Үсенбекова А. Е кестелі биология


Сүлікті емдік мақсатта қолдану



бет7/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
annotation169249

Сүлікті емдік мақсатта қолдану



  1. Вена бітелгенде,

  2. Жүрек бұлшықеті жансызданғанда,

  3. Миға қан құйылғанда, т.б.






Көпқылтанды құрттар класы



Жер шарындағы түр саны

7000-нан аса түр.

Тіршілік ортасы

Теңіз түбі (көпшілігі).

Дене құрылысы

Денесі екіжақты симметриялы, буылтықты, қылтандары көп құрттар. Тұрқы 2 мм – 3 м.

Өкілдері

Нереида, құмқазар, т.б.


Нереида

Тіршілік ортасы

Теңіз түбіндегі тұнба.

Дене құрылысы

Денесі созылыңқы, буылтықты, қылтандары шоқтанып орналасқан. Түсі жасыл. Тұрқы 7 см – 90 см. Денесі 3 бөлікті: бас, тұлға, аналь бөлігі. Жабыны - 1 қабатты эпителий, оның сыртында сіріқабық (кутикула).

Бұлшықеті

Тері-бұлшықет қапшығы екі қабатты: 1.сақиналы бұлшықет. 2.бірыңғай салалы бұлшықет.

Дене қуысы

Сұйықтыққа толы. Буылтық сайын пердемен бөлінген.

Қоректенуі

Жұтқыншағын шығаруп, жәнтікті қармап, қайта жұтады.

Ас қорыту жүйесі

Ауыз→ жұтқыншақ→ алдыңғы ішек→, ортаңғы ішек, → соңғы ішек→, аналь тесігі

Тыныс алу жүйесі

Желбезек және тері

Қан айналымы

Тұйық. Арқа және құрсақ қантамырлары.

Зәр шығару жүйесі

Әр буылтықта орналасқан

Жүйке жүйесі

Жұтқыншақ маңы 2 жұп жүйке түйіні сақинамен байланысқан (жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты) және құрсақ жүйке тізбекшесі.

Сезім мүшелері

Көру сезімі және сипап сезімі – денесінде, қармалауыштарында, мұртшаларыда бар. Кейбірінде тепе-теңдік сезімі бар. Иіс сезімі жоқ.

Көбеюі

Көбінесе дара жынысты.

VБөлім
Ұлулар типі


Жер шарындағы түр саны

130 000 түр

Тіршілік ортасы

Теңіздер, тоған, кейбірі құрлықта тіршілік етеді.

Дене құрылысы

Денесі жұмсақ, үш қабатты, екі жақты симметриялы көп жасушалы омыртқасыз жәндіктер.
Денесі бас, тұлға, аяқ, бақалшақ және бақалшақ қалдығынан тұрады.
Тұлғасында - шапанша (мантия) түзілген. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы бар.
Бақалшағы шапаншаның үстіңгі бетінен пайда болған.



Бақалшақтарының құрылысы



Бақалшақтарының құрылысы үш түрлі:
1.Тақташа (сауытты ұлулар),
2.Екі жақтаулы (қосжақтаулылар),
3.Имек, оралма, түтік, қақпақша (бауыраяқтылар).



Қозғалу мүшесі

«Аяқ»

Ас қорыту жүйесі

Ауыз→ үккі (тісшелер)→ тіл→ жұтқыншақ→ қарын→ ортаңғы ішек→ соңғы ішек → аналь тесігі. Бауыр өзегі қарынға ашылады. Қосжақтаулыларда үккісі, жұтқыншағы жойылған.
Бауыр алғаш пайда болған.

Қан айналым жүйесі

Ашық жүйе.
Жүрегі:
1.Бауыраяқтыларда 2 бөлікті. 2.Қосжақтаулыларда 3 бөлікті. Қаны түссіз, басаяқтылар қаны көгілдір түсті.

Тыныс алу жүйесі

1.Құрлық ұлуларында өкпе.
2.Суда тіршілік ететін ұлуларда шапанша астындағы желбезек.



Зәр шығару жүйесі

Бір не екі бүйректен және несепағардан тұрады.

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері

Жүйкесі жүйке түйіндерінен тұрады. Басаяқты ұлуларда жүйке талшықтары жинақталып «ми» түзілген.
Көздері арқылы көре алады.

Көбеюі

Қосжақтаулылар және басаяқтылар дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Жұмыртқа салады. Қосжыныстылар өзін өзі ұрықтандыра алмайды. Ұрықтануға өзге дарағы қатысып, айқаспалы жолмен ұрықтанады. Дернәсіл дамуының екі типі бар – тура даму және түрленіп даму.

Негізгі кластары

1.Бауыраяқтылар класы(түйіртек, жұмырлақ, тоспа ұлу, қошқармүйіз, жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш, т.б.).
2.Қосжақтаулылар класы (айқұлақ, кемеқұрт, мидия, устрица,т.б.).
3.Басаяқтылар класы(сегізаяқ, кальмар, каракатица,т.б.).


Бауыраяқты ұлулар класы


Тоспаұлу



Тіршілік ортасы

Суы тұщы тоғандар

Дене құрылысы

Тұрқы 70 мм. Денесі – бас, тұлға, аяқ. Бақалшағы 4-5 бұратылып, үшкірленіп бітеді. 2 қармалауышы бар. Бақалшақтың аузынан аяғы байқалады. Тұлғасын шапанша қаптап жатады.

Ас қорыту жүйесі

Ауыз→жұтқыншақ→өңеш→ қарын →ішек→ аналь тесігі. Бауыр сөлі асқазанға бөлінеді. Жұтқыншағында үккісі болады.

Тыныс алу мүшесі

Өкпе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет