Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет3/41
Дата23.01.2023
өлшемі222,29 Kb.
#166153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
annotation169249

4.Түншырақ

Теңізде тіршілік етеді, түнде жарықпен нұрландырады.

5.Бодо

Лас тұщы суда тіршілік етеді, қалдықпен қоректеніп, суды тазартада.

7.Талшықты амеба

Тұщы суда кездеседі, 1 талшығы бар.


Кірпікшелілер класы

Жер шарындағы түр саны

1100-ден аса түр.

Тіршілік ортасы

Тұщы су, тұзды су, топырақта кездеседі. Кейбірі паразит.

Дене құрылысы

Тұрқы 10 мкм – 3 мм, бір жасушалы, денесін кірпікшелер қаптайды. Бір кіші, бір үлкен ядросы бар.

Қозғалу мүшесі

Кірпікшелері арқылы қозғалады. Кейбірі отырықшы.

Үлкен ядросының қызметі

Қоректену, тынысалу, зат алмасу, қозғалу

Кіші ядросының қызметі

Жыныстық жолмен көбеюін жүзеге асырады

Көбеюі

Жынысты және жыныссыз. Жынысты көбею – жанасу арқылы іске асады.

Түрлері

Кірпікшелі кебісше, кіреукелі кірпікше, мөрже, валантидий, опалина, сувойка, т.б.


Кірпікшелі кебісше

Тіршілік ортасы

Тоған, тоқтау суда, батпақ суында кездеседі.

Дене құрылысы

Тұрқы - 0,2мм. Бір жасушалы, денесін 10-15000 кірпікше қаптайды. Пішіні кебіс ізіне ұқсас. Алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір.



Жасуша құрылысы

Қабықша, цитоплазма, үлкен және кіші ядро, жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі, қылаулатқыш, ауыз тесігі, кірпікшелер.
Үлкен ядро – қоректену, тынысалу, қозғалу, зат алмасу қызметтерін атқарады.
Кіші ядро жыныстық жолмен көбеюіне қатысады.

Қоректенуі

Ауыз ойысы, жұтқыншақ, ас қорыту вакуолі. Қалдығы қылаулатқыш арқылы шығарылады. Қорегі бактериялар.

Тынысалуы

Оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.

Зәр шығаруы

Жиырылғыш вакуолдерімен зәр шығарады.

Тітіркенгіштігі

Кірпікшелері химиялық әсерді сезеді. Жарықты сезетін орнайы органелласы жоқ

Көбеюі

Екіге бөліну арқылы

Циста түзуі

Қолайсыз кезде циста түзеді.


ІІІ Бөлім
Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы
Ішекқуыстылар типі

Жер шарындағы түр саны

9 000 –ға жуық түрі бар.

Тіршілік ортасы

Мұхитта, теңізде, кейбір түрі тұщы суларда тіршілік етеді.

Дене құрылысы

Денесі екі қабатты, 1 қуысты:
Сыртқы қабат – эктодерма, жабын және қозғалыс қызметін атқарады.
Ішкі қабат – энтодерма, негізінен асқорыту қызметін атқарады.



Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі - шашыраңқы орналасқан, ең алғаш жүйке торы байқалды.

Негізгі кластары:



1.Гидратәріздестер класы (гидроидтар).
2.Табақшатәріздестер класы (сцифоидтар).
3.Көпқармалауышты класы, маржандар (полиптер).


Тұщы су гидрасы

Тіршілік ортасы

Оттегіге бай тұщы су

Дене құрылысы

Ауыз айналаасында 5-8 қармалауышы бар, сәулелі симметриялы, денесі эктодерма және энтодермадан тұратын, 1 ішек тәрізді қуысы бар ағза. Табанымен бекінеді.
Эктодермасында орналасқан: бұлшықет, атпа, жүйке, безді, аралас жасушалар және жыныс жасушалары.
Энтодермасында орналасқан: асқорыту, бұлшықет және безді жасушалаы.
Ұлпа түрлері – алғаш пайда болған жабын, жүйке, ас қорыту ұлпасы. Денесіндегі аралық жасушаларының зақымданған жерін қалпына келтіретін регенерациялық қабілеті бар.

Қозғалуы

Адымдап және тоңқаңдап қозғалады.



Қоректенуі

Жыртқыш ағза. Қармалауыштарында жемтігін жансыздандыратын улы сұйықтықты атпа жасушалары бар. Асы ішек қуысында қорытылып, қалдығы ауызы арқылы сыртқа шығарылады.

Қорегі

Ұсақ шаянтәріздестер, балықтың кішкене шабақтары.

Тыныс алуы

Арнаулы тыныс алу мүшесі жоқ. Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіріп тыныс алады.

Зәр шығаруы

Арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ, бүкіл денесі арқылы эәр шығарады.

Жүйке жасушалары

Тері - бұлшықетінің астында орналасқан, жүйке торын түзеді.

Көбеюі

Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді:
1.Жыныссыз көбею, бүршіктену: жазда денесінен томпақ өсіп, созылып, қармалауыштар пайда болып, үзіліп түсіп, жас гидраға айналады
2.Жынысты көбеюі. Күзде эктодермасында ауызына тақау - сперматозоидтар, табанына тақау - жұмыртқа жасуша пайда болады, ұрықтану суда жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа су түбінде сақталып, көктемде бөлініп жас гидраларға айналады


Сцифоидтар (табақшатәрізділер) класы

Тіршілік ортасы

Мұхит пен теңіздер

Дене құрылысы

Пішіні қолшатыр тәрізді. Аузы күмбездің астында болады. Ауыз айналасында атпа жасушалы көп қармалауыштары бар. Жүйке және бұлшықет ұлпасы бар.

Сезім мүшесі

Жарық пен иісті сезеді

Қоректенуі

Жемтігін аузына салып, ішекқуысында қорытып, қалдығын ауызы арқылы шығарады.

Өкілдері

Айқышты медуза, цианея, құлақты медуза(аурелия), түбірауыз медуза,т.б.


Көпқармалауышты маржандар (полиптер) класы

Тіршілік ортасы

Теңіздер

Дене құрылысы (қызыл маржан)

Жартасты нәрсеге бекініп, қуыстармен жалғасқан бұтақтар түзеді, ұшында аппақ 8 қармалауыштары болады. Қаңқалары әктеніп шоғыр түзеді.

Қоректенуі

Қармалауыштарындағы атпа жасушаларымен ұсақ жәндіктерді жансыздандырып, қоректенеді

Маржанды жартас – риф түзуі

Тропиктік теңіздердегі полиптердің әктенген қаңқаларының үйіндісінен риф түзіледі. Рифтің 3 түрі бар:1.Тосқауыл риф. 2.Жағалық риф. 3. Шеңберлі риф – атолл.

Өкілдері

Қызыл маржан, теңіз қауырсыны, актиния,т.б.


IV Бөлім
Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типі
Жалпақ құрттар


Жер шарындағы түр саны

15 000 түр

Тіршілік ортасы

Мұхит, теңіздердер, тұщы су.

Дене құрылысы

Жабыны эпителий ұлпасы. Денесі жалпақ, екі жақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы, кейбірін кірпікшелер қаптаған жәндіктер.
Денесін тері бұлшықетті қапшық қаптайды, үш қабатты - эктодерма, мезодерма, энтодерма. Денесінде қуыс болмайды.
Паразиттік тіршілік ететіндерінің жабыны – сіріқабық.

Тіршілік әрекеті

Басым бөлігі паразиттер

Жүйке жүйесі

Басында жүйке түйіні, денесін бойлай, аралар ы көлденең байланысқан 2 жүйке бағаны созылған.

Зәр шығару жүйесі

Алғаш пайда болған.

Қанайналым жүйесі

жоқ

Тынысалу жүйесі

Бүкіл денесімен тыныс алады.

Асқортыту жүйесі

Екі бөліктен құралған: 1 бөлік – жұтқыншақ. 2 бөлік – ішектің ортаңғы бөлігі. Артқы ішек және аналь тесігі жоқ.

Көбею ерекшелігі

Қос жынысты (гермафродит).

Негізгі кластары

1.Кірпікшелі құрттар. 2.Сорғыш құрттар. 3.Таспа құрттар. 4.Жалпақ құрттар.


Кірпікшелі құрттар класы

Жер бетіндегі түр саны

3000-ға жуық

Тіршілік ортасы

Су түбінде, тропиктік орманда топырақта, кейбірі паразиттер.

Ерекшелігі

Денесін кірпікшелер қаптаған

.
Ақ сұлама

Тіршілік ортасы, қозғалуы

Су, кірпікшелерімен еркін қозғалады.

Дене құрылысы

Тұрқы 15-25 см. ақ түсті, екі жақты симметриялы, денесін кірпікшелер қаптаған құрт. Денесі үш қабаттан түрады: 1.сыртқы - эктодерма, 2.ортаңғы - мезодерма, 3.ішкі - энтодерма. Дене қуысы жоқ, борпылдақ жасушалар – паренхимаға толы.

Ұлпалары

Төрт түрлі ұлпасы бар - жабын, дәнекер, бұлшықет және жүйке.

Бұлшықеті

1.Сақиналы бұлшықет – сыртқы қимыл. 2. Қиғаш бұлшықет – аралық қабат қимылы. 3.Бірыңғай салалы бұлшықет – ішкі қимыл.

Мүшелер жүйесі

Асқорыту, тынысалу, зәршығару, жүйке, қантамыр және жыныс жүйелері.

Ас қорыту жүйесі

Ауыз→ жұтқыншақ →тұйық ішек.

Қоректенуі

Ұсақ су жәндіктерін жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарып тұтас жұтады. Қалдық заты ішегі тұйық болғандықтан ауызы арқылы шығарылады.

Тыныс алу жүйесі

Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіріп, көмірқышқыл газды бүкіл денесі арқылы шығарады.

Қан айналым жүйесі

Арнайы қаны және қанайналым мүшесі жоқ.

Зәр шығару жүйесі

Зәрді бүкіл денесінде тармақталған, нәзік өзекшелері арқылы шығады.

Жүйке жүйесі

Бас жағында жинақталған жүйке түйіні және денесінің екі жағын бойлай созылған екі жүйке бағаны
Екі баған көлденең жүйкелермен байланысады.

Сезім мүшелері

1.Сипап сезу мүшесі құлақ тәрізді екі өскін. 2.Тепе-теңдік сезімі. 3.Екі қара көздерімен жарықты сезеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет