КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Соңғы жылдары кеңінен таралып, педагогтар қауымының қолдауын тапқан технологиялардың бірі – Ж.А.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы. Аталған технология ең алдымен оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін, белсенділігі мен іскерлігін арттырады, өз білімін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалімдердің де кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, оларды ғылыми ізденіске және шығармашылыққа жетелейді.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының мазмұны, ерекшеліктері жан-жақты ашылып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді жолдары көрсетілген.
Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясының ерекшеліктері мен мазмұны.
Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде, өмірге көптеген жаңа білім беру технологиялары келді. Технология дегеніміз не? Білім беру технологиясы жөнінде мынадай түсініктер бар.
Білім беру технологиясы – бұл:
Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу. (И.П. Волков)
Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы. (В.М. Шепель)
Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. (В.П. Беспалько)
Соңғы жылдары кеңінен пайдаланылып жатқан технологияның бірі – Ж.Қараевтың “Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі” педагогикалық технологиясы. Бұл технологияның мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін дәстүрлі оқытумен салыстырайық.
Егер дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазір белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б.). Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, “миға шабуыл”, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді
әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.
Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы, жауапкершілігі, т.б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді, т.б. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.
Индивидуалды оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді.
Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін ынталандыру.
Күнтізбелік жоспарлауға және сабақ жоспарлауға қойылатын талаптар.
Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не?
Модуль – бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау.
Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе модуль) үш қорытынды сабақпен аяқталады:
деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс;
коррекциялық жұмыс;
деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.
Бұл үш сабақ не үшін керек ? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа бір сағат бөлінетін еді. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек. Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмысқа бөліну керек.
Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталу керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау керек: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.
Сабақтың құрылымы.
Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі.
І кезең (5-7 минут)
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік
тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру).
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.
ІІ кезең (20-25 минут)
5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).
Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
ІІІ кезең (сабақтың қалған 12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)
Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут).
Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.
Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы бойынша
сабақты өту әдістемесі.
І кезең (5-7 минут)
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй жұмысын тексеру.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру. Бұл жерде үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы және үй жұмысының жалпы ұпайын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының ұпайын “ашық журналға” жазады, тиісті бағасын қояды.
Өткенді пысықтау.
Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.
Қолданылатын әдістер:
А) сұрақ-жауап әдісі;
Ә) “Ассоциациялар қатары”, мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.
ІІ кезең (20-25 минут)
Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру.
Бұл жерде 10-15 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Мысалы, оқушыға 5 сұраққа жауап беру ұсынылады (сұрақтар параққа жазылған, әрбір оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа беріледі). Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды. Мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.
“Данышпан үкілер” техникасы
(Техника “Мудрые совы”)
Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
Маңызды өмірлік даналық
Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
Таныс және таныс емес.
Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.
Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.
2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.
Негізгі әдіс-тәсіл – проблемалық оқыту (диспут, дискуссия, оқыта үйрету ойындары т.б.)
3. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
Жаттығулар орындау, мысал-есептер шешу. Сабақтың бұл кезеңінде төмендегі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
“Ара ұясы” техникасы
(Техника “Пчелиный улей”)
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауды тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.
“Тірек мәтін” техникасы
(Техника “Опорный текст”)
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыптың тірек конспектін жасайды.
ІІІ кезең (12 минут + 3 минут)
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады:
1-ші деңгей – оқушылық (репродуктивтік), стандарт.
2-ші деңгей – алгоритмдік, орташа қиындық.
3-ші деңгей – эвристикалық, күрделі.
1-ші деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды. Олардың қызметіне мұғалімді мұқият тыңдау, зерттеліп жатқан объектіні бақылау, нұсқа бойынша практикалық әрекеттерді жасау жатады. Бұл деңгейде олардан ұғымдарды, фактілерді, ережелерді білу және оларды үлгі бойынша қолдана білу талап етіледі. (Сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? Неге? Аяқта, формуланы жаз, т.б.)
2-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуін қажет етеді. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру жатады. (Тапсырмалар түрі: түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, құрылымы қандай, классификация жаса, т.б.)
3-ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне бағытталған тапсырмаларды орындайды. Бұл тапсырмалар оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс жағдайда қолдана білуін талап етеді (Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме, қорытындылар дұрыс па, т.б.)
1-ші деңгейдің тапсырмаларын барлық оқушы (үлгерімі төмен де, жоғары да) орындауға міндетті. Бұл деген сөз мұғалім барлық оқушыға бірдей қарайды, оларды алдын ала қабілетті және қабілетсіз деп бөлуден аулақ болып, оқушы көңіліне кірбің келтірмейді. Әрі барлық оқушы мемлекеттік стандарт білімін меңгергеніне кепілдік болады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындауды оқушылар барлығы бір уақытта бастайды және әрқайсысы өз білім шыңына өзінің жеке қабілеттеріне қарай жетеді. Әрбір оқушы жоғарғы деңгейге жетуге мақсат етеді, өйткені әрбір деңгейлік тапсырманы орындағаны үшін оқушы ұпай жинап отырады:
1-ші деңгей – 5 ұпай (5 тапсырма)
2-ші деңгей – 4 ұпай (4/2 тапсырма)
3-ші деңгей – 3 ұпай (2/1 тапсырма)
Деңгейлік тапсырмалардың барлығын сыныпта орындап бітіру мүмкін емес, сондықтан үй жұмысына сол деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2. Сабақтың соңғы 3 минутында сыныптағы ұпайлар саналып, “ашық журналға” белгіленеді.
Өзіндік жұмыстың алдында оқушыларды сабаққа дайындау қажет. Ол үшін мұғалім өткен тақырыпты ауызша қайталап, өзіндік жұмыстың көлемі және мазмұны, мақсаты және орындау техникасы туралы нұсқаулар береді. Мұғалім барлық оқушы жұмысты қалай орындау керек екендігіне көз жеткізу керек. Ерекше көңіл баяу және үлгерімі төмен оқушыларға бөлі неді. Қажетті жағдайда мұғалім қосымша түсініктемелер береді.
Кейінгі сабақта модуль бойынша кемшіліктерді жоюға арналған коррекциялық жұмыс өткізіледі. Мұғалім барлық тапсырманы дұрыс орындаған оқушылармен бірге үлгермеген оқушыларға көмектеседі, өтілген тақырыптың түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Соңғы сабақ – бақылау жұмысы. Тапсырмалардың орындау барысын және оның нәтижесін мұғалім қатаң бақылайды және бағалайды. Бұл сәтте оқушының жиған ұпайы бақылау жұмысының нәтижесі бойынша төмендеуі мүмкін, өйткені бақылау жұмысын оқушы жеке, ешкімнің көмегінсіз, мұғалімнің қатаң қадағалауында орындайды.
Оқушылар білімін бағалау жүйесі
Жоғарыда айтылғандай, деңгейлік тапсырмалар 12-ұпайлық жүйемен бағаланады:
1-ші деңгей – 5 ұпай
2-ші деңгей – 4 ұпай
3-ші деңгей – 3 ұпай
Барлық оқушы міндетті түрде жұмысты 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға қойылмайды, “сынақтан өтті”, “сынақтан өтпеді” деп бағаланады. “Сынақтан өтпеді” деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Егер бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептелінбейді. Бұл жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орындаған тапсырмаларды ғана қайтадан орындайды.
Тәжірибе дәлелдегендей, “сынақ” арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандартты меңгеруге мүмкіндік алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады.
Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” + белгісін қояды.
Мысалы: Қазақ тілі пәні бойынша 7 сыныптың “ашық журналы”.
І тоқсан
Модуль І.
Сабақ тақырыбы:_______________________________
Ұпайлар
Оқушы
аты-жөні
|
1-ші деңгей
5 ұпай
|
2-ші деңгей
4 ұпай
|
3-ші деңгей
3 ұп.
|
Сыныпта жиған
ұпайы
|
Үй жұмыс. ұп.
|
Барлық ұпайы
|
Бағасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2
|
|
|
|
|
Түргенбаев А.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
|
-
|
7
|
3,5
|
10,5
|
4
|
Атымтаев Е.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
1
|
5 “с”
|
3
|
Деңгелбаева М.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
2
|
6
|
3
|
Асанова Д.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5 “сын”
|
2
|
7
|
3
|
Жаңбырбаев Д.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
|
-
|
-
|
7
|
2
|
9
|
4
|
- үйде орындалған тапсырма
Бұл журнал оқушылар бойында бәсекелестік қалыптасуына және әрбір оқушы өз білім деңгейін әділ бағалауына қажет. Әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды.
Мұғалім өзіне де жеке журнал арнауына болады. Не үшін? Үнемі кол астында әрбір оқушының жетістігінің көрсеткіші болады әрі үлгермей жатқан оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін.
Мұғалімнің жеке журналының беті
Алгебрадан 7 сынып оқушыларының І тоқсанның
екі модуль нәтижесі бойынша жетістіктері
Оқушы аты-жөні
|
Модуль І
|
1 сабақ
|
2 сабақ
|
3 сабақ
|
4 сабақ
|
5 сабақ
|
6 сабақ
|
Өзін.жұм.ы
|
Бақ.жұм.
|
МодульІІ
|
10 сабақ
|
Түргенбаев А.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атымтаев Е.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Деңгелбаева М.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Асанова Д.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жаңбырбаев Д.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар да әр тақырып бойынша өз жетістіктерін өздеріндегі “Жеке журналға” белгілеп отырады. Мысалы:
Мараттың алгебрадан жеке журналы
Ұпайлар
Сабақтар
|
1-ші деңгей
5 ұпай
|
2-ші деңгей
4 ұпай
|
3-ші дең-гей
3 ұп.
|
Сыныпта жиған ұпайы
|
Үй жұмы-сының ұпайы
|
Барлық ұпайы
|
Бағасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2
|
|
|
|
|
1 сабақ (тақыр.)
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
1
|
5 “с”
|
3
|
2 сабақ …
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
1
|
5 “с”
|
3
|
3 сабақ
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
v
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
4 “с/өтп”
|
2
|
6 “с”
|
3
|
4 сабақ
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
v
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5
|
2
|
7
|
3
|
5 сабақ
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
v
|
-
|
-
|
7
|
2
|
9
|
4
|
6 сабақ
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
v
|
v
|
-
|
8
|
2,5
|
10,5
|
4
|
Өз.жұмыс №1
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
10,5
|
-
|
10,5
|
4
|
Қатемен жұм.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақ.жұмысы №1
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
-
|
9
|
-
|
9
|
4
|
ІІ модуль
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 сабақ…
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды
Қорыта айтқанда, жүргізілген эксперимент және тәжірибе жұмыстары нәтижесінде деңгейлеп оқыту технологиясын ендіру оқытудың төмендегі өзекті проблемаларын шешетінін көрсетті:
оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру;
білім беруді гуманизациялау және демократизациялау;
белсенділіктің, біліктіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру;
оқу үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру;
білім сапасын көтеру, оқушының әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінде 100 пайыздық үлгерімін қамтамасыз ету;
оқу үрдісінің субъекттеріне қолайлы жағдайлар жасау;
оқушыларды жеке дифференциалды үй жұмысымен қамтамасыз ету;
дарынды балаларды дер кезінде анықтау және дамыту;
оқыту сапасының мониторингін және диагностикасын, оқушы білімін бағалаудың әділеттілігін қамтамасыз ету;
оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану.
СЕМИНАР
Тақырыбы: «Ақпараттық технология көздері-қазіргі заманғы
кәсіби маман даярлаудың кепілі»
Орындаған: өндіріс шебері Асаев Бабиржан
Өтетін мерзімі: 15.10.2012ж. Өтетін кабинеті: №103 компьютер кабинеті
Тақырыбы: «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КӨЗДЕРІ-ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ
КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ»
Мақсаты: Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалдануды түсіндіру, үйрету және дәлелдеу.
Жоспары: ақпараттық технологияның теориясы, дәстүрлі және ақпараттық технологиялар арасындағы айырмашылық, мұғалімдермен тиімді жолдарын қарастыру, «Тігінші» «ЭЕМ операторы» «Есепші» мамандықтарында оқитын оқушылардан ақпараттық технологиялар жайында ұсыныстарын алу. Оқушылардың алға қойған мақсатын және өз өмірінен алған тәжірибелерін тыңдау.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.
Ақпараттық технология (Информационная технология; ) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. [1]
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. [2]
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарлама-ларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
- Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
- Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын. [4]
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. [4]
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
уақытын үнемдеуге көмектеседі;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді;
экономикалық тиімді;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде көп көмегі бар;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
•Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.
•2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
•3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
•ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың
•арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
•4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
•5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
•табысты байланыстырады.
•6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. [5]
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
Пәндерді оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. [6]
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
Тұтынушының қолдану сапасында;
Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді. [7]
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
Ақпарат іздеу жүйесі;
Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
әр түрлі форматты файлдар;
мәліметтер қоры;
бағдарламалық модульдер;
жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады. [8]
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:
сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:
қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау. [9]
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процессiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру. [10]
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1) эмпирикалық әрекет қабылдау кезеңі ретінде;
- монитор экранындағы фонына назар аудару;
- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2)жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3)жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау;
4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
СЕМИНАР
Тақырыбы: «Кейс технологиясы»
Дайындаған: Өндірістік оқыту шебері
Б.И. Асаев
Семинар: «Кейс технологиясы»
Дайындаған: Асаев Б.И.
Өтілетін күні: 15.04.2013ж.
Өтілетін уақтысы: 14:30
Өтілетін кабинет: №103 компьютер кабинеті
Мақсат: кейс технологиясын оқу процесіне ендіріп және пайдалана тұрып мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім-біліктілерін қалыптастыру, жетілдіру және кәсіби маман даярлаудағы жолдарын қарастыру.
Кейс технологиясы
Кейс – стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций)
ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. б. салаларда жемісті қолданылуда.
Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген:
мақсаттарды анықтау,
әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу,
CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған шынайы немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі. Шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер қарастырылады:
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;
Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;
Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;
Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;
Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі.
Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастыруға болады:
Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді.
Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады.
Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.
Оқушы-оқушы пікірталасады.
Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:
кейс дайындау бөлімі
нақты жағдаяттар бөлімі
кейске кіретін қосымша тапсырмалар.
Оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалады.
1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.
2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;
3-кезең. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;
4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;
5-кезең. Оқушылардан күтілетін нәтижені болжау;
6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.
7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.
Кейс технологияның құрылымы:
1. Презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды.
Осы проблеманы түсіндіреді.
2. Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікірлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.
3. Проблеманы талқылау – оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді және үйренеді.
4. Шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді.
Кейс технологияны іс-жүзінде тексеру
Мысалыға мұғалім тақтаға кез келген тақырып жазады:
«Бұлақ»
Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағына шөптер өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.
Мұғалім мәтінді оқып, оқушыларға мынадай проблеманы шешуді ұсынды.
Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек.
Оқушылар проблеманы шешуге топ болып кірісті. Әрбір топ өздерінің көзқарастырын ортаға салды.
Бірінші топтың оқушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:
Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза болуы керек. Ауыл адамдары бұлақты үнемі күтіп, таза ұстау керек.
Екінші топтың оқушылары: Бұлақты үнемі тазалау қажет. Сонда оның суы таза болады. Бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.
Үшінші топтың оқушылары: Бұлақ көрсең – көзін аш деген мақал бар. Балалар, үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек. Бұлақтың суы қыста жылы, жазда салқын болады.
Кейс технологиясының ұтымдылығы төмендегідей:
Балалар өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланады;
Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнайды;
Проблеманы өздігінен шешуге ұмтылады, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді;
Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланады;
Ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері дамиды.
Мәселелер тізімі:
Жалпы
1. Тәртіпсіз оқушы.
2. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жұмысқа орналастыру.
3. Сөйлей алмайтын және жазалмайтын оқушыларға білім беру.
Пәндік
Информатика – Компьютер қосылмай жатыр.
Есепші – Главная книгада қателік бар.
Тігінші – Отход материалдардан сәнді декорация жасап шығару.
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Кәсіптік білім беруде
ақпараттық-коммуникациялық технология әдістерін пайдалану»
(«ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша)
Дайындаған: Асаев Б.И.
Сөз басын Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен қабылданған «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деген сөзден бастағым келеді.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, әр түрлі кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушыдар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу - уақытты үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын көтеріп, ақпараттык-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
АКТ құралдарын информатика сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасау оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер құра біледі.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1. Мультимедиалық мүмкіндіктерді қолдану (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне- клиптер,слайд –шоу).
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі өте көп, солардың ішінде мысалы:
• оқушының өз бетімен жұмысына баға беру;
• уақытын үнемдеуге;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;
• шығармашылық есептер шығару анимациялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі, яғни тапсырмаларды DVD және флеш дискілерде сақтау;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
келесі тізімін қарап шығайық:
Интернет технологиялары
Онлайн сабақтар – шет елдегі және қашықтықтағы мұғалімден дәріс алу;
Онлайн бейнекурстар – интернетте сақталынған сабақтарды көру;
Онлайн тестілеу – курстан өту үшін интернет арқылы тест тапсыру;
Интернеттен ақпарат қабылдау, жіберу, сақтау және өңдеу – интернет арқылы тапсырмалар алу;
Қашықтықтан оқыту – мекен жайынан шықпаяк барлық сабақтарды және оқуды интернет арқылы оқып бітіру;
Бірлескен телеконференциялар - әр түрлі қалада орналасқан адамдармен бірігіп сабақ ұйымдастыру;
Мультимедиа технологиялары
Слайд шоулар
Презентациялар
Анимациялар
Интерактивті курстар
Бейнекурстар
Бейнефильмдер
Бейнероликтер
Дыбыстық сөздіктер
Кітаптардың электрондық көшірмелері
Реферат, журнал және газеттердің электрондық көшірмелері
Электрондық аудармашы бағдарламалар
Электрондық сөздіктер
Электрондық энциклопедиялар
Электрондық оқыту бағдарламалары
Ойын арқылы оқыту бағдарламалары
Жергілікті желімен тестілеу
Интернет арқылы тестілеу
және тағы басқалар
Жоғарыда атап көрсетілген барлық АКТ түрлерін ЭЕМ операторы мамандығын оқытудағы пайдасы өте мол. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қиын жерлері, олардың ойлау қабілеттері баяу және ұмытшыл болулары. Мұндай кезде оларға келесі АКТ әдістерін қолданған дұрыс:
Теориялық сабақтарында – слайд-шоулар, презентациялар, анимациялар, бейнероликтерді ұсынуға болады.
Өндірістік сабақтарда – интерактивті курстар, бейнекурстар, бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, электрондық оқыту бағдарламалары, ойын арқылы оқыту бағдарламалары, және т.б. көмекке келеді.
Өзіндік жұмыстар – интернет, электрондық сөздіктер, кітаптардың сандық көшірмелері, электрондық аудармашы бағдарламалары, дыбыстық сөздіктер, электрондық энциклопедиялар және т.б.
Бағалау кезеңінде – жергілікті тестілеу, онлайн тесттер, электрондық лабораториялық тапсырмалар.
Жоғарыда атап өтілген АКТ әдістерін білім жүйесінде толығымен қолдану үшін, компьютерлік кабинеттер келесідей техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек:
Жылдамды компьютерлер
Интерактивті тақта – тест пульттар, графикалық планшет, сымсыз тінтуірлер, указка және ручкаларымен бірге;
Лимитсіз жылдамды интернет;
Мультимедиа құрылғылары – веб камера, колонка, наушниктер.
Мәліметтер сервері - сандық мұрағат;
Компьютерлерді байланыстыратын жергілікті желі;
Жүйелік және қолданбалы бағдарламалар;
Ксерокөшірме аппараттары;
DVD және флеш дискілер;
және т.б.
Компьютерлік кабинеті мұндай құрал-жабдықтармен қамтылғанымен үлкен негізгі мәселе туындайды, ол не десеңіз – барлық техникалық құрал-жабдықтар және бағдарламардың ҚАЗАҚ тілінде болмауы. Сол себепті АКТ әдістері Қазақстан республикасында әлі толық дамымаған. Дегенімен АКТ әдістері тек қана кәсіптік білім беруде емес барлық білім саларында өте тиімді болып табылады.
СЕМИНАР
Тақырыбы: «ActivBoard 378 интерактивті тақтасымен және ActivInspire 1.4 бағдарламасымен жұмыс жасау»
Өткізген мұғалім: Асаев Б.И.
Өтілген күні: 11.01.2012 жылы
Достарыңызбен бөлісу: |