады. Бұл дегеніңіз бұрыңғы әдістер жаңа ашылған деректерді түсіндіруге қабілетсіз болады деген сөз. Бұл постулаттар проблемалық жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік жасайды (6-кесте).