Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет83/161
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#36748
түріСеминар
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   161
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтер мекендеген орта. 2. Ежелгі палеолит. 3. Соңғы палеолит. 4. Мезолит.
Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар:

Дәуір

Тарихи шеңбері

Ауа-райы

Еңбек құралдары

Тасты өңдеу техникасы

Шаруа
шылығы

Қоғам
дық құрылысы

Қоныс
танған жері

Археология
лық ескерткіштері

Қосымшалар

Ерте палеолит

Б.з.б. ІІ млн. 140 мың жылдар бұрын

Жылы

Чоппер (шапқы-салмақты қарабайыр кескіш), чоплинг

Жұмыр тас сынығын екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындыру арқылы; жұмыр тастың екі жағын қашау арқылы

Аңшы
лық пен терімші
лік

Алғаш
қы қауым
дық табын (тобыр)

Шығыс және Солтүстік Африка; Алдыңғы және Орта Азия; Оңтүстік, Орталық Қазақстан

Шабақты, Бөріқазға
Тәңірқазған Қазанғап, Қарасу

От жағуды үйрену

Орта палеолит

Б.з.б. 140-40 мың жылдар бұрын

Мұз басты

Тілгіштер мен кескіштер жасалды

Дөңгелек өзектасты (нуклеус) шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықшақтардан еңбек құралдарын жасау

Аңшылық пен терімші
лік

Аналық рулық қауымның алғаш
қы белгілері

Оңтүстік Қарату жотасы
нан Солтүстік Есіл өзенінің жоғарғы ағысы, Сарысу бойы

Топалы, Қызылрысбек, Арыстанды, Обалысай, Мұзбел




Кейінгі палеолит

Б.з.б. 40-12 мың жылдар бұрын

Мұз басу одан әрі жалғасты

Нуклеустен ондаған жұқа өткір тіліктер алу арқылы пышақ тіліктер жасақталды



Сынық тастың жүзіндегі артық қабыршақтарды сүйектен және мүйізден істелген құралдар
мен тазалау-ретушь түзету әдісі

Аңшылық пен терімші
лік

Аналық рулық қауым

Солтүстік Тундраға қоныс аудара бастады

Ащысай, Батпақ, Үшінші Қарабас

Сурет салу, мүсін жасау өнері

Мезолит

Б.з.б. 12-5 мың жылдар бұрын

Ауа-райы күрт өзгерді, мұздар еріді

Ең алғашқы механизм-садақ пен жебе, бумеранг, гарпун-шанышқы

Қырнап түзету, тесу, кесу

Аңшы
лық, терімші
лік, балық аулау




Европа мен Азияның Қиыр Солтүсті
гіне, Сібірден Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америка
ға дейін




Қайық ойлап тапты

АДАМЗАТТЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ

Ғылыми атауы


Өмір сүрген кезі

Табылған аймағы


1

Рампитек

Б.з.д. 14-9 млн. жылдар

Индияда

2

Австралопитек

Б.з.б. 5-2 млн жылдар

Эфиопияда

3

Питекантроп

Б.з.б. 800-500 мың жылдар

Индонезиядағы Ява аралында

4

Синантроп

Б.з.б. 500-200 мың жылдар

Қытайда Пекин маңындағы Чжо-коу-дянь үңгірінен

5

Неандерталь адамы

Б.з.б. 150-140 мың жылдар

Германияда, Өзбекстанда

6

Кроманьон адамы (саналы адам)

Б.з.б. 20-10 мың жылдар

Францияда Кро-Маньон

Еңбекке бейімі бар адам-презинджантроп деген атпен белгілі. Оның қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ол ғылымда епті адам (Homo habilis) деп аталып кеткен. Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін келесі өкілі - ғылымда тік жүретін адам (Homo erektus) деп аталады. Оның екі түрі бар-синантроп және питекантроп. Келесі даму сатысындағы адамның түрі-саналы адам (Homo sapiens).


Палеолит екі дәуірге-ежелгі дәуір және соңғы дәуірге(мустье мен соңғы палеолит арасына меже қойылады) бөлінеді. Ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі-шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) б.з.б. 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Бұл дәуірде адамдар иемденуші шаруашылық-аңдарды аулаумен және жабайы өсімдіктерді терумен айналысты. Ерте палеолитте адамдар аңдарды аулау үшін, олардан қорғану үшін тобыр болып өмір сүреді. Соңғы палеолитте адамдардың рулық қауымы қалыптасқан. Рулық қауым алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік етті, мұның өзі матриархаттық дәуір деп аталды.
Орта тас дәуірінде мезолитте табиғи жағдай өзгерді. Ауа-райы жылып, мұздар ериді. Мезолит б.з.б. 12-5 мың жылдықтарды қамтиды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді ұсақ аңдар түрлері пайда болды. Бұл кезде адамдардың алғашқы механизмі-садақ пен жебе пайда болды және олар еңбек құралдарын жасауда микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент-тәрізді ұсақ қалақтар қолданған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Алғаш рет ежелгі адамның қалдықтары қай жерден табылды?
2. Ең ежелгі адам қалай аталады?
3. “Тік жүретін” адамның неше өкілі бар?
4. Адамның алғаш еңбек құралдары қандай материалдан жасалды?
5. Ерте палеолит дәуірі қанша мың жылға созылды?
6. Орта палеолит (мустье) дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?
7. Кейінгі палеолит дәуірі қай жыл аралықтарын қамтиды?
8. Мезолит кезеңі қай жыл аралықтарын қамтиды?
9. Аналық рулық қоғамның белгілері қай дәуірде қалыптаса бастады?
10. Ең алғашқы механизм-садақ пен жебе қашан пайда болды?
11. Өнердің пайда қай дәуірге сәйкес келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет