Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 21


Студенттердің білімдерін бағалаудың ең оңтайлы тәсілі тестілеу болып табылады. Төменде тестілеудің үлгісі көрсетіледі



бет12/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,68 Mb.
#12763
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Студенттердің білімдерін бағалаудың ең оңтайлы тәсілі тестілеу болып табылады. Төменде тестілеудің үлгісі көрсетіледі.

1. Тарихи өлкетанудың зерттеу объектісі?

а) этнографиялық деректер;

ә) археологиялық деректер;

б) өлке тарихына қатысты тарихи-мәдени ескерткіштер;

в) өлке тарихына арналған еңбектер.


2. «Ішкі Қазақ Ордасындағы аңшылық», «Қазақтың қазақ туралы жазбалары» атты мақалалардың авторы?

а) Фальк;

ә) Георги;

б) Левшин;

в) С. Бабажанов.
3. Салық Бабажанов әлі күнге дейін Санкт-Петербург Эрмитажында сақталған “Тас қатынның” мүсінін қашан тапты?

а) 1860 ж. 18 маусымда;

ә) 1860 ж. 18 наурызда;

б) 1868 ж. 18 маусымда;

в) 1861 ж. 20 ақпанда.

4. “Билеушілер мен заңдар бейнесі” деген Левшиннің мақаласы еңбектің қай бөлімінде қарастырылады?

а) географиялық;

ә) тарихи;

б) этнографиялық;

в) археологиялық.


5. Жердің магниттік өрісін өлшеу арқылы магниттік қасиеттері бар археологиялық ескерткіштерді анықтау далалық жұмысы қалай аталады?

а) геомагниттік барлау;

ә) аэрофото барлау ;

б) химиялық анализ жасау арқылы археологиялық ескерткіштерді анықтау;

в) жер қабаттарының электр өткзгіштік қасиеттері.
6. Арал-Каспий аймағында таралған дәстүрлі нышандағы көп бөлікті құлыптастарды көрсет?

а) Әулие қазырет қорымы, Қондыкер бейіті;

ә) Жәңгір хан кесенесі, С.Бабажанов кесене-бейіттері;

б) Қаратау Өмірзақұлы бейіті;

в) Қазының бейіті.
7. Е.И.Пугачев пен Устинья Кузнецова қай шіркеуде некелерін қиды?

а) Крествоздвиженский шіркеуінде;

ә) Петропавл шіркеуінде;

б) Қазан шіркеуінде;

в) Успен шіркеуінде.
8. XIX ғасырдың 80-жылдарында тұрғызылған – Орал қолөнер мектебінің орнында қазір қандай мекеме орналасқан?

а) Ж. Молдағалиев атындағы әмбебап кітапхана;

ә) Батыс Қазақстан облысының мұрағаты;

б) М.Маметова атындағы мұражай;

в) Тарихи-өлкетанулық мұражай.
9. 1837 жылы 16 маусымда тұрғызылған православты шіркеу?

а) Александр Невский соборы;

ә) Құтқарушы Христос шіркеуі;

б) Әулие Чудотворц шіркеуі;

в) Спасо-Преображенский шіркеуі.
10. Библиография дегеніміз не?

а) журнал ішілік әдебиеттерге шолу;

ә) бұрын жарық көрген және қазіргі кезде шығып жатқан әдебиеттер туралы маңызды мәлімет беретін құрал;

б) мақала ішілік әдебиеттерге шолу;

в) кітап ішілік әдебиеттер тізімі.
11. Басылымдар шығу мерзіміне сәйкес өлкетанулық бибилиография нешеге бөлінеді?

а) 4;


ә) 2;

б) 5;


в) 3.
12. Өлке тарихының түрлі мәселелері бойынша көп көлемді мәлімет беретін кітапхананың бөлімі?

а) тақырыптық бөлім;

ә) анықтамалық-библиогафиялық аппарат;

б) анықтамалық-информациялық бөлім;

в) ағымдағы библиографиялық бөлім.
13. Мерзімді басылымдардың XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында саласына қарай бөлінген тобын көрсет:

а) сыртқы белгілеріне қарай; иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарай; басылым тарихына қарай; мазмұнына қарай бөлінетін мерзімді басылымдар тобы;

ә) экономикалық; әкімшілік-саяси және заң; ағарту және мәдениет мәселелері бойынша; тарихи; әдеби көркем және театралдық-музыкалық; әскери-патриоттық; сықақ және мысқыл; діни шіркеулік баслымдар тобы;

б) ұлттық; пролетариаттық-демократиялық; либералдық-буржуазиялық; консервативтік және реакциялық; бейсаясатты бульварлық-көшелік мерзімді басылымдар;

в) мерзімділігіне қарай; территориялық белгілеріне қарай; тіліне қарай; баспасына қарай; цензураға қатынасына қарай; әлеуметтік бағытына қарай; мазмұнына қарай бөлінетін мерзімді басылымдар тобы.
14. Мерзімді басылымдардың мазмұнына қарап, ол жөнінде қандай мәліметтер білуге болады?

а) қағазы, мерзімділігі, таралымы, әлеуметтік құрамы, таралым жолдары және аймағы жөнінде;

ә) баспагер, редакция және оның ақпарат көздері, баспахана, қағаздың және басқа да шикізат көздерінің бағасы, қызметкерлердің жалақысы және мерзімді басылымның сатылу құны жөнінде мәліметтер;

б) мерзімді басылымның таптық сипаты, қарастырып отырған кезеңдегі күделікті өмірдегі негізгі мәселелері, қоғамдық-ойды көрсете білу дәрежесі жөніндегі мәліметтер;

в) қашан шықты, атынның өзгеруі, бұрын кімдердің иелігінде болғандығы, әр түрлі кезеңдегі қоғамдық өмірдегі алған орны, дәстүрі жөнінде мәліметтер.
15. Тарихи деректерді зерттеудің тарихи әдістерінің партиялық принципі?

а) автордың зерттегелі отырған оқиғаға қатынасын, мәліметтер берген информатордың оқиғаға қатынасын анықтау;

ә) тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу;

б) тарихи жазба деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп әлеуметтік талдауды негізге алу;

в) тарихи жазба деректің пайда болуы мен сақталуына әсер ететін оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу;
16. Жазба деректердегі қайшылықтарды ашудың негізгі екі жолын көрсет:

а) мәтінге логикалық талдау жасау арқылы; әр түрлі деректерді қарама-қарсы салыстыру арқылы;

ә) ақпараттың дерекке ену жағдайын анықтау; “автор позициясын” талдау;

б) деректің пайда болуы мен сақталуына әсер еткен факторларды анықтау; бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу;

в) ежелгі ескерткіштер тілін – ежелгі терминдерді үйрену; жазушының көзқарасын анықтау.
17. 1932ж. Орал облыстық мемлекеттік архивте қанша құжат сақталынды?

а) 95988 құжаты бар 567 қор ;

ә) 25 мың құжаты бар 53 қор;

б) 6219 құжаты бар 104 қор ,

в) 112 029 құжаты бар 627 қор.
18. Қазіргі кезде өлкеде қанша аудандық, қанша қалалық газеттер жарық көруде?

а) 10 аудандық, 2 қалалық;

ә) 10 аудандық, 3 қалалық;

б) 12 аудандық, 2 қалалық;

в) 12 аудандық, 3 қалалық.
19. Жетекші мұғалімнің басшылығымен Кеңес мүшелерінің барлық жұмыстарын кім ұйымдастырады ?

а) мектептік мұражайдың басты қорғаушысы;

ә) мектептік мұражай кеңесінің хатшысы;

б) мектептік мұражай кеңесінің мүшелері;

в) мектептік мұражай кеңесінің төрайымы.
20. Қандай коллекциялар ұлттық, қалалық, әскери деп топтастырылады ?

а) киім- кешектер ;

ә) аяқ киімдер;

б) әшекей бұйымдары;

в) еңбек құралдары.
21. Кластық – сабақтық жұмыстар котегориясына жататын, бірақ сабақтан тыс жұмыстарымен тығыз байланысқан тарихи - өлкетанулық бағыттағы жұмыстың формасы?

а) тарихи - өлкетанулық бағыттағы конференциялар ;

ә) тарихи - өлкетанулық үйірмелер;

б) тарихи - өлкетанулық кештер;

в) тарихи - өлкетанулық бағыттағы факультативті курстар.
22. Каталогтар мен анықтама әдебиеттерімен жұмыс жасауға үйрететін, өлке тарихи бойынша библиографиямен танысуға мүмкіндік беретін факультативті курстың формасы?

а) кітапхандағы практикум;

ә) мұражайдағы практикум;

б) мұрағаттағы практикум ;

в) семинар типіндегі сабақ.
23. Экскурсияның кезеңдерін көрсет:

а) дайындық кезеңі; нәтижелерін оқу – тәрбие жұмыстарында қолдану;

ә) жоспар құру; материалдарды даярлау; оларды оқу – тәрбие жұмыстарында қолдану кезеңдері;

б) информациялық және жұмыс жасау кезеңі;

в) жоспар құру; жұмыс жасау кезеңі.
24. «Кіші жүздегі ұлт – азаттық қозғалыстарының зерттелу тарихы» атты еңбекті жазған өлкетанушы?

а) Қ.Ж. Сүйіншалиев;

ә) И. Кенжалиев;

б) С. Б.Құрманалин;

в) Б.Қ. Бірімжаров.
25. Ақжайық өңірінен табылған ескерткіштерді алғаш белгілеу, жазып алу қай кезде жүзеге асты?

а) XVIII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін;

ә) XIX ғасырдың ортасынан 1917жылға дейін;

б) 1917жылдан 1960 жылға дейін;



в) 1960жж. аяғынан бастап 1980жж. ортасына дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет