Семиотика культуры



бет8/10
Дата12.12.2021
өлшемі3,57 Mb.
#99695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 мәдениет семиотика (1)
daris 5.1, Темы презентации, 2 мәдениет семиотика (1)

Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғымдар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін сияқты болып көрінеді. Дегенмен, олардың аражігін ашып алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы таңба ұғымының мағынасынан әлдеқайда кең әрі дерексіздеу, абстрактілі. Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелерімен қабылдаған шындық әлемінің нысанын адам өз санасында белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі сөз арқылы көз алдында ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.

  • Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғымдар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін сияқты болып көрінеді. Дегенмен, олардың аражігін ашып алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы таңба ұғымының мағынасынан әлдеқайда кең әрі дерексіздеу, абстрактілі. Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелерімен қабылдаған шындық әлемінің нысанын адам өз санасында белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі сөз арқылы көз алдында ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.
  • Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу үшін қажет әрекет нәтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба әлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып беру қызметін атқаратын құрылым және сонысымен де ол абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен салыстырғанда "жерге жақынырақ" тұрған сияқты. Осы орайда малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына әкелуі мүмкін екендігін бірнешеме әліпбилер түпнегізінде жатқан белгілерді салыстыру арқылы дәйектеген ғылыми еңбектер барлығын да айта кеткіміз келеді. Таңба интернационалдық термин "штамп" дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын ала кескіндеп алып, соны әлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне басып отыру – таңбалау қызметі. Сөз ету дегеніміз таңбалау, есім беру дегеніміз – таңбалау, атау қою дегеніміз – таңбалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет