3. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі?
4. Орталық Қазақстанның «мұртты» обалардың неше түрі кездеседі?
5. Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңі?
Тасмола мәдениетінің екінші кезеңі?
Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі?
Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің үш кезеңі? Дәріс №22, 23, 24
Тақырыптың атауы: Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге сармат тайпасының саяси тарихы, шаруашылығ, мәдениеті, үш кезеңнен тұратын археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Сақ-сармат дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығы, мәдениеті, өнері мен діни сенімдері. 2. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері.
Сарматтар деген халықтың аты б.з.б. ІІІ ғасырдан бері белгілі. Сол кездері сарматтардың скифтерді жаулап алуы басталады. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде қалдырмай қырып-жойған. Сөйтіп елдің басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың басты бір тайпасы роксоландар б.з. І ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен аландар жүріп отырған.
Сарматтар өздері басып алған жерлердегі халықтарының саяси өміріне белсене қатысқан. Мысалы, б.з.б. ІІ-ші ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы Митридатпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылады. Б.з.б. І ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.б. 49-шы жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғұндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп аталатын қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан болатын.
Б.з.б. ІҮ ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлерді алып жатқан. Осынау уақытта бұл жерде мәдениеттің екі басты бағыты құрылып қалыптасты, олар:Батыс Болғар мәдениеті және Шығыс Орал мәдениеті.
Сармат тайпалары(Прохров мәдениеті) өлген кісілерін әдетте топырақ үйінділерінің астына қойған. Олар қабірдің үстін немесе айналасын балшықпен сылап, қабірдің ішін ағашпен, кесінділермен не қабықпен көмкереді екен. Өлген кісіні басын түскейге қаратып, шаласынан жатқызып қою Прохров мәдениетіне тән сипат болып келеді.
Екінші кезеңде (Суслов мәдениеті) б.з.б. ІІ-ғасырдың аяғынан б.з.б. І ғасырының басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермей, бұрынғы күйінде қала береді. Бірақ бұл кезде ішкі көмкермелі молалар саны күрт кеміп, жасанды үңгірлер мүлде жоғалады. Кемері кертпелі лақатты тепкішекті молалар түрі сақталып қалады.
Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІҮғ. кезеңі.
Кейінгі сарматтар көптеген салт-дәстүрлерді сақтап, жалғастыра түседі. Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші көмкерілетін тар қабырларға жерленетін болған.
Сармат тайпаларының басты кәсібі-көшпелі мал шаруашылығы. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Климаты аса қатал континенталды келетін аймақтың қысқы күндерінде малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы-қырлы аудандарға көшіп отырған. Батыс Қазақстандағы мұндай жерлер оңтүстік пен батыс беттегі ағынсыз өзендері мол шағылды аймақтар, жалпы сырт сілемдері мен үлкен өзендер алқабы болып табылады. Көшпелілер әдетте ағашы мен бұтасы қалың тоғайлы, қопалы жерлерді таңдап алған. Көктем шығысымен қысқы қоныс өрістерін тастап кетіп отырған. Олар от пен судың, мал азығы қорының қалпына келуіне, сөйтіп ел-жұрттың қайта оралып қыстауына жағдай жасаған. Жалпы алғанда сарматтар шөбі тапталғаннан кейін, жаңа жайылымға көшетін болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең жайылымдар, мал айдап көшіп өткенде ғана болмаса, өте аз пайдаланылған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сармат – савромат дәуірінің бірінші кезеңі?
2.Сармат – савромат дәуірінің екінші кезеңі?
3.Сармат – савромат дәуірінің үшінші кезеңі?
4.Прохор мәдениетінің ерекшелігі?
5.Суслов мәдениетінің ерекшелігі?
6.Сармат тайпаларының археологиялық тұрғыдан маңызды және бай ескерткіштері қай жерден табылды?
7.Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінді?
8.Сақтар өздерінің ат мифологиясын немен байланыстырады?
9.Сақ тайпаларының шаруашылық өмірінде андроновтықтарға қарағанда қандай өзгешіліктер болды?
Дәріс №25, 26, 27
Тақырыптың атауы: Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттік құрылымдар.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге “хунну”, “усун” атауларына түсініктеме бере отырып, саяси тарихы, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ғұндардың және үйсіндердің саяси тарихы. 2. Шаруашылық-экономикалық қатынастары және әлеуметтік құрылымы. 3. Көрші халықтармен қарым-қатынасы, рухани және материалдық мәдениеті.
Б.з.б. І мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке және Ордосқа дейін созылып жатқан дала мен шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ-Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.
Сюннулар(хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе, б.з.б. ІІІ ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. “Ғұн” деген атаудың өзі кейінірек сюнну(хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдыреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан “Ғұн” атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпалардың бірігіп топтасуы б.з.б. 174 жыл.
Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, оларды өзіне қаратты. Мөде батыста юечжей тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200 жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды. Ал б.з.б. 200 жылы қытай Хань әулетінің негізін салушы Лю Баньмен соғысып, оны жеңді. Ұлы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Б.з.б.188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры “тыныштық және туыстық” жайлы шартқа қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, ал Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Соғыстың нәтижесінде Байкал сыртынан Тибетке және шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі ғұндардың қол астына көшті. Ғұн империясы орасан болғанымен ішкі талас-тартысқа толы болды. Мұның өзі б.з.б. 59 жылы өз ішінде соғысқа алып келді.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өз тәуелсіздігін сақтап қалып, Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарына көшіп-қонып жүрді.
Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны б.з. І ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.
Олар Тарбағатайға дейін келіп, Балқаш өңірінің оңтүстік шығысын жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Ү ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді.
Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен бірге отырықшылық пен егін шаруашылығы, қолөнер де дамыған.
Батыс үйсіндердің шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы гуньмо деп аталған. Ордасы Ыстық көлдің жағалауындағы Чигучен(Қызыл Аңғар) қаласы болған.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастады. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, “Батыс өлкесіне” б.з.б. 138ж. Чжан Цзянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжань Цзяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-ші жылға дейінгі үйсіндердің жері үш бөлікке:сол(шығыс), оң(батыс) және гуньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген.
Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де білген. Жүн тоқып, тері илеп, киім киген.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
“Хунну”, “сюнну”, “усун” ұғымдарына түсінік беріңіз?
Б.з.б. ІІІ ғ. үйсіндер мекен еткен территория?
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің лауазымы?
Үйсіндердің астанасы?
Ғұндар Қазақстан жеріне қай жерден және қашан келді?
Ғұн билеушісі Модэ батыста кімдерге қарсы жорық жасады?
Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы қай жылы басталды?
Қай ғасырда ғұндар Еуропа жеріне қоныстанды?
Ғұндар мен үйсіндердің негізгі шаруашылығы?
Ғұндар мен үйсіндердің қоғамдық құрылысы?
Ғұндар мен үйсіндердің рухани және материалдық мәдениеті?
Достарыңызбен бөлісу: |