Үсенбекова А. Е кестелі биология


Биология ғылымының негізгі салалары



бет2/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Биология ғылымының негізгі салалары



Вирусология

Вирустарды зерттейтін ғылым

Физиология

Ағзалардың тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым

Лихенология

Қыналарды зерттейді

Ботаника

Өсімдіктерді зерттейтін ғылым

Зоология

Жануарларды зерттейтін ғылым

Анатомия

Ағзалардың құрылысын зерттейтін ғылым

Микробиология

Микроағзалар туралы ғылым

Микология

Саңырауқұлақтар туралы ғылым

Этология

Жануарлардың мінез-құлығын зерттейтін ғылым

Генетика

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді

Селекция

Тірі ағзалардың жаңа тұқымын, іріктемесін шығарумен айналысатын ғылым

Палеонтология

Өліп біткен тірі ағзалардың қазба қалдықтарын зерттейді

Зоология ғылымының салалары



Протозоология

Қарапайым ағзаларды зерттейтін ғылым

Гельминтология

Паразит құрттарды зерттейтін ғылым

Арахнология

Өрмекшілерді зерттейді

Акарология

Кенелерді зерттейтін ғылым

Мирмекология

Құмырысқаларды зерттейтін ғылым

Лепидонтерология

Көбелектерді зерттейтін ғылым

Энтомология

Бунақденелілер туралы ғылым

Ихтиология

Балықтар туралы ғылым

Герпетология

Қосмекенділер мен жорғалаушыларда зерттейтін ғылым

Орнитология

Құстарды зерттейтін ғылым

Териология

Сүтқоректілер туралы ғылым

Палеозология

Қазынды жануарларды зерттейді



І БӨЛІМ
Жануарларды жіктеу

Жүйелеу – ғаламшарда юойылып кеткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жануарларды ерекшеліктері бойынша топтастыруды жіктеу деп аталады.


Жануарларды жүйелеудің негізін қалаушы швед ғалымы К.Линней. Ол латын тілінде қосарлы атаутізім ұсынды, яғни түрге 2 атау берді.


Қазіргі кездегі жануарларды жүйелеу деңгейлері



Түр

Жүйелеудің негізгі өлшем бірлігі

Туыс

Түрлерді біріктіреді

Тұқымдас

Ең жақын туысты біріктіреді

Отряд

Ең жақын тұқымдастарды біріктіреді

Класс

Ең жақын отрядтарды біріктіреді

Тип

Ұқсас кластарды біріктіреді

Жануарлар дүниесі

Барлық типтерді біріктіреді

Жануарлардың ерекшеліктері бойынша топтастыру



Жасуша құрылысы бойынша жануарлар топтары

Біржасушалы және көп жасушалы



Жәндіктер өкілдері

1.Қарапайымдар
2.Ішекқуыстылар
3.Құрттар
4.Ұлулар
5.Тікентерілілер
6.Шаянтәрізділер
7.Өрмекшітәрізділер
8.Бунақденелілер

Жануарлар(омыртқалылар) өкілдері

1.Балықтар
2.Қосмекенділер
3.Жорғалаушылар
4.Құстар
5.Сүтқоректілер



Зоология ғылымының дамуына үлес қосқан тұлғалар



Гиппократ (б.з.б.460-370жж)

Жануарларды тіршілік ортасына байланысты жіктеді

Аристотель(б.з.б.384-322жж)

Жануарлар түрін суреттеп жазды, дельфиндердің балыққа емес сүтқоректілерге жататынын анықтады.

К.Линней (1707-1778 жж)

Тірі ағзаларды жүйеледі. Қосарлы атау ұсынды.

А.Левенгук(1632-1723жж)

Қарапайымдарды ашты, оларды зерттеп жазды.

М.Мальпигий

Көптеген омыртқасыздарды ашып сипаттап жазды, жеке мүшелерін зерттеді.,

Ж.Б.Ламарк(1744-1829жж)

Жануарлар мен өсімдіктер дамуының эволюциялық концепциясын жасады.

М.Қашғари

Қазақстан жануарлары туралы жазба деректер қалдырды

Ш.Уалиханов

Республикада жануарлар дүниесін ғылыми тұрғыда зерттеу экспедициясына зор үлес қосты

П.С.Паллас

Елімізде мекендейтін құстар мен аңның 45 түріне сипаттама берді

Э.А.Эверсман

Республикамыздағы құстардың 8 түріне сипаттама беріп, жүйеледі.

Н.А.Северцов

Түркістан жануарларын зерттеді



Г.В.Никольский

Балхаш қазаншұңқырындағы омыртқалыла туралы алғаш ғылыми деректер жариялады

Л.С.Берг

ХХ ғ басында Арал теңізі мен Балхаш көлінің балықтарын зерттеді

Н.А.Зарудный

Республика құстары фаунасын зерттеді

П.П.Сушкин

Республика құстары фаунасын зерттеді

К.И.Скрябин

Оңтүстік Қазақстанда кейбір үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеді



Х.Д.Досмухамедов

1922ж тұңғыш ана тілімізде «Жануартану» оқулығын жазды

А.Ы.Жандеркин, т.б.

Қазақтың арқар-меринос қойын, ешкінің жүндес қолтұқымын шығарды

Б.М.Мусин

Қазақтың ақбас сиырын шығарды

Д.И.Ивановский

1892 ж вирустарды ашты. Ол темекі жапырағындағы теңбіл дақтарды зерттеу кезінде вирустардан болатынын анықтады.

М.В.Бейерник

«Вирус» терминін енгізді

Л.Пастер

1870-1880 жж ауру туғызатын ұсақ ағзалардың бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

А.Левенгук

1683 ж бактерияларда ашты.

Жануарлардың көптүрлілігі мен жер бетіндегі түр саны



Бунақденелілер

1 000 000 түр

Жәндіктер

232 000 түр

Біржасушалылар

70 000 түр

Балықтар

20 000 түр

Қосмекенділер

6 000 түр

Жорғалаушылар

9 400 түр

Құстар

8 600 түр

Сүтқоректілер

4 000 түр

Қарапайымдар типі



Жер шарындағы түр саны

70 000 – ға жуық түр

Дене құрылысы

Бір жасушалы ағзалар. Бір не екі ядролы, цитоплазмасы, вакуолі, мембранасы бар. Кейбірінде талшығы, кірпікшелері, көзшесі болады.

Негізгі тип тармақтары

1.Саркодиналар немесе тамыраяқтылар (амебалар) тип тармағы,
2.Талшықтылар (жасыл эвглена) тип тармағы,
3.Инфузориялар немесе кірпікшелілер тип тармағы (кірпікшелі кебісше).


Саркодиналар немесе тамыраяқтылар (жалғанаяқтылар) класы
Кәдімгі амеба

Тіршілік ортасы

су

Дене құрылысы

Пішіні тұрақсыз, бір жасушалы. Тұрқы 0,5 мм.

Жасуша құрылысы

Мембрана (плазмолемма), цитоплазма, ядро.

Ерекшелігі

Қолайсыз жағдайда циста (грекше «кистис» - қаптама) түзеді.

Тыныс алуы

Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.

Зәр шығаруы

Жиырылғыш вакуоль арқылы, денесінің кез келген жерінен шығарылады

Қоректенуі

Бактериялар және ұсақ балдырлар. Қорегін жалғанаяқтарымен қоршайды, вакуоль пайда болып, қорегін ерітіп, денесіне сіңіреді.

Көбеюі

Жыныссыз, екіге бөліну арқылы


Талшықтылар класы

Жер шарындағы түр саны

7 000-нан аса түр

Тіршілік ортасы

Теңіз, тұщы су, кейбірі паразит.

Дене құрылысы

Денесін пелликула қаптайтындықтан пішіні тұрақты, сопақша, цилиндр тәрізді. Бір жасушалы, 1 немесе көп талшықтары болады.

Қозғалу мүшесі

Талшық, денесінің алдыңғы жағында орналасқан.

Қорегі

Ыдыраған, шіріген өсімдік пен жануар қалдықтары, кейбірі паразит.

Көбеюі

Жыныссыз, екіге бөліну арқылы.

Өкілдері

1.Өсімдіктекті талшықтылар – хламидомонада, эвглена, домаланғы, т.б.
2.Түншырақ, лямблия, трипонасома, бодо, лейшмания, опалина, талшықты амеба, т.б.


Жасыл эвглена

Жер шарындағы түр саны

900-ге жуық түрі бар



Тіршілік ортасы

Тұщы су қоймалары

Дене құрылысы

Тұрқы – 0,05 мм, бір жасушалы. Пішіні сүйір жапырақ тәрізді.
Денесінің алды доғал, артқы жағы сүйір. Қабықшасы тығыз, дене пішінін сақтайды, цитоплазма, ядро, қызыл көзше, хлоропласттары және қозғалыс жасайтын 1 талшығы бар.



Қоректенуі

1.Жарықта: 20 – дан аса хлоропласттары бар, жарықта фотосинтез жүргізеді. 2.
2.Қараңғыда судағы шіріген қалдықтан түзілген органикалық заттарды денесімен сіңіреді.

Тыныс алуы

Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.

Зәр шығаруы

Зиянды заттары денесінің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады.

Сезім мүшесі

Қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді. Ол талшығының түбінде орналасқан.

Көбеюі

Ұзынынан тік екіге бөліну арқылы көбейеді.

Қолайсыз жағдайда

Циста түзеді


Талшықтылардың көптүрлілігі

1.Лейшмания

Тұрқы 2-4 мкм. Адам мен жануарда тері ауруын тудыратын паразит.

2.Лямблия

Тұрқы 15 мк. Екі ядросы, 4 жұп талшығы болады.

3.Трипаносома

Тұрқы 15-30 мк. Қан плазмасының паразиті. Ұйқы ауруының қоздырғышы. Түйеде суауру, жылқыда қараталақ ауруының қоздырғышы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет