Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 21

бет8/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,68 Mb.
#12763
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2. Мектептік мұражай – ғылыми жүйелендірілген түрде өнер облысын, өндіріс салаларын, белгілі бір ғылыми пәнді зерттеуге бағытталған мұражай профиліне сәйкес жаратылыстану-тарихи коллекциялардың, тарихи түпнұсқа-ескерткіштердің көрмесін ұйымдастыруға арналған ғылыми мекеме. Түпнұсқа ескерткіштерді жинақтау белгісі жағынан мектептік мұражайдың басқа мұражайлардан еш өзгешілігі жоқ. Оның өзге мұражайлардан айырмашылығы қордағы коллекциялардың сипатында, мәселелерді қарастыру тереңдігінде және оларды ғылыми өңдеудің шеңберінде жатыр. Ал мектептік мұражайлар өздері бір-бірінен жұмыс бағытына әсер ететін кейбір спецификалық мақсаттары мен әдістері жағынан ажыратылады. Олардың негізін оқу-тәрбиелік қызмет атқаруда басты дерек көзі болатын түпнұсқа-ескерткіштер құрайды. Осыған сәйкес мектептік мұражайдың профилі анықталады. Профиль мұражай түпнұсқаларының өнер түріне, өндіріс салаларына, белгілі бір ғылыми пәнге деген қатынасына сәйкес анықталады. Мәселен, тарихи, көркемөнерлік, әдеби, сонымен бірге өлкетанулық бағыттағы кешенді профиль (тарихи-әдеби, жаратылыстану-тарихи т.б.).

Мектептік мұражайлардың профилін анықтау барысында қоғамның саяси қажеттіліктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерін, сонымен қатар мектептік белсенділер ұжымының қызығушылықтарын ескеру керек. Ең бастысы – профильді таңдау барысында түпнұсқа-ескерткіштер қорын ескерген жөн. Егер жоғарыда айтылған талаптар орындалып, бірақ түпнұсқа-ескерткіштер көлемі шектеулі болса, онда бұл профильді таңдамаған дұрыс. Профильді анықтауда сонымен бірге мұражайдың зерттемелі және жинақтау жұмыстарын жүргізетін территориялық шекараларды ескерген жөн. Бұл село, шағын аудан, әкімшілік аудан, қала болуы мүмкін. Зерттеу аумағын тым кең шеңберде қарастырмаған дұрыс. Кейбір жағдайда мектептік мұражайлар өз профильдерін әдейі мектеп тарихымен шектейді.

Көп жағдайда мектептік мұражайлар өлкетанулық профильде құрылады. Бұл заңды құбылыс. Өлкетанулық профиль материалды кең кешенді зерттеу мен жинақтауға мүмкіндік береді.

  1. Мектептік мұражайларды, басқа да халықтық мұражайларды оның ұйымдастырушылық жұмысын іске асыратын, сонымен қатар оның қызметіне тікелей қатысатын қоғамдық белсенділерсіз көзге елестету мүмкін емес. Мұражай күрделі организм, бірақ оны қалыптастыру мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін материалдарды жинақтау, оларды құжаттау, зерттеу, есеп жүргізу мен сақтауды ұйымдастыру, арнайы мұражай үшін ғимаратты даярлау мен оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, экспозицияларды көркемдік-безендіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін көп ұйымдастырушылық жұмыстар жасау керек. Сонымен қатар мұражайда үнемі саяхат ұйымдастырып тұру қажет, мұражайды тәртіп пен тазалықта ұстау керек. Алайда мұражайды ұйымдастыру іс-шаралары осымен аяқталды деп есептеуге болмайды. Себебі оның даму мен жетіле түсуінде шек жоқ. Осының барлығы мұражайдағы үлкен ұжымның жүйелі де жақсы ұйымдасқан жұмыстарын қажет етеді.

Мектептік мұражайды ұйымдастыру жұмысымен көбінесе өлкені зерттеумен айналысып жүрген мұғалім жүзеге асырады. Ол мектептік мұражай профилін анықтауға көмектеседі, жалпы жұмыстың жоспарын құрады, белсенділер қызметіне бағыт беріп отырады. Бірақ, мұғалім мектептік мұражайды оқушылардың қызығушылығына, олардың қоғамдық ұйымына, атқаратын жұмыстарына қарап, солардың негізінде ұйымдастырады. Мектептік мұражайда атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. мұражай, оның профилі төңірегіндегі мәселелер педагогикалық кеңесте талқыланады; сонымен бірге кеңес мектептік мұражайды ұйымдастыратын жетекші-педагогты бекітеді;

  2. мектептік мұражайды ұйымдастыру туралы ұсыныс жоғарғы кластардың жиналыстарында талқыланады;

  3. жоғарғы класс оқушыларының жиналысы мұражай кеңесі мүшелерін тағайындайды. Кеңес мүшелері мұражайда іске асыратын барлық жұмыстарды ұйымдастыру және барлық іс-шараларға жауапкершілік жүктеледі. Бұл істің барлығына иницаторлар болып көбінесе мектептік өлкетанулық, коллекционерлер немесе тарихи-ғылыми үйірме мүшелері табылады.

Мұражай кеңесі жыл сайын жаңартылып, кеңес мүшелері қайта сайланады. Жаңадан кеңес құрылмас бұрын кеңес мүшелері өздерінің атқарған қоғамдық іс-шарларына есеп береді. Кеңес мүшелері көбінесе 10-13 адамнан тұрады. Олардың қызметтері төмендегідей жүйемен бөлінеді:

  1. Мұражай кеңесінің төрағасы. Ол жетекші-мұғалім басшылығымен кеңес мүшелерінің барлық жұмыстарын ұйымдастырады. Мұражай мүшелерінің материалдарды жинақтау, экспозиция құру, кезекшілік атқару және саяхат өткізу график-жоспарларын жасақтайды;

  2. Мұражай кеңесінің хатшысы. Кеңес отырыстарының хаттамаларын жүргізеді, саяхаттармен, жорықтармен, экспозиция құрумен байланысты барлық құжаттардың сақталуына жауапты;

  3. Мұражай кеңесінің мүшелері. Кеңес оларды экспозиция құруға, материалдарды жинақтауға, қажетті құрал-жабдықтарды даярлауға, экспозицияларды көркемдеп безендіруге, саяхат жүргізуге жауапты етіп бекітеді.

Мектептік мұражайдың құрылғандығы жөнінде кеңес жақын облыстық немесе аудандық өлкетану мұражайын хабардар етуі керек. Олар мұражайға ғылыми-әдістемелік кеңес беруге, экспонаттарды анықтауға, мұражай бұйымдарын есепке алуға және экспозиция құруға көмек беруге міндетті. Өз кезегінде мектептік мұражай өлкетану мұражайларына өзінің негізгі қорларының құрамы туралы мәліметтер беру тиіс. Мұндай мәліметтер төмендегідей формадан тұрады: 1) реттік нөмірі; 2) мұражай бұйымдарының инвентарлық нөмірі; 3) мұражай затының атауы; 4) тапқан жері; 5) кім заттай немесе жазба деректі тауып, мұражайға әкелгендігі туралы.

Кеңестің негізгі міндеті – кеңеспен бірге қажетті жұмыстарды атқаратын оқушылардың үнемі белсенділігін арттыру: ескерткіштерді жинақтау, коллекцияларды сақтау, оларды зерттеу, экспозиция құру, саяхат өткізу, мұражайда кезекшілік атқару.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мектептік мұражай дегеніміз не?

  2. Мектептік мұражай ерекшеліктері?

  3. Мектептік мұражайдың басты қорғаушысының қызметі?

  4. Мектептік мұражай кеңесінің хатшысының қызметі?

  5. Мектептік мұражай кеңесінің мүшелерінің қызметі?

Дәріс №11

Тақырыптың атауы:Мектептік мұражай материалдары және олардың экспозициясы.

Дәрістің мақсаты:Мектептік мұражай материалдарының ақпараттық негізін таныту бағытындағы – экспозиция жұмысын ұйымдастыру іс-шараларымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Мектептік мұражай қорлары және оларды іріктеп жинақтау. 2. Мұражай заттарын есепке алу және оларды сақтау. 3. Мектептік мұражай экспозициясы.

Мектептік мұражай қорының үш түрлеріне-негізгі қорға(түпдеректер); қосалқы қорға(танымдық-көркемдік бағыттағы); айырбас қорға(басқа мұражайларға айырбасқа арналған көшірмелер) талдау жасалынып, оларды іріктеп – жинақтау тәсілдері, экспозияның тиімділігін арттыратын психологиялық, әлеуметтік, көркемдік т.б. әдістер түрлері аталады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Экспозиция дегеніміз не?

  2. Мұражай қорларын іріктеп жинақтау тәсілдері?

  3. Мұражай заттарын сақтау ережелері?

Дәріс №12

Тақырыптың атауы:Тарих сабағында өлкетанулық материалдарды қолдану шеберлігі.

Дәрістің мақсаты:Өлкетанулық бағыттағы сабаққа даярлануда оқытушыға қойылатын талаптармен таныстыру, сабақта өлкетанулық элементтерді пайдалану шеберлігін үйрету.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Мұғалімді сабаққа даярлау. 2. Өлкетану сабақтарының әдістемелік негізі. 3. Сабақ барысында өлкетану элементтерін пайдалану.

  1. Өлкетану сабақтарының ойдағыдай өтуі ең алдымен мұғалімнің дайындық дәрежесіне және оның өлке тарихын қаншалықты терең меңгергендігіне байланысты.

Мұғалімнің дайындығы өлке тарихына қатысты әдебиеттерімен танысудан басталады, бірақ одан аяқталмайды. Сонымен бірге мұражайлар мен мұрағаттарға барып өлкетану материалдарымен танысу, көпті көрген қариялармен әңгімелесу, археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен танысу, өлке топонимикасын зерттеу т.б. жұмыстар істеу қажет болады.

Өлкетанулық мәліметтер беретін деректермен жұмыс істеудің келесі бағыттарын ұсынуға болады:

  1. өлке тарихы бойынша мақалалар мен кітаптардың библиографиясын құру;

  2. өлке немесе қала тарихына қатысты монографиялармен және ғылыми-танымдық әдебиеттермен танысу;

  3. егер болса өлке тарихы бойынша оқу құралдарымен және жерлес мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарымен танысу;

  4. жергілікті өлкетану мұражайларының экспозицияларымен және қорларымен танысу;

  5. тек ағымдағы материалдардан ғана емес, сонымен бірге белгілі бір уақыт аралығында өлкенің өткенін жариялайтын, оның белгілі қоғам қайраткерлері туралы мәліметтерін беретін очерктерден тұратын жергілікті газеттердің кешендерін қарау;

  6. мұражайлардағы өлке тарихына қатысты құжаттармен танысу;

  7. көпті көрген қариялардың, оқиға куәгерлерінің ауызша әңгімелерін қағазға түсіру арқылы тарихи материалдарды жинақтау. Алайда тәжірибе көрсеткендей, естеліктер мен әңгімелер барысында берілетін мәліметтердің көпшілігінде қателіктер кездеседі және нақтылық болмайды. Мәселен, бір әңгімеші берген мәліметінде кейбір мәселенің естен шығып кетуіне байланысты кейбір маңызды фактілер аталмай қалуы мүмкін немесе фактілер араластырылып жіберлуі мүмкін, екіншісі фактіні өзі ұстанған көзқараспен немесе иемденген өзге адамның көзқарасы тұрғысанан беруі мүмкін. Сондықтан барлық мәліметерді әбден тексеруі керек. Ол үшін түрлі адамдардың естеліктерін салыстыру керек, содан соң оларды кітаптар мен баспасөз басылымдарында берілген фактілермен салыстыру қажет.

  1. Өлке тарихы Қазақстан курстың жеке немесе прблемалық тақырыбы болуы мүмкін. Бұл тақырыптар басқа курстың тақырыптары секілді өзінің танымдық және тәрбиелік құндылықтары негізінде өмір сүруге құқылы және ол курстың құрамдас бөлігі болып табылғандықтан оны оқыту белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асады: 1) жалпы курстың сұрақтары өлке тарихының сұрақтарымен сәйкес келген жағдайда. Мәселен, Батыс Қазақстан – Сталинград майданының жақын тылы.; 2) тарихи құбылыстар немесе процесс белгілі бір жергілікті жердің тарихында кеңінен ашылатын жағдайда. Мәселен, 1916 жылғы Торғайдағы, Жетісудағы көтерілістер.

  2. Қазақстан Республикасының тарихы бойынша сабақтарда өлкетану элементтерін қолданудың төмендегідей тәсілдерін анықтауға болады:

а) сабақта немесе сабақтан тыс қаралып жатқан кейбір мәселелерді түсіндіруде өлкетанулық материалдарды қосымша ретінде қолдану;

б) сабақтың негізгі мәселелерін түсіндіруде өлкелік мысалдармен нақтылау;

в) сабақтың тақырыбын немесе кейбір мәселелерді түсіндіруде өлкетану материалдарын негізгі дерек көзі ретінде қолдану.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Өлкетанулық мәліметтер беретін деректермен жұмыс істеу бағыттарын ата?

  2. Өлкелік материалдарды жинақтауға кіріскен мұғалімге керек білім мен дағдылар тобын ата?

Дәріс №13

Тақырыптың атауы:Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың негізгі формалары.

Дәрістің мақсаты:Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың оқу процесіндегі ролін анықтау, оның негізгі формаларымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Өлкені тану мақсатындағы факультативті сабақтар. 2. Тарихи-өлкетанулық үйірмелер. 3. Тарихи қоғам. 4. Экскурсия.
Мектептегі сабақтан тыс өлкетанулық жұмыстардың негізгі ерекшелігі – оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру мен одан әрі дамытуға бағытталған түрлі формалар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін жұмыстарында.

Тарихи-өлкетанулық бағытындағы сабақтан тыс жұмыстар массалық, топтық, жеке формада болады. Массалық формадағы сабақтан тыс жұмыстарға саяхат, жорық, экспедиция, кеш, олимпиада, викторина, конференция, мектептік бұрыш, мұражай, тарихи оқиғалардың куәгерлерімен кездесу, өлкетанулық ойындар, сабақтан тыс оқулар; топтық формадағы сабақтан тыс жұмыстарға үйірме, белгілі бір қоғам құру, қолжазба, журнал, жаргазет, бюллетендер шығару; жеке формадағы сабақтан тыс жұмыстарға жергілікті тарихи әдебиеттермен, деректік материалдармен, мұражайдың заттай ескерткіштерімен танысу, реферат, баяндама, естеліктер жазу, тарихи және мәдени ескерткіштерді сипаттау, зерттегелі отырған халықтың өмірі мен тұрмысын бақылау, танымдық тапсырмалар орындау, көрнекіліктер даярлау және т.б. жатады. Алайда сабақтан тыс жұмыстың бір формасы екіншісіз жүзеге аса алмайды. Мәселен, массалық жұмыстардан үйірме пайда болады, ал үйірмедегі жұмыстардың нәтижесі оқушыларға жалпымектептік кештерге, конференцияларға қатысуына мүмкіндік береді.

Тарихи-өлкетанулық үйірме. Мектептік үйірме кластық сабақтардың жалғасы емес, ол тек оқушылардың сабақтарда алатын білімдеріне негізделеді. Үйірме белгілі бір бағдарлама бойынша сабақтарды жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйірмедегі жұмыстар оқытушыға сабақтан тыс іс-шараларды өткізуге, сонымен бірге оқушылардың сабақтарды жабдықтауға көмектесуде белсенділігін артырады.. Үйірме жұмыстарының жетістігі негізінен оның жетекшісінің шеберлігіне, инициативасына тәуелді.

Тарихты оқитын оқушылардың білімін тереңдету мен кеңейту, олардың шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамыту, оқушыларды ізденіс-зерттемелі жұмысқа үйрету - өлкетану бағытындағы үйірменің негізгі міндеттері болып табылады.

Қазіргі кезде өлкетанулық үйірменің екі түрі дамуда: 1. өлкетану материалдарының барлық кешенін өз жұмысында қамтитын; 2. пән бойынша тақырыптық үйірмелер (тарихи-өлкетанулық, әдеби-тарихи т.б.). Өз кезегінде тарихи-өлкетанулық үйірмелер жұмыстарының мазмұны біршама тар көлемде болады: этнографиялық, археологиялық т.б.

Тарих мұғалімі үйірмені ұйымдастырады және ондағы ғылыми-әдістемелік басшылықты атқарады. Кез-келген үйірме жұмысында оның тақырбын таңдау мен жоспарын құруға көп көңіл бөлген жөн.

Үйірме жоспары тарихи облысты немесе жергілікті бөлек бір объектіні терең зерттеуге (мәселен, мектеп, кәсіпорын, село, қаланың тарихы) немесе нақты бір тақырыпты зерттеуге (мәселен, «Өлкедегі халыққа білім беру саласы» т.б.) бағытталады.

Тарихи-өлкетанулық үйірме жұмыстарының тақырыптарын анықтау мына мәселелерді бақылауға алған соң ғана мүмкін: 1. мектептік бағдарламаның ең күрделі тақырыбын; 2. бағдарламада көрсетілген сабақ тақырыбы барысында жалпы ашылатын мәселелерін; 3. бағдарламаға кіретін сабақ тақырыбының қарастырылмаған мәселелерін; 4. оқу бағдарламасына мүлдем кірмейтін, бірақ зерттеуді қажет ететін мәселелерін.

Оқитындардың тарихи қоғамы (клубы). Тарихи қоғам мектептегі сабақтан тыс өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастырудың ең жоғарғы формасы. Қоғамның жетекшісі, жұмыс жоспары мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі. Қоғам өлкетану және түрлі пәндердің мұғалімдері басшылығымен мектептерде құрылады және кешенді сипатта болады. Сондықтан қоғамға түрлі көзқарасты ұстанған оқушылар кіреді. Қоғам көбіне тарихшылар, географтар, геологтар, әдебиетшілер, мұражай қызметкерлері, техникалық нұсқаушылар секцияларынан тұрады.

Жылма-жыл қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында кеңес құрамы сайланады, оған – қоғам жетекшісі, кеңес төрайымы, старосталар, секция хатшылары кіреді.

Қоғам мүшелігіне кіруге деген дайындық көбінесе Ү-ҮІ класстардың оқушыларынан «Достар тобын» құрудан басталады. Мұнда олар қоғам жұмысымен танысады, жинақталған материалдарды өңдеу практикалық дағдыларын меңгереді, ал экспедиция барысында бақылаушы болады. «Достар тобында» болмағандар 2-3 ай сынақтан өтеді.

Саяхат. Бұл өлкетанулық жұмыстардың табиғи жағдайдағы жергілікті объектіні зерттеуге негізделген формасы. Мұндай саяхаттар қатарында тарихи есекрткіштерге және тарихи орындарға саяхат жасау, сонымен бірге тарихи-өндіруші саяхат кіреді. Арнайы таңдалған және оның ғылыми, идеялық-саяси құндылығы ескеріліп экспозицияға шығарылған, педагогикалық және тарихи ғылымда қабылданған кезеңдеуге бөлінген экспонаттары бар мұражайға саяхат өзгеше сипаттағы саяхат болып табылады.

Саяхаттың педагогикалық маңызы зор. Біріншіден, олар оқушыларға тарихи-өлкетанулық объектілермен, олардың табиғи жағдайында танысуға мүмкіндік береді. Екіншіден, педагогикалық қатынаста саяхат өте өнімді. Өйткені саяхатта оқытушы өткен кезеңнің оқиғасын нақты тарихи ескерткіштермен байланыстыруға, яғни оқушыларға өткен кезеңнің оқиғасы туралы біршама дәл көзқарас қалыптастыруға жағдай жасайды. Үшіншіден, саяхат оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады.

Мектептік өлкетанулық саяхат сабақтық және сабақтан тыс болып бөлінеді. Олар тақырыптық және жалпылама болып келеді. Егер сабақтық саяхат бағдарлама талаптарынан шықса және уақыты шектеулі болса, ал сабақтан тыс саяхат жағдай керісінше.

Саяхат үш басты кезеңнен тұрады: 1. оқытушы мен оқушылардың дайындығы; 2. саяхатты жүргізу және оның қорытындысын шығару; 3. оның метариалдарын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану. Саяхаттың барысының өзі екі кезеңнен тұрады: ақпараттық және жұмыстық. Ақпараттық кезеңі – бұл оқытушының, белгілі бір маманнның, мұражай қызметшісінің әңгімесі, түсіндірмесі; жұмыстық кезеңі оқушылардың зерттемелі және тіркеу жүргізетін жұмыстары (коллекцияларды жинақтау, сипаттау, бейнесуретке түсіру, өлшеу және т.б.).

Өлкетанулық саяхат бірнеше түрлерге бөлінеді: 1. кіріспе саяхат. Олар алдағы сабақта қолданылатын материалдарды зерттеуге бағытталады. Мұнадай саяхат түрі келесі сабақтарда жеке теориялық шолу мен жалпы тарихи сипаттағы қорытындылар жасауға, фактілік материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді; 2. сабақтағы материалдарды одан әрі зерттеу үшін жүргізетін саяхат; 3. жалпы тарихи материалдарға заттай және жазба ескерткіштер негізінде тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді; 4. оқулықта көрсетілген материалдарды қазіргі заман материалдарымен байланысын анықтау мақсатындағы саяхат; 5. тарихи-өндірістік саяхат. Мұндай саяхатта еңбек қатынастары, өндіріс мәселелері қаралады.

Саяхат біткен соң оқытушы оқушылардан ауызша немесе жазбаша есеп алады. Ауызша есепке сабақ барысында оқушыдан сұрақ-жауап алу, жеке әңгімелесу, оқушылардың баяндамаларын тыңдау, бағалау жатады. Жазба есепке анкета немесе шығарма түріндегі есептер жатады.

Факультативті сабақ. Факультативті сабақтар сабақтық жұмыстар категориясына жатады, бірақ сабақтан тыс жұмыстармен ортақтығы көп. Себебі онда кластық-сабақтық жұмыстармен қатар кең көлемде сабақтан тыс жұмыстар да ұйымдастырылады.

Өлке тарихы бойынша факультативті сабақты жүргізу оған деген оқытушының дайындығына, өлке тарихына деген оқушылардың қызығушылығына, факультатив сабағының қарастыратын проблемасына сәйкес, оқу базасының бірлігіне қарай жүзеге асады.

Факультативті сабақтардың басты ерекшелігі – материалдың теориялық зерттелуін тереңдетуінде, жұмыстар түрлігі мен әдістерінде. Оның негізін оқушылардың еркі мен терең қызығушылығы, олардың өз бетімен жұмыстануы құрайды.

Өлкетану бағытындағы факультативті сабақтар өздерінің мазмұны жағынан өлкетанулық материалдарға негізделген және жергілікті материалдарды, жалпы тарихи құбылыстарды түсіндіруге бағытталған факультативті сабақтар деп бөлінеді. Бірінші жағдайда факультативті сабақ оқушыларға өлке тарихы туралы жүйелі білім алуға мүмкіндлік берсе, екінші жағдайда өлкетанулық материалдар логикалық байланыстар негізінде ғана кірістіріледі.

Өлке тарихы бойынша құрылған факультативті жұмыстың зерттемелі бағыты оның жемісті қызметіне негізделеді. Сондықтан факультативті сабақта оқушылардың жекеленген жұмыстарын ұйымдастыруға үлкен мән беріледі. Мұндай сабақтар оқушылардың бойында өз бетімен білімге қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады.

Факультативті сабақтағы оқу жұмыстарының нәтижелі формасының бірі – семинар. Олар өзекті және күрделі мәселелерді сараптауға арналады. Семинар сабақтарына дайындалу барысында оқушылар жергілікті материалдарды жинақтаумен, сараптаумен, жүйелеумен, алғашқы тұжырымдар жасаумен айналысады. Біршама дайындығы жоғары оқушы рефераттар, баяндамалар, ал қалғандары жеке мәселелерді өңдейді және семинарларда қосымша баяндамашылар ретінде жауап береді.

Факультативті сабақтар өлкетану бағытындағы сабақтық және сабақтан тыс жұмыстардың түрлі формалары мен әдістерін сәтті үйлестіреді. Олар жергілікті мұрағаттарда, мұражайда, кітапханадағы практикумдар (жатықтыру сабақтары) ұйымдастыруды, сонымен бірге саяхат, кездесулер, жорықтар, экспедициялар, кештер, конференциялар және т.б. өткізуді қарастырады.

Мұрағаттағы практикум оқушыларды құжаттармен жұмыс жасау, өлкетанулық мұражайлардағы практикум оқушылардың тарихи материалдарды өңдеу, құжаттау, рәсімдеу, кітапханадағы практикум өлкетанулық каталогтармен, анықтама әдебиеттермен жасау дағдыларын қалыптастырады, өлке тарихы бойынша библиографиямен таныстырады.

Тарихи-өлкетанулық кештер. Мақсаты өнердің түрлі жолдары арқылы (көркемдік мәтінді өлеңдер оқу, ән айту, инценировка т.б.) оқушыларға тарихи оқиғалардың, фактінің, құбылыстың маңызы мен мазмұнын эмоциональды қабылдауға көмектесу.

Тарихи-өлкетанулық кешті ұйымдастыру мен өткізу белгілі бір талаптарды ескеруді қажет етеді: кеш әрқашанда білімділік-тәрбиелік мақсаттарды көздеуі керек; ол өте қызықты өтуі тиіс және мерекелік сипатта болуы керек.

Тарихи-өлкетанулық кешті өткізу үлкен ұйымдасқан жұмыстарды қажет етді: жоспар құру, баяндамаларды даярлау, кеш өтетін бөлмені безендіру, кешке шақыру билеттерін үлестіру және т.б.

Кеш баяндама мәтіні әуенмен қошталып, иллюстрациялар, кейде инценировка көрсету арқылы ашылады немесе жеткізіледі.

Тарихи-өлкетанулық олимпиада. Олимпиада – бұл өлке тарихы бойынша оқушылардың білімін тексеру мақсатындағы жарыс формасындағы сабақтан тыс жұмыс. Олар өлке тарихын зерттеудегі алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қамту мен таратуға көмектеседі.

Мектептік олимпиадалар жекеленген тақырыптармен қатар, өлкетанулық жұмыстардың кешенін де қамтиды. Олимпиадаға дайындық барысында сұрақтар ортасы, сабақтан тыс оқылған әдебиеттер көлемі, оқушылардың жауабына қойылатын талаптар анықталады. Олимпиадалар жеңімпаздары жауаптараны алған балдар арқылы анықталады.

Викторина. Оның негізгі мақсаты – оқушыны өз өлкесі туралы білімге деген қызығушылықтарын ояту, өлкетанулық әдебиеттерді, жергілікіті басылымдарды оқуға ынталандыру. Ол ауызша және жазбаша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Жауап бес балды жүйемен бағаланады.

Тарихи-өлкетанулық конференция. Конференция терең ғылыми қатынасты және қатал жүйелілікті талап етеді. Олар көбінесе үйірменің, қоғамның белгілі бір зерттемелі жұмыстарының кезеңі бойынша жүзеге асады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Факультативті сабақтың формасы?

  2. Тарихи-өлкетанулық үйірмелер формасы?

  3. Тарихи қоғам, экскурсия жұмыстарының мазмұны?

Дәріс №14

Тақырыптың атауы: Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың негізгі формалары.

Дәрістің мақсаты: Мектептердегі сабақтан тыс тарихи-өлкетанулық жұмыстардың оқу процесіндегі ролін анықтау, оның негізгі формаларымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Туристік-өлкетанулық жорықтар және саяхаттар. 2. Тарихи-өлкетанулық кештер. 3. Тарихи-өлкетанулық олимпиадалар мен викториналар. 4. Тарихи-өлкетанулық конференция.

  1. Туристік-өлкетанулық жорықтар мен саяхаттардың формасы?

  2. Тарихи-өлкетанулық олимпиадалар мен викториналардың оқу-тәрбие жұмыстарында маңызы?

  3. Тарихи-өлкетанулық конференцияның формасы?

Дәріс №15

  1. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.

Тақырыбы

Семинар сабақтарының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Өлкелік тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихы.

1.Далалық Орал өңірі ескерткіштері туралы алғаш мәлімет берушілер – П.И.Рычков, Н.П.Рычков. 2. А.Н.Харузиннің «Ішкі Орда қырғыздары» атты еңбегіндегі өлкеге қатысты мәліметтер. 3. Өлкелік тарих-мәдени ескерткіштерді зерттеуге П.С.Рыковтың қосқан үлесі. 4. Батыс Қазақстан аймағындағы мәдени ескерткіштерді зерттеуде Г.А.Кушаевтың ролі.

1

Асфендияров “Прошлое Казахстана в источниках и материалах” А., “Қазақстан” 1997ж. (179-327 беттер); Т.З.Рысбеков “Өскен өлке тарихы” Орал., 1997ж; Т.З.Рысбеков, Б.Қ.Бірімжаров, С.Б.Курманалин, Ж.Ж.Жақсығалиев “Батыс Қазақстан облысының тарихы” Орал., 2002ж; Кушаев “Этюды степного Приуралья” Орал., 1994ж. (4-5 беттер); БСЭ 4 том; 20 том.

2

Өлкенің тарихи – этнографиялық тұрғыдан зерттелуі.

1.А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз – қайсақ ордасы мен өлкесіне сипаттама» - өлке тарихына қатысты құнды тарихи-этнографиялық шығарма. 2. Мұхаммед-Салық Бабажановтың өлке тарихына қатысты зерттемелері. 3. Кіші жүз халқының шаруашылық, тұрмыс, этнографиясын танып-білуде Паллас, Георги, Фальк еңбектерінің рөлі.

2

А.И.Левшин “Описание киргиз-казачьих или киргиз кайсацских Орд и степей” А., “Санат” 1996ж.-бет; Бабажанов “Сочинение” А., “Санат” 1996ж.-144бет; Асфендияров “Прошлое Казахстана в источниках и материалах” А., “Қазақстан” 1997ж.(); М.Ізімұлының редакциялық басшылығымен “Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы” А., “Арыс” 2002 ж; БСЭ 3-том, 20 том.

3

Тәуелсіздік жағдайдағы Батыс Қазақстан облысы тарихының зерттелуі.

. Батыс Қазақстан облысының саяси, экономикалық, ұлттық-этникалық дамуын танып-білуде Т.З.Рысбеков, Б.Қ.Бірімжаров, С.Сүйінов т.б. еңбектерінің ролі. 2. Батыс Қазақстан облысының демографиялық ахуалын зерттеуде – М.Н.Сдықов, А.И.Қаржаубаеваның алатын орны. 3. Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстарының зерттелу тарихына үлес қосқан тарихшылар – И.Кенжалиев, С.Курманалин т.б.

3

Т.З.Рысбеков “Өскен өлке тарихы” Орал., 1997ж; Б.Қ.Бірімжаров “Батыс Қазақстан тарихынан XIII-XIX ғ.ғ.” Орал., 2001ж; М.Н. Сдыков Формирование население Западного Казахстана.- А., Наука, 1996.; С.Б.Курманалин “Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстарының зерттелу тарихы” Орал., 2002ж; И.Н.Кенжалиев “ Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916-20 ж.ж.)” Орал., 2000ж; Қ.Ж.Сүйіншалиев “М.Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтерілістің рухани дем берушісі” Орал-2002 ж.; Каржаубаева А.И. Роль миграционнных процессов в формировании современного населения Западного Казахстана (конец XIX – XX в.в.).- Уральск., 2003. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук.

4

Жазба деректерді қолдану әдіс-тәсілдері.

1.Жазба деректерді талдау методикасы мен принциптері. 2. Жазба деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын»

4

Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректанулық негіздері” А., 2002 ж.

5

Мерзімді басылымдар – жазба дерек көздерінің маңызды түрі.

1.Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшелігі мен маңызы. 2. Мерзімді басылымдарды сыныптау проблемасы.

5

К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж; Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректанулық негіздері” А., 2002ж. (188-198 беттер).

6

Архитектура ескерткіштері.

1.Архитектура ұғымына түсінік, архитектура ескерткіштерінің тарихшы-өлкетанушы үшін маңыздылығы. 2. Орал қаласының архитектура ескерткіштері.

6

В.Н.Ашурков, Д.В.Кацюба, Г.Н.Матюшин “Историческое краеведение” М., Просвещение” 1980ж. (53-84 беттер); Г.Н.Матюшин редакциялық басшылығымен “Историческое краеведение” М., Просвещение” 1975 ж. (72-98 беттер); Мухин Г.Л. “Лицо старого Уральска” “Оптима”, 2003.-142 бет.

7

Көркемөнер ескерткіштері - өлкелік қызметтің обьектісі ретінде.

1.Өлкені тануда көркемөнер ескерткіштерінің маңызы мен мазмұны. 2. Өлкелік көркемөнер обьектілері.

7

В.Н.Ашурков, Д.В.Кацюба, Г.Н.Матюшин “Историческое краеведение” М., Просвещение” 1980ж. (84-103 беттер); Г.Н.Матюшин “Краеведение”М., “Просвещение” 1987ж. (114-146 беттер); А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение”.1987ж. (114-122 беттер).

8

Картографиялық деректер.

1.Мазмұны мен көлеміне қарай бөлінген карталардың түрлері. 2. Өлкені зерттеуде карталарды қолдану шеберлігі.

8

А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение”1987ж.(103-107 беттер).

9

Мұражайдағы өлкетанулық материалдар.

1.Мұражай типтері мен профилі. 2. Өлкетанулық мұражайлар, олардың құрылымы. Мұражай қорлары, мұражай экспозициясы. 3. Мұражай материалдарын оқу-тәрбие сабақтарында қолдану әдіс-тәсілдері.

9

А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение”.1987ж.

10

Библиография.

Мектептік Қазақстан Республикасы тарихы курсының бір тақырыбы бойынша библиография құру.

10

А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение”1987ж.(88-93 беттер).

11

Мектептік мұражай экспозициясы

Мектептік мұражайдың бір бөлімінің экспозициясының жоспарын немесе белгілі бір обьектіні (мектеп, шағын ауданша, ауыл, қала) зерттеудің жоспарын өңдеп жасақтау.

11

К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж; А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение” 1987ж.(147-158 беттер).

12

Факультативті сабақ.

Тарихи өлкетану бойынша факультативті сабақтың жұмыс жоспарын құрастыру.

12

К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж.; Н.П.Милонова “Историческое краеведение” М., “Просвещение” 1969ж.(279-317 беттер).

13

Саяхат сабағы.

Саяхатың әдіснемелік жоспарын немесе тарихи - өлкетанулық үйірменің жұмыс жоспарын құрастыру.

13

Н.П.Милонова “Историческое краеведение” М., “Просвещение” 1969ж. (279-317 беттер); К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж.

14

Анкета, сұхбат жоспарларын құру.

Өлкеге қатысты тарихи бір оқиғаға анкета сұрақтарын құрастыру, сұхбат жоспарын жасақтау.

14

К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж; Н.П.Милонова “Историческое краеведение” М., “Просвещение” 1969ж. (279-317 беттер)

15

Өлкетанулық библиография.

1. Өлкетанулық библиографияға түсінік, оның оқу процесіндегі маңыздылығы. 2. Библиографиялық көрсеткіштермен және библиографиялық каталогтармен жұмыс.

15

К.Ф.Строев “Краеведение” М., Просвещение”1974ж; А.В.Даринскийдің редакциялық басшылығымен “Краеведение” М., “Просвещение” 1987ж.(88-93 беттер).

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет