Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 21



бет6/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,68 Mb.
#12763
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Б.Қ.О. архиві – облыстағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, жеке адамдардың т.б. құжаттық материалдары сақталатын арнайы мекеме. Ондағы құжаттық деректер ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шаруашылық қажеттілігіне т.б. пайдаланылады. 1923 жылы 15 мамырда Орал губ. Атқару комитеті архив бюросын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. 1924ж. Архивтің 53 қорында 25 мыңдай құжат сақталынды. 1932ж. ол «Орал облыстық мемлекеттік архиві» д.а., оның 627 қорында 112.029 құжат болды (1940). 1942ж. одан атырау архиві өз алдына бөлініп шықты, оның қарауына 6.219 құжаты бар 104 қор берілді. Б.Қ.О. архивінде 95988 құжаты бар 567 қор қалды. 2002ж. мәлімет бойынша архивтің 1800 қорында 600 мыңнан астам іс жинақталған. Ғылыми-анықтамалық жүйесі тізбелерінен, арнайы шолулардан, каталогтардан, қорлардың қысқаша анықтамаларынан тұрады. Б.Қ.О архиві 2002 ж. Жалпақтал ауданындағы, Сырым ауданындағы 2 филиалға және 11 аудандық архивке ғылыми-әдістемелік басшылық жасаған.




  1. 1866 жылдың 1 қаңтарында Орал қаласында «Уральские войсковое ведомости» атты апталық газет ж. көрді. Алғашқы редакторы, есаул П.Назаров болған газет алғашқы нөмірінен Ресей патшасына қызмет еткен казактарының әскери құрамаларын реформалау, олардың үлесіндегі жер-су көлемін өзара реттеу, әскери қамалдардың орталықпен почта байланысын күшейту, Жайықтан балық аулау кәсібін жетілдіру және т.б. жазып, отарлау саясатын ұстанды. Өңірде 1891ж. «Уральский листок», 1897ж. «Уралец» атты шағын газеттер шыға бастады. Дегенмен, Жайық бойындағы нағыз халықтық-демократиялық нышандағы баспасөздің тұсауы 1911 жылдың 16 наурызында «Қазақстан» газетінің жарық көруімен кесілді. Бұл газет «Дала уалаяты» газетінен (1888ж.) басталған жалпықоғамдық баспасөздің алғашқы қарлығаштарының бірі еді. Жайық бойындағы тарихи, мәдени орталықтардың бірі, кезінде Бөкей хандығының орталығы болған Ордада шыға бастаған «Қазақстан» газетінің жарық көруне – Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин (редакторы), Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев атсалысты. «Газет – біздің бастаушымыз, газет – біздің күрес қаруымыз» деген ұран – басылым өзінің алғашқы данасынан бастап-ақ бұқара халықтың сауатын ашуға, саяси-әлеуметтік жағдайын өзгертуге, ұлт және бас бостандығын беруге, дін және өнер тазалығына, қазақты құнарлы алқаптарға қоныстандыруға, егін егуге үйретуге, ауыл тұрғындары арасында медицинаның қарапайым әдістерін енгізуге, әйел теңдігін орнатуға т.б. сол заманның көкейтесті мәселелріне баса назар аударды. Саяси-қаржылық қыспаққа шыдай алмаған газет 1913ж. 18 нөмірі шыққаннан кейін жабылды.

1917ж. 17 қарашада «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен Ордада екі тілде тұңғыш кеңестік газеттің бірінші саны жарық көрді. Басылым атауы бірнеше рет өзгерді. 1963 жылдан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері болып аталынды. Сондай-ақ, қазір 12 аудандық, 2 қалалық газет, жеке басылымдар- «Надежда», «Талап» т.б. шығады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мұрағат дегеніміз не?

  2. Мұрағатта жұмыс істеуге рұқсат ететін қатынас қағазды кім береді?

  3. Мұрағатта кімнің рұқсатымен жұмыс істеуге болады?

  4. Мұрағатта жұмыс істеу ережесі неше топтан тұрады?

  5. Орал губерниясының атқару комитеті қашан архив бюросын құру жөнінде шешім қабылдады?

  6. Ол қашан Орал облыстық мемлекеттік архиві болып құрылды?

  7. Қашан одан Атырау архиві бөлініп шықты?

  8. «Уральские войсковое ведомости» атты апталық газеттің мазмұны?

  9. Ордада қашан тұңғыш кеңестік екі тілдегі «Хабар» басылымы жарық көрді?

  10. Өлкедегі нағыз халықтық – демократиялық нышандағы басылым қашан жарық көрді, басылым атауы, редакторы?


Дәріс №3

Тақырыптың атауы:Өлкені танудағы дерек көзі-ауызша халық шығармашылығы.

Дәрістің мақсаты:Ауызша халық шығармашылығының деректік негізін көрсету, жинақтау, пайдалану әдіс-тәсілдерін, ережелерін үйрету.

Тірек сөздер:Фольклор, шежіре, айтыс, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар т.б.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Өлкені танып білуде ауыз әдебиеті нұсқаларының маңызы, оны жинақтау мен жүйелеу әдіс-тәсілдері. 2. Фольклордың түрлік ерекшеліктері: шежіре, аңыз-әңгімелер, айтыс, жыр-дастандар.

  1. Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрлі тарихи дерек көздері арасында қазақ халқының өткен өмірін бейнелеу жағынан теңдесі жоқ деректер тобын құрайды. Тарихымызды қамтитын хронолгиялық шеңберінің кеңдігі, беретін мәліметтерінің молдығы, көлемінің көптігі жағынан фольклор басқа дерек көздері арасында ерекше орын алады. Фольклор ағылшынша „folk-lore”- халық даналығы, халық білімі дегенді білдіреді. Фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты. Сондықтан ол адам өмірінің барлық жақтарын бейнелейді, шаруашылығынан, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан толық мәлімет береді... халық тарихымыздағы маңызды оқиғаларды қамтып, солардың негізінде жаңа шығармалар туындап, тарихи қайраткерлер жайында әңгімелейді. Демек, фольклор халық өмірінің айнасы, оның ажырамас серігі. Сондықтан тарих пен ауыз әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы.

Ауызша халық туындыларын жинақтау әдіс-тәсілдері:

  • фольклорист-жинақтаушы үшін ең маңызды ережелердің бірі – зерттегелі отырылған аймақта халық туындыларын орындайтын қандай дарынды адамдар бар екендігін анықтау;

  • халық туындыларын орындаушылардың уақыты мен физикалық мүмкіндіктерін ескеру;

  • фольклорды орындалып жатқан кезде ғана жазу. Онда орындаушыны үзуге болмайды, оның шығармашылық шабытына кедергі келтіруге болмайды.

Ауызша халық туындыларын пайдалану әдіс-тәсілдері:

  • зерттеушілер ең алдымен халық шығармашылықтарының түрлік ерекшеліктерін, олардың пайда болуының алғышарттарын, сипатын т.б., тек сол жанрға ғана тән қасиеттерін жете білулері керек. Бұл біріншіден, зерттеушіге өз жұмысын тиімді ұйымдастырып, деректер арасынан дұрыс жол табу мақсатында фольклорлық туындыларды сыныптауға көмектессе, екіншіден, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектеседі;

  • фольклорлық туындыларды қолдану үшін зерттеуші шындықты қиялдан ажырата алуы керек, фольклорлық материалдарда хабарланатын фактілерді мүмкіндігінше тексеріп, оларды архивтік және әдебиеттік деректермен салыстыруы керек.

  1. Ауыз әдебиеті туындыларының мыңдаған жылдарға созылған пайда болу, қалыптасу және даму процесінің барысында уақыт ерекшеліктері мен қоғамдық өзгерістерге байланысты, әр алуан түрлері мен жанрлары дүниеге келді. Олар негізінен: ертегі, миф, әпсана, аңыз-әңгіме, батырлар жыры, тарихи жырлар, толғау, арнау, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, шежіре т.б. Олардың бәрінде де халық өмірінің көрінісі белгілі бір дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, қай қырынан бейнелейтіндігінде.

Халық өмірінен мол мағлұмат беретін фольклорлық мұраның бірі – шежіре. Шежірелер әр ұлттың өткен өмірі, саяси-әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі туралы сыр шертеді. Бұл жазу-сызуы болмаған халықтың жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келген, әлі ғылыми жүйеге түспеген рухани қазына.

Қазіргі таңда ел ауызынан жинақталып қағаз бетіне түсірілген шежірелер бар. Мәселен, белгілі ғалым профессор С.Е.Толыбековтың «Қазақ шежіресі» (А., «Қазақстан», 1992ж.), Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» (А., 1991ж.), Хамит Мадановтың «кіші жүз шежіресі» (А., «Атамұра», 1993ж.), Мұхамеджан Тынышпайұлының «Қазақ руларының шежіресі» (Ташкент, 1925ж.), т.б.



Аңыз-әңгімелер – фольклордың ең көне жанры, көркемдігі біршама дамыған қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және кейде бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын ауызекі әңгімелер. Мәселен, Еділ-Жайық ертегесі, Байұлы аңыздары, Нарын әпсаналары, Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінің жырлары, Еділ бойына кідік қаны тамған дала абызы – Асан қайғы ғақлиялары сияқты еліміздің батыс өңірінде өткен тарихи оқиғалардың, алмағайып кезеңдердің сөзбен зерделенген ескерткіштері.

Қазақ елінде ертеден қалыптасқан жыр жарысының түрі айтыс деп аталады. Айтысқа табан астында суырып салып айта алатын нағыз ақындар, көркем сөз шеберлері қатысады. Онда өткір әлеуметтік, қоғамдық мәселелер көтеріледі, өмірдегі келеңсіз құбылыстар, жетістік-кемшіліктер ашық айтылады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. «Folk-Lore» ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  2. Ауызша халық туындыларын жинақтауда қандай басты ережелерді ескерген жөн?

  3. Шежіре дегеніміз не?

  4. Айтыс дегеніміз не?

  5. Жыр-дастандардың түрлері?


Дәріс №4

Тақырыптың атауы:Археологиялық деректер және олардың өлкетанулық жұмыстарда қолдану.

Дәрістің мақсаты:Археологиялық барлау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу тәсілдері, анықталған олжалармен жұмыс істеу туралы мәліметтер беру, оларды оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану ережелерін үйрету.

Тірек сөздер:Археология, археологиялық барлау.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Археологиялық деректерді жинақтау әдіс-тәсілдері. 2. Өлкені тану мақсатында археологиялық материалдарды қолдану тәсілдері: ғылыми ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында.
1. Археологиялық барлаудың екі түрі бар: 1. бұрын соңды белгісіз болған жаңа ескерткіштерді ашу мақсатымен жүргізілетін ізденістер; 2. қазба объектісін таңдау мен сол қазба жұмыстарының нақты жоспарын құру үшін негізінен бұрын соңды ашылған аз ғана ескерткіштер жөнінде жан-жақты көзқарас қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін ізденістер.

Барлауға даярлық. Қазба жұмысының нәтижелері біршама толық болу үшін, оның алдында дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ескерткішті табу үшін ол жататын археологиялық мәдениеттің қасиетін тереңірек білген жөн. Әсіресе, көп табылатын олжа ретінде керамикалық және т.б. заттардың. Сонымен бірге осы мәдениет ескерткіштерінің өздеріне тән орналасу белгілерін білген жөн. Ол үшін ең алдымен зерттегелі отырылған ауданға арналған археологиялық және өлкетанулық әдебиеттермен танысу керек. Сол ауданның әр есекрткішін жеке карточкіге және картаға түсіру қажет. Бұл ауданның зерттелмеген жерлерін анықтауға және барлау маршрутын анықтауға мүмкіндік береді.

Археологиялық ескерткіштер жергілікті жермен тығыз байланысты. Сондықтан зерттеуші зерттегелі отырылған ауданның географиялық және топографиялық ерекшеліктерін білуі керек. Ол үшін ең алдымен бұрын және жаңадан пайда болған жердің физикалық өзгешеліктерін картаға түсіруі керек (мәселен, өзеннің жаңа сағаларын т.б.). Сонымен қатар археологиялық ескерткіштер орналасуы мүмкін топографиялық пункттерді де картаға түсіру керек.



Ізденіс жоспары. Бұл жоспар ізденуші отряд құрған маршрутқа сәйкес келуі керек. Көбіне мұндай маршрут өзеннің ағысына, жолдың бағытына негізделеді. Сонымен қатар жоспарда қозғалыс тәсілі (жаяу, қайықпен, не автомашинамен және т.б.) анықталады.

Маршрут ұзақтығы. Маршрут ұзақтығы мен қозғалу тәсіліне байланысты экспедиция мерзімі анықталады. Маршрут мерзімін анықтаған кезде зерттеушінің зерттеу мүмкіндігін ескерген жөн. Мәселен, жаяу жүрген бір адам бір күнде ені – 1-2 шақырым, ұзыныдғы – 10 шақырымға дейін жолды зерттей алады.

Жабдықтар. Жоспар съемкасын түсіру үшін және картада көрсететін бағытты ұстау үшін визирімен бірге Адрианов компасы; ал детальды зерттеуге буссоль Стефан және оған бекітілетін жеңіл фотоаппараттың ағаш штативі; арақашықтықты өлшейтін рулетка; милиметровка мен торкөзді дәптер; планшет, визирлі линейка; күрек; кисті, шпагат жіп, фотоаппарат, биноколь; мақта, қағаз және түрлі формадағы коробкілер т.б. керек.

Археологиялық барлаулар төмендегідей болып бөлінеді: 1. әуебарлау; 2. геофизикалық барлау; 3. фосфатты анализ.



Әуебарлау – І дүниежүзілік соғыстан бері қолданылып жүрген тәсіл, әуефотосурет пен жерді визуальды қараудан тұрады. Әуебарлау арқылы әуелі жердің қасиеті анықталады: рельеф, өсімдіктер қабаты, топырақ.

Рельефті зерттеу жер бетінің тегіс емес бөліктерінен түсетін көлеңкелерді анықтауға негізделген. Көлеңкеге қарап зерттеуші жер бетінен биік және төмен орналасқан ескерткішті анықтай алады (мәселен, қорған орнын). Өсімдіктер жамылғысының сипатын зерттеу арқылы да археологиялық ескерткішті анықтайды. Мәселен, жер қазылған болса, яғни ескерткіш орналасқан болса, онда өсімдік сирек және төмен өседі. Топырақтың түстік белгілері ескерткіштердің бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, молалар, каналдар, қалашықтар орынын.

Геофизикалық барлаудың үш түрі бар: 1. электрлі барлау; 2. магниттік барлау; 3. сейсмикалық барлау.

Электрлі барлаудың өзі екі басты бөлімнен тұрады: 1. ескерткіш орналасқан ортаның удельдік қарсылығымен электрлі қарсылықты салыстыру арқылы; 2. өзгергішті тоқты пайдаланып, олар тудырған электрмагниттік алқаптарда таралу өзгергіштігін анықтау арқылы.

Магниттік барлау арқылы магниттік қасиеті жоғары археологиялық ескерткішті анықтауға болады. Мәселен, саз пештер, қабырғалар, жолдар, сонымен қатар темір заттар.

Сейсмикалық барлау ескерткіштердің дыбыстық толқынын анықтау арқылы жүзеге асады.

Фосфатты анализ топырақ құрамындағы фосфат құрамын анықтау арқылы жүзеге асады. Қоршаған территорияға қарағанда, мәдени қабатта фосфатты қосылыс күшті болады.

2. Өлкені тану мақсатында археологиялық материалдарды ғылыми ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану төмендегідей формада жүзеге асады: 1. мектепте және жергілікті өлкетану мұражайларында кабинеттік жұмыстар – археологиялық коллекциялармен танысу; 2. экспедициялық жұмыстар, алдымен қазба жұмысына бақылаушы ретінде, кейін тікілей қатысу; 3. өз өлкеңнің өткен тарихын зерттеу мақсатында заттай деректермен жұмыстану; 4. ғылыми конференциялар мен кештер ұйымдастыру; 5. мектептік мұражай ұйымдастыру немесе заттай инвентарын толықтыру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Археологиялық барлаудың әдістерін ата?

  2. Аэрофотобарлау қалай жүзеге асады?

  3. Химиялық барлау қалай жүзеге асады?

  4. Магниттік барлау қалай жүзеге асады?

  5. Материк дегеніміз не?

  6. Ашық мәдени қабат пен жабық мәдени қабаттың айырмашылығы?

  7. Археологиялық қазба жұмысының барысын сипатта?

  8. Табылған олжаларды тазарту, суреке түсіру, есепке алу т.б. жұмыстардың барысын сипатта.

  9. Заттай ескерткіштерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары?


Дәріс №5

Тақырыптың атауы:Өлке тарихын танып білуде этнографиялық материалдардың ролі.

Дәрістің мақсаты:Студенттерді маусымдық, станционарлық т.б. далалық этнографиялық зерттеу әдістері, жинақталған этнографиялық материалдарды оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтармен қаруландыру.

Тірек сөздер:Этнография, этнографиялық далалық зерттеулер.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:1.Этнографиялық материалдардың өлкені танудағы маңыздылығы және оларды жинақтау әдістері. 2. Өлкені тану мақсатында этнографиялық материалдарды қолдану тәсілдері:ғылыми ізденістерде, оқу-тәрбие жұмыстарында.
Этнография – бұл халықты, оның тұрмысы мен мәдениетін зерттейтін тарихи ғылым (грек тілінен аударғанда «этнос» - халық, «графо» - сипаттау, жазу деген мағынаны білдіреді). Бұл ғылымды қазір этнология деп атайды. Этнология грек тілінен аударғанда «этнос» - халық, «логия» - сөз, түсінік, мағына, яғни теориялық ғылым – қандай ма болмасын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың тұжырымдалған қорытындысы, яғни түсіндіріп қорытады. Басқаша айтқанда этнография халықтардың арасынан деректерді жинаумен шектеледі де, этнология сол этнографиялық жинақтарының негізінде ғылыми еңбектер жазады.

Далалық этнографиялық зерттеулер келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Стационарлық далалық жұмыстар – аз зерттелген немесе мүлдем зерттелмеген этностар туралы әр түрлі мәліметтер жинауда қолданылады және этнограф өз зерттеуін ұзақ уақыт зерттеп отырған халықтың ортасында өмір сүре отырып жүзеге асырады. Мұндай далалық этнографиялық зерттеу жұмысы этнографқа зерттеп отырған халықты жан-жақты және нақты сипаттауға мүмкіндік береді және этнографты асығыс, әрі кездейсоқ қорытынды жасаудан сақтандырады. Мәселен, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Л.Морган ирокездер арасында бірнеше жылдар өмір сүреді, тіпті рулық ұйымдарына қабылданады. Ал, Н.Н.Маклухо-Маклай Жаңа Гвинеяда папуастар арасында бірнеше жылдар өмір сүрген.

  2. Жалпы маршруттық зерттеу жұмысы – үлкен территорияда алдын-ала жасақталған маршрут бойынша белгілі бір этносты зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Мұндай далалық зерттеу жұмысы этнографқа толыққамды, жүйелі, дәлелді және салыстырмалы материалдар жинақтауға мүмкіндік береді.

Жалпы маршруттық зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына жетуі дұрыс құрылған маршрутқа байланысты. Оны құру үшін бұрын жүргізілген зерттеу туралы әдебиеттердегі мәліметтермен танысу керек және жекеленген аудандар мен халық тобының этнографиялық зерттелу дәрежесін анықтау керек.

Экспедиция қысқамерзімді (бірнеше апта) және ұзақмерзімді (бірнеше ай) болып келеді. Экспедицияның мерзімі жұмыстың міндеті мен жұмыс жағдайына байланысты анықталады. Ал экспедиция маршруты үзіліссіз әрбір пунктке 2-3 күнге материал жинақтауға тоқтай отырып қозғалатын «линейлік» маршрутқа және базалық немесе ірі пунктте 5-7 күн, сонымен қатар ірі пунктті қоршаған кішігірім елді-мекендерге «базада» жинақталған мәліметтерді тексеру мен аша түсу үшін қысқа мерзімге тоқтай отырып қозғалатын «кустарлық» маршрутқа бөлінеді.



  1. Тақырыптық далалық зерттеу жұмысы – белгілі бір өзекті мәселені немесе этностың мәдениеті мен тұрмысының аз зерттелген жақтарын жан-жақты зерттеуге арналады. Көбіне зерттеу пункттерінде азды-көпті ұзақмерзімді аялдамалардан тұратын маршрутпен сәйкес келеді.

  2. Панельді немесе қайталамалы далалық зерттеу жұмысы – этномәдени құбылыстардың даму динамикасын немесе этноәлеуметтік өзгерістерді анықтау үшін белгілі бір уақыт интервалымен бір объектіні зерттеуге арналады.

Далалық этнографиялық зерттеу жұмыстары барысында қолданылатын зерттеу әдістерінің өздері бірнеше түрлерге бөлінеді:

  1. Барлау – зерттеуші мен зерттеу объектісі арасындағы байланысқа негізделген мәлімет жинақтау әдісі. Барлау пассивті немесе қарапайым және қосылған бақылау түрлеріне бөлінеді. Пассивті бақылау барысында этнограф оны қызықтыратын мәліметтерді қағазға түсіріп отырады, ал қосылған бақылау барысында зерттегелі отырған топтардың қызметтеріне тікелей араласады.

  2. Сұрақ-жауап (опрос) – мәлімет берушімен алдын-ала даярланған сұрақнама арқылы жеке әңгімелесу жолымен немесе анкета арқылы этнографиялық мәліметтер жинақтау әдісі.

  3. Анкетілеу әдісі. Оның екі түрі бар:

  1. өз бетімен жергілікті халық жауап беретін анкеталар:

  • прессалық (анкета мәтіні баспасөз басылымында басылса);

  • почталық (анкета жауап берушілерге почтамен жіберілсе);

  • үлестірмелі (анкета жауап берушілердің өз қолдарына үлестірілсе).

  1. далалық жұмыстар барысында этнографтар анкетаны өздері жүргізетін түрлері:

  • тақырыптық анкеталар (сұрақтар көлемі шектелмейді, бірақ жинақталған формада);

  • бланкілі анкеталар (аз сұрақтан тұратын, бірақ белгілі бір құбылыстың қаншама территорияны қамтығандығын анықтау үшін);

  • уақытша анкеталар (зерттеп жатқан облыстағы алда зерттейтін объектіні анықтау үшін).

Этнографияда басқа ғылымдарда секілді күнделікті лексиконда қолданылатын сөздердің мағынасы өзгеше талқыланады, өзгеше мағына береді. Сондықтан болашақ тарихшы-маман этнографиялық материалдарды қолданғанда терминологиядан хабары болуы керек.



Раса – ежелгі және қазіргі кезде белгілі бір территорияда мекен ететін физикалық белгілері ұқсас, яғни шығу тегі жағынан туыстас халықтардың тобын атайды. Оларды антропологтар бұрын үш расаға: европоидтық, экваторлық (негро-австролоидтық) және монғолоидтық деп бөлді. Қазір екі – шығыстық америко-азиаттық және еуро-африкандық деп бөледі.

Фрейдизм – ХІХ ғасырдың аяғы- ХХ ғасырдың басында дүние жүзіндегі ұлттарды саналы және санасыз деп бөлу теориясы. Негізін салушы австриялық психиатор Фрейд.

Этнос – шығу тегі бірдей және мәдениеті, сонымен қоса тілі ортақ адамдар тобын атайды.

Ескілік (пережиток) – жаңа қоғам және жаңа мәдени өмір үшін жат еліктеуден немесе әдетінше белгіл бір этникалық топ сақтап қалған мәдениеттің ескі сарқыншақтары.

Дәстүр – латын тілінен аударғанда «традитио» - қолдан-қолға өту, этностың өмірін қолдау мақсатында ұрпақтан ұрпаққа саналы түрде беріліп отырылатын материалдық немесе рухани мәдениеттің, әлеуметтік немесе жанұялық өмірдің құбылысы.

Экзогамия – грекше «экзо» - сырттан, тыс және «гамос» - неке деген мағына береді, сырттан неке құру, яғни бір рудан қыз алыспау.

Эндогамия – грекше «эндон» - ішкі, «гамос» - неке деген мағына білдіреді.

«Жанұялық-некелік қатынастар» - неке формасына және жанұя формасына әсер ететін дәстүрлер мен рәсімдердің кешені.

Неке – ер адам мен әйел адамның арасындағы дәстүрлі құқық бойынша немесе заңды түрдегі одақ.

Неке формасы - дәстүр рұқсат ететін немесе заң тәртібі бойынша некеге отырушылардың отыру тәртібі. Мәселен, қыз алып қашу, қалыңмал төлеу, неке қатынасын еңбекпен өтеу т.б. Атап айтсақ, Тибетте ертеде таптық кезеңде көп күйеулі болу (многомужества), Таиландта күйеуі бәйбішесінен басқа әйелдерін кез-келген уақытта сатып жібере алған, Аляскіде эскимостар айырылысқысы келсе бірнеше күн үйіне келмей қалады екен.
Этнографиялық экспедиция немесе саяхат. Оған шықпас бұрын экспедицияның мақсаты, міндеттері анықталуы тиіс. Содан соң оқытушы оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып экспедиция барысында жинақтайтын мәліметтер аясын бөліп береді. Мәселен, қыз балаларға көбінесе, ұлттық тағамдар, әшекейлер, аяқ-киімдер т.б. мәселлер төңірегінде мәліметтер жинақтау тапсырылады.

Далалық жұмыстар барысында оқушылар үшін материалдарды жинақтаудың ең оңтайлы тәсілі – сұхбаттасу жолы болып табылады. Ол үшін ең алдымен жергілікті тұрығндар арасынан информаторларды табу керек. Ең басты мәселені назардан тыс қалдырмау үшін сұхбат негізінен алдын-ала құрылған сұрақнама арқылы жүзеге асады.

Зерттеуші – оқушы бір информатордың берген мәліметтерін екіншісімен салыстыруы керек және жинақталған материалдарды түрлі құжаттарда сипаттауы тиіс. Бұл құжаттар қатарына далалық күнделік, экспедициялық күнделіктер, сызба нұсқаулар, фотосуреттер, бейне таспалар т.б. кіреді.

Далалалық күнделікте ең алдымен төмендегідей мәліметтер жазылады:



  1. жазба жүргізген аймақ – облыс, аудан, ауыл;

  2. мәлімет кімнен алынған – аты-жөні, тегі, ұлты, жасы, мамандығы;

  3. жазбаны кім жүргізді, жазба күні;

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Маусымдық этнографиялық далалық зерттеу дегеніміз не?

  2. Станционарлық далалық зерттеу әдісі дегеніміз не?

  3. Эксперимент дегеніміз не?

  4. Бақылау әдісі қалай жүзеге асады?

  5. Раса, фрейдизм, ескілік, дәстүр, экзогамия, эндогамия дегеніміз не?

  6. Этнографиялық материалдарды оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары?



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет