Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет32/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Қалқанқұлақ (жалман)

Бетпақдала, Балхаштың солтүстік шығысындағы шөлейтте, Алакөл, Зайсан қазаншұңқырында таралған. 1938 ж зоолог В.А.Селевин Бетпақдаладан тапқан. Тұрқы 9 см, салмағы 30 – 35 г.



Жыртқыштар отряды



Жер шарындағы түр саны

235-ке жуық (ҚР-да 31 түр)

Тіршілік ортасы

Негізінен құрлық, кейбірі суда тіршілік етеді

Ерекшелігі

Азу тіс, сойдақ тістері жақсы жетілген, өткір.

Негізгі тұқымдастары

Аю тұқымдасы, қасқыр тұқымдасы, мысық тұқымдасы, сусар тұқымдасы, т.б.

Қасқыр тұқымдасы

Жершарында 35 түр, ҚР-да 6 түрі бар. Жемін қуып жүріп, не тасада жасырынып аулайды. Үлбірі бағалы. Өкілдері: асыранды ит, қасқыр, шибөрі, түлкі, қарсақ, қызыл қасқыр, т.б. Қызыл қасқыр ҚР-ның Қызыл Кітабына тіркелген.
Қасқырға байланысты қазақ халқының атаулары:
1.Аталығы – арлан, көкжал, бірішек, сырттан деп аталады.
2.Аналығы – құртқа, шулан деп аталады.
3.Күшігі – бөлтірік.

Аю тұқымдасы

Ірі денелі, ақ аюдан басқасы қыста ұйқыға кететін жануарлар. Өкілдері – ақ аю, қоңыр аю, гималай аюы, көзілдірікті аю, қара аю. Аюға байланысты қазақ халқының атаулары:
1.Аталығы –матай деп аталады.
2.Аналығы – кірекей деп аталады.
3.Күшігі – қонжық (1 жасар күшігі апанақ) деп аталады.

Сусар тұқымдасы

80-ге жуық түрі бар. Негізінен құрлықта – орманда тіршілік етеді. Үлбірі бағалы. Өкілдері – аққалақ, сукәмшат, күзен, құну, балқы (итаю), сусар, бұлғын, ақкіс, борсық (тек борсық қысқы ұйқыға кетеді), т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет